Әлеуметтік қызметтер Порталы!
Aleumet порталының қолданушылары!
Порталдағы қызметтерді алу барысында қиындық туындаған жағдайда немесе қандайда бір сұрақтарыңыз болса, 1414 нөміріне хабарласу арқылы бірыңғай байланыс орталығынан ақпараттық-консультациялық қызмет ала аласыздар.
Өздеріңізге белгілі, 2020 жылдан бастап мүгедектігі бар жандарға оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жасақталған оңалтудың техникалық құралдарын алу үшін "Әлеуметтік қызметтер Порталы" aleumet.egov.kz іске қосылған болатын.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады.
2023 жылы бөлімге мүгедектігі бар жандардан 2231 өтініш түскен, оның ішінде: электрондық үкімет e-gov - 380, проактив-290, мемлекеттік корпорация -1526 және "Е-собес" АЖ- 35.
2023 жылы санаторлы-курорттық қызмет бойынша 918 өтініш түсіп, оның 615 орындалған; міндетті гигиеналық құралдары бойынша 809 өтініш түсіп, 655 орындалған; тифлоқұралдары бойынша 230 өтініш түсіп, 223 орындалған; сурдо құралдары бойынша 50 өтініш түсіп, 23 орындалған;
протез-ортопедиялық бұйымдар бойынша 344, 264-і орындалған;
жүріп-тұру құралы бойынша 70 өтініштің, 56-і орындалған;
ымдау тілі маманы бойынша 30 өтініш түсіп, түгел орындалған;
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектің жеке көмекші қызметіне 144 өтініш түсіп түгел орындалған.
2023 жылы "Әлеуметтік қызметтер Порталын" 2000 астам мүгедектігі бар жан пайдаланды. Яғни, Портал арқылы 30 адам ымдау тілі маман қызметін, 144 адам жеке көмекші қызметін, 615 адам санаторлық-курорттық қызметін, 1221 адам оңалтудың техникалық (көмекші) құралдарын алған.
Портал - мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және өнім берушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын растау арқылы жүзеге асырылады.