Жылыой ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 10 желтоқсанына тағайындалған Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
БАСПА-РЕЛИЗІ
20 қараша 2023 жыл Жылыой ауданы
Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылғы 19 қарашасында сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі бойынша 2023 жылғы 19 қарашасындағы жағдай бойынша Қосшағыл ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды және тіркелді.
Тіркеу қорытындысы бойынша Қосшағыл ауылдық округі әкіміне 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібінде тіркелді және 1 кандидат "АМАNАТ" саяси партиясынан ұсынылды.
Тіркелген үміткерлердің ішінде Қосшағыл ауылдық округі әкіміне 2 ер адам және 1 әйел адам
Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та жарияланды және сайлау комиссияларының atyrau.gov.kz интернет ресурсында орналастырылды
Барлық іс-шаралар сайлау туралы Конституциялық заңға және Күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 5-11-99