|
Жылыой ауданы
Жем ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы және 2-тармағына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2024 жылғы 15 қыркүйекке Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 15 қыркүйегіне тағайындалған Жылыой ауданы Жем ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төрағаның орынбасары
|
А. Ашыгалиева
|
|
|
|
|
Хатшы
|
Г. Станова
|
Құлсары қаласы
07.08.2024 ж.
№3