Құлсары қаласы город Кульсары
Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы №8-1 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жылыой ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;»;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;»;
9 тармақтағы «уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың» деген сөздер «Мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен ауыстырылсын.
6-тармақтың 1) тармақшасындағы «бір рет» деген сөздер «ай сайын» деген сөздермен ауыстырылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |