2023 жылғы 10 желтоқсанда Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлау нәтижелерін белгіледі:
Қосшағыл ауылдық сайлау округі бойынша
Қосшағыл ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2504 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1282. Жарамсыз бюллетеньдер саны 13, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны 24.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
С.К.Доскалиев 385
Ж.Б.Еркінов 617
Д.Б.Нурмуханова 243
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып Еркінов Жанғазы Берікұлы, 1997 жылы туған, Қосшағыл ауылдық округінің әкімі, Құлсары қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы