Мен – кәсіпорын директорымын. Келесі жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін оқыдым. Осы туралы толығырақ ақпарат бере аласыз ба?

Мен – кәсіпорын директорымын. Келесі жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін оқыдым. Осы туралы толығырақ ақпарат бере аласыз ба?  

 

2023 жылғы 1 шілдеде күшіне енген ҚР Әлеуметтік кодексінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу мәселелерін реттейтін нормалар қамтылған.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ міндеттері жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен және 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған қызметкерлер үшін ғана жүзеге асырылатын ЖМЗЖ есебін жүргізумен толықтырылады. ЖМЗЖ шамасы әр қызметкердің ай сайынғы табысынан есептеледі: 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5% мөлшерінде ұсталып, 2028 жылы 5% мөлшеріне жеткенге дейін жыл сайын ұлғайып отырады.

Әлеуметтік кодекске сәйкес, ЖМЗЖ-ны жұмыс берушілер барлық жұмысшылар үшін емес, тек 1975 жылы және одан кейін туғандар үшін төлейді. Сондықтан ЖМЗЖ есебінен төлемдерді 2038 жылы ғана зейнетке шығатын қызметкерлер ала бастайды.

            ЖМЗЖ шамасы қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысынан белгіленеді:

  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;
  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде.

Қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

ЖМЗЖ-ны кезең-кезеңімен енгізу, оларды тек 1975 жылы туған жұмыскерлер үшін төлеу, сондай-ақ, оларды салық салынатын кірістен шегерімдерге жатқызу жұмыс берушіге жүктемені жеңілдету үшін көзделген.

            ЖМЗЖ-ны жұмыс берушілер (салық агенттері ретінде) БЖЗҚ-ға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ЖМЗЖ аударылатын қызметкер - жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, төлейді.

 

Мен – кәсіпорын директорымын. Келесі жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілетінін оқыдым. Осы туралы толығырақ ақпарат бере аласыз ба?
Дата публикации
08 января 2024