АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, Жылыой АУДАНЫ, «Қара Арна АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2023 ЖЫЛ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетУ ТУРАЛЫ Ақпарат
«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Ботай Нұрмағанбетов көшесі №374 үй тел:871237/226345/; /26045/ орналасқан.
«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны– 5, нақты жұмыс істейтіндер саны – 5.
Оның ішінде: ауыл әкімі -1 бірлік; бас маман -4 бірлік.
«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері атқарып отырған лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келеді, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің кестесіне сәйкес, барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарын уақытылы, мерзімінде өтіп отырады.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 17. Өтініштердің басым бөлігі жер мәселелеріне қатысты.
Өтініштер уақытылы қаралып, заң бойынша қанағаттандырылуда. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 57 шешім, 69 өкім қабылданды.
Округ әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.
«Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры арқылы жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына сәйкес көрсетілетін Жер учаскесінің өзгертуге рұқсат беру; Сауда-саттықты(конкурстарды,аукциондарды) өткізуді нысаналы мақсатын талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; Елді мекендер шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру; Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату; Жер учаскесін алу үшін кезекке қою бес мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Оның ішінде жыл бойы 7 өтініш қабылданып, 4 өтініш қанағантандырылып, 3 өтінішке түсінік берілді.
Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 924 қызмет атқарылды. Оның ішінде: электрондық цифрлық қолтаңба алу- 320, соттылығы жоқ туралы анықтама-73, БЖЗҚ анықтама- 24, наркологиялық ұйымнан анықтама -42, психоневрологиялық ұйымнан анықтама-42, жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама -7.
Аудандық «Кең Жылой» 2023 жылдың 10 қаңтар №2 (8050) «Анықтаманы оп-оңай аласыз»; 7 ақпан №6 (8054) «Мүгедек жандарға мүмкіндік», «Смартфон арқылы анықтама ала аласыз» және «Құлсары» 2023 жылдың 25 мамыр №11 (973) «Электрондық үкімет»; 10 тамыз №16 (978) «Ауылдық округтегі цифрландыру»; 2 қараша №22 (984) «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы арқылы тақырыптарында газеттеріне мақалалар жарияланды.
«Электрондық үкімет» веб-порталынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін түсіндіру тақырыбында әлеуметтік желіге (qara_arna_akimi_apparaty) бейнероликтер жарияланды.