2023 ЖЫЛЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРIН КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Жергiлiктi атқарушы органдар ҚР Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №983 Қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң реестрiне сәйкес мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетедi. Қызмет көрсету облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар, кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер әкiмдiктерi деңгейiнде жүзеге асырылады.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша 34799 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
3.Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -3639;
Барынша сұранысқа ие қызмет көрсетулер: «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»-7547; «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу»-6157 қызмет көрсетiлген.
Аудан бойынша 2023 жылы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң жоғары көлемi «Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемелерi арқылы көрсетiлдi.
Жылыой ауданы бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын жақсарту мақсатында 2023 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша iс-шаралар жоспарлары әзiрлендi және бекiтiлдi.
Жылыой ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №28 н/қ «2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардық сақталуы бойынша бақылау іс-шаралары жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелерге тексеріс жүргізілді.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуде 1 мерзімнен кешіктіру фактісі тіркелді, нақтырақ аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен, қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
2023 жылы «Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн сақтау» және «Мемлекеттiк қызмет көрсетуге арыздану» өлшемдерi бойынша көрсеткiштердi жақсарту жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi.
Жоспарларға сәйкес 2023 жылы келесi iс-шаралар өткiзiлдi:
2023 жылға арналған мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзудiң кестесiне сәйкес жұмыс тобы ХҚКО-мен бiрлесе отырып, қала, кент және ауылдық округтерде түсiндiру жұмысын жүргiздi және консультативтiк көмек көрсеттi.
Сол сияқты қала, кент және ауылдық округ әкiмi аппараттары мемлекеттiк қызмет көрсетудi жақсарту және ведомствоға бағынышты бөлiмшелердегi iшкi бақылау бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзедi.
Тоқсан сайын аудан әкiмдiгiнiң отырыстарында аудан әкiмiнiң төрағалығымен және бiрiншi басшылардың қатысуымен мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы жөнiнде мәселе қарастырылады.
Аудан әкімі аппаратымен ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру және бірыңғай есепті сапасыз жүргізу фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік органдардың мониторингі жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен дайындалған «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» атты брошюралар қоғамдық көліктерге ілінді және 550 данасы халыққа таратылды.
2023 жылда аудандық «Кең Жылой», «Құлсары» газеттерінде 35 мақалалар және 8 хабарландыру жарық көрді, әлеуметтік желі арқылы 16 мақала, 23 хабарлама, 12 мақала интернет ресурсқа, 182 рет бейне роликтер жарияланды. Сонымен қатар, аудандық ХҚКО өз тарапынан аудандық бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы аудан тұрғындарына әр көрсетiлетiн қызмет жөнiнде материалдар жариялап тұрады.
Жылыой ауданының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша 2023 жыл ішінде арыз шағымдар түскен жоқ.
Жылыой ауданы аумағында ХҚКО-ның 1 бөлiмi жұмыс iстейдi. Сол сияқты бiр ұтқыр топ ұйымдастырылып, олар шалғайда орналасқан бiр ауылдық округте қызмет көрсетедi. Аудан аумағында «Ұтқыр ХҚКО» жұмысын ұйымдастыру үшiн 1 автомашина жұмыс iстейдi.
«Ұтқыр ХҚКО» жұмысын жетiлдiру мақсатында аудан әкiмiнiң өкiмiмен аудан әкiмiнiң орынбасары жауапты болып тағайындалды.
2023 жыл басында қала, кент және ауылдық округ әкімдерімен «Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңкелер өткізу жөніндегі бірлескен іс-шара жоспары» бекітіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 12 (он екі) мәрте жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсететін дербес бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары және Жылыой аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты. Жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға «электрондық цифрлық қолтаңба» және электронды нысанда мемлекеттік қызмет алудың ерекшеліктері туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
2023 жылдың қазан айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша халыққа кеңес беру мақсатында Жылыой ауданы әкімдігімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Жылыой ауданының бөлімімен бірлесіп «Ашық есік» күні өткізілді.
Аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілімен кент, ауылдық округ әкімі аппараттарына барып, ондағы мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп жиналыс өткізілді. Казақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөнінде, кент, ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар сол жиналыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша да айтып өтті.
Аудандағы мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттарында қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасалған. Олар ақпараттық стендтермен, күту орындарымен, пандустармен жабдықталған, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайлары қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен ұсынылған қызмет алушыларды мемлекеттік қызметті алудың процедураларымен ақпараттандыру үшін жасалған инфографика қала, кент, ауылдық округтер әкімі аппараттары және дербес бөлімдердің ғимараттарында ілінді.
Ауданымызда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы ету үшін халыққа қызмет көрсету ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Бұрыштар қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының және «Ашық әкімдік» ғимараттарында орналасқан. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау барысында жасалған бұрыштарда интернет желісі орнатылған және арнайы компьютерлік техникалармен қамтылған.
Жергілікті атқарушы органдармен сала бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде портал арқылы алудың тәсілдерін үйрететін бейне роликтерді смартфон арқылы түсіріліп және әлеуметтік желілерде (Фейсбук, Инстаграм, Ватсап) жарияланды.
«Цифрлық Агент» мобильдік қосымшасы туралы видеоролик мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдерінде, аудан әкімдігінің парақшаларында және кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Facebook, Instargram әлеуметтік желілерінде 72 рет жарияланды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын насихаттау бойынша 72 рет түсіндірме жұмыстары, 72 рет «Ашық диалог»-алаңында онлайн нысанда жүргізіліп жатырған сауалнамаға қатысу жөніндегі сілтеме туралы видеоролик әлеуметтік желіге жүктелді, 4 жиналыс, 7-дөңгелек үстел, 1-онлайн семинар, 1-«Ашық есік күні», 25-хабарландыру, «Ашық әкімдік» кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдермен 119 мәрте тұрғын қабылдап, жалпы 800 адам мемлекеттік қызметпен қамтылды. «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдері туралы кент, ауылдық округ тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстары әрі қарай жүргізілуде.
2023 жылы өткізілген 10 (он) қоғамдық кеңестің отырыстарында мемлекеттік көрсететін қызметтер бойынша дербес бөлімдердің бір мәрте мәліметтері тындалды.
2023 жылы Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті және ауылдық округерде өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы барлығы 6989 қызмет көрсетілді. Оның ішінде электрондық санды қолтаңбалар алғандардың саны 2413, электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны 4576.
Газеттердiң беттерiнде e.gov.kz порталы арқылы қызмет көрсетудiң әртүрлi түрлерiн алу мүмкiндiгi туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жариялануда.
Мемлекеттiк органдардың жеке және заңды тұлғаларды қолжетiмдi және сапалы мемлекеттiк қызмет түрлерiмен, соның iшiнде электронды форматта одан әрi қамтамасыз етуi мақсатында: Қала, кент және ауылдық округ әкiмдерiне, дербес бөлiмдерге:
Аудан әкiмi аппаратының ұйымдастыру және
мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау бөлiмі