Жылыой аудандық мәслихатының
депутаты Б.К. Садақбаевтың өкілеттігін
мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп
соғатын негіздің туындағаны туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы №148 Заңының 20-бабының 3-тармағы 8) тармақшасына, 4-тармағына және №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жылыой аудандық мәслихатының депутаты Б.К.Садақбаевтың өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы 2024 жылғы 7 ақпанындағы жеке өтінішіне сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жылыой аудандық мәслихатының депутаты Садакбаев Болат Кулбаевичтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғатын негіз туындады деп белгіленсін.
2.№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жылыой аудандық мәслихатының депутаты Садакбаев Болат Кулбаевичтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Жылыой аудандық мәслихатына жолданылсын.
Жылыой аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы З.Т. Калмуханова
Жылыой аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Г.К. Станова
№2 шешім
07.02.2024 жыл