Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі бойынша 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы Ақпарат

Жылыой ауданы жұмыспен қамту  және әлеуметтік  бөлімі бойынша 2023 жылы көрсетілген  мемлекеттік  қызметтер туралы

Ақпарат

                                                     

«Жылыой  ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдараламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесі  Жылыой ауданы Құлсары қаласы Х.Хабдешев №47 ғимаратында орналасқан. Телефон: 8 -7122-48407,35450.

Жылыой ауданы  жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі  бойынша   15  түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

1) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы.

2) «Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы

3) «Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы

4) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығы

5) «Есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығы

6) «Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығы

7) «Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығы.

8) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы  № 197 бұйрығы.

9) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы  № 197 бұйрығы.

2023 жылы  мүгедектігі бар жандарға 2236 мемлекеттік  қызмет көрсетілген, оның 382-і  электрондық үкімет, 290-ы проактив, 1526-ы мемлекеттік  корпорация  және  38-і «Е-собес» АЖ-мен қабылданған.

 

1) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227бұйрығы

2) «Мүгедекттігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»; Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығы

3) «Тұрғын үй көмегін тағайындау»;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысы

2023 жылы әлеуметтік көмек  бойынша  309 өтініш түскен,  оның 302-і «Әлеуметтік  көмек» ақпараттық жүйесі  және 7 проактив арқылы  түскен. 

 

1)«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру»;

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №227 бұйрығы  

2)«Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;  Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №227 бұйрығы

3)«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»;

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №227 бұйрығы

2023 жылы жұмыссыздық  бойынша  16595 өтініш түскен,  оның 11371-і  электрондық үкімет, 5224-і «Еңбек» нарықтық - ақпараттық жүйесі   арқылы  қабылданған.

Сонымен қатар,  мемлекеттік қызмет көрсету  сапасын  арттыру  мақсатында  мемлекеттік  корпорация қызметкерлерімен  бірігіп   6 - дөңгелек үстелдер ұйымдастырылған,  12 - мақала жергілікті  бұқаралық ақпарат  құралдарына  және 20 - дан астам хабарламалар бөлімнің  әлеуметтік  желілеріне  жарияланған.

Бұдан  бөлек, бөлім  ғимаратында  тұрғындарға  ыңғайлы  болуы  үшін «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.  Қызмет алушыларға  бір қызметкер бөлініп, көмектесіп отырады.

2023 жылы қамту  бұрышында  779 мүмкіндігі  шектеулі жан қызмет алған.

Бөлім ғимаратында мүгедектігі бар жандарға «қолжетімді орта» қалыптастырылған, яғни, кіре-берісте пандус, шақыру тетігі, тактильді  жолақтар, мүгедектігі бар жандарға арналған автокөлік  тұрағы және әжетхана  бөлмесі бар.

Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі бойынша 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы Ақпарат
Дата публикации
21 июня 2024