Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

                                        мен тәртібін айқындау туралы     

 

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы, 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес, Жылыой аудандық мәслихаты                 ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
  2. 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

шешіміне 1-қосымша

 

 

Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

 

  1. Тұрғын үй көмегі Жылыой ауданының жергілікті бюджеті қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Жылыой ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5(бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

  1. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган немесе көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
  2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін жергілікті уәкілетті орган «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес айқындалған тәртіппен есептейді.
  3. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.
  4. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі №295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

Аз қамтылған отбасы (азамат) мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті органға "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды және аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпарттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

Уәкілеті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымша 18-тармағында қарастырылған тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

  1. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді.
  2. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
  3. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы ай сайын тағайындалған айдан кейінгі айдың 10-на дейін жүзеге асырады.
  4. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегінің сомалары алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылыой ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
08 февраля 2024