Бүкіләлемдік сайлау күні

  1. 1.Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы ақпан айындағы «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік билікті қалыптастырудағы сайлаудың рөлі мен маңызын анықтау мақсатында Құлсары қаласы «Білім-Инновация» лицейінің  оқушыларымен «Сайлау-жастар ісі!», «Қазақстан Республикасының сайлау құрылымы және жүйесі»  тақырыбында  кездесу өткізді. 9 сынып оқушысы Байдаулетов Айбек өз ойымен бөлісті. Кездесуге лицей директорының орынбасары Ж.Казекенова, қазақ тілі пәні мұғалімі Е.Кумаров қатынасты.

     

    1. «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай  №9 орта білім беретін мектептің 9 «ж» сынып жетекшісі, №259 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы С.Станова  оқушылардың - болашақ сайлаушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында,мектепішілік «Азат» пікірсайыс клубы мүшелерімен бірігіп «Жастар және сайлау құқығы» атты дебатынөткізді. Оқушылар тәрбие сағаты соңында алдағы жылдары Қазақстанның тағдырын шешетін, барлық азаматтар сайлаушылар, азаматтық жауапкершіліктеболатынын түсінді.

     

    1. «Дүниежүзілік сайлау күніне» орай Ақкиізтоғай ауылдық  кітапханасында көрме ұйымдастырылды.

     

    1. Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен 2024 жылдың 1 ақпаны күні Атырау облысы бойынша атап өтілді. Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген бейімділікті қалыптастыру.

     

              Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласында белсене қатысқан,осы салада қосқан үлесі үшін мерекеге орай, аудандық мәслихат төрағасы  Қ.Мыңбаев  учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін  алғыс хатпен марапаттап, жылы лебізін білдірді. 

     

    1. Аудандық «Кең Жылыой» газетінде Дүниежүзілік сайлау күні тақырыбында Жылыой аудандық АСК төрағасы З.Калмуханованың сұхбаты жарияланды.
Бүкіләлемдік сайлау күні
Дата публикации
30 января 2024