«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеуді бекіту туралы» №2 ХАТТАМАСЫ

«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеуді бекіту туралы»

№2 ХАТТАМАСЫ

                                                                                         

Құлсары қаласы                                                                                      «  » _______ 2023 жыл

 

Күн тәртібінде:

«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеуді бекіту туралы.» 

 

 

Қатысқандар:     

 

Шәкіров Әнуар Играшинұлы

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары

   

Баселов Саян Жумабекович

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы

Лян Игорь Вильорвич

Құлсары қаласы әкімінің орынбасары

Шымырбай Ербол

Жылыой ауданы әкімі аппарат басшысының м.а

Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлы

Жылыой аудандық мәслихат төрғасы;

Сарт Бауыржан Жанафияұлы

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы; хатшы

Сағындықов Рақымжан

Қала тұрғыны

А.Сахабиев

«Эко ҚалаXXI»ЖШС-і директоры

Батырбай Гүлназ

Қала тұрғыны

Сенғалиева Қарлығаш

Қала тұрғыны

Дүйсенғалиев Қанатбек

Қала тұрғыны

Құрманова Фариза

Қала тұрғыны

Ізбасарова Қарлығаш

Қала тұрғыны

Асқар Сембайұлы

Қала тұрғыны

Абдірахманов Бауыржан

Қала тұрғыны

 

Сөз сөйлеуші С.Баселов: Жаңа экология кодексінің 365 бап, 4 тармағы, 7 тармақшасына сәйкес  аудандық жергілікті атқарушы органы – «Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мелекеттік мекемесі  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеп, әзірлеу мақсатында «EcoCentre-Consulting» жауапершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты.«EcoCentre-Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Эко Қала XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, шарт талаптарына сәйкес халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеп, ұсынады.Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес жүргізілді. Көрсетілетін қызметтердің толық өзіндік құны қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму бойынша жұмыстарды орындауға, сондай-ақ жалпы пайдалану шығыстарына және пайдаланудан тыс шығыстарға жұмсалатын сома ретінде айқындалады.

Ә.Шәкіров: Қазіргі таңда тұрғын үйлерден шығарылатын қалдықтарды алу мәселесі аудан бойынша өзекті мәселелердің бірі. Ұсынылған тариф бағасы аудан аумағындағы шекті баға болып табылады. Яғни жайлы үйлерге бір тұрғынға айына 346 теңге және жайлы емес үйге 536 теңге дегеніміз аталған бағадан жоғары баға қолданылмайды деген мағынаны білдіреді. Мердігер мекеме тарапынан келісім шартқа отыру кезінде жеңілдікдер қарастырылуы мүмкін. Аталған ақпарат бойынша мердігер мекеме қарауына жатқызылады. Келісім шартта көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда ақысын толық көлемде емес, жартылай төлеуге құқығыңыз бар. Себебі келісім шартта келісім алушы болып енгізілген себепті, қызмет беруші жұмыстарын көңілілің толмаған жағдайда немесе қызмет беруші орындамаған жағдайда бас тартуға құқығыңыз бар.

Сөз сөйлеуші И.Лян: Құрметті аудан тұрғындары қазіргі  таңда аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар жинау әкету кәдеге жарату қызметтерімен айналысып отырған мердігер мекеме «ЭКО ҚАЛА XXI»ЖШС-і болып табылады. Қазіргі таңда мердігер мекеме өз қаражатынан ұйымдастырылуда. Қазіргі қолданыстағы тариф 2016 жылы бекітілген. Соңғы 7 жылда Республика көлемінде экономикаға сәйкес көптеген қызмет түрлері қымбаттауда. Атап айтқанда мердігер мекеме тарапынан жанар жағармай және арнайы техникаға салынатын қосалқы бөлшектері және тағы да басқа қызмет түрлері бағалар өсті. Сол себепті мердігер мекеме қазіргі таңда шығынға ұшырауда. Қала көркі бұзылмауына бірге ат салысқанымыз жөн.

Сөз сөйлеуші Ф.Курманова: Тариф бағасын өсірген жағдайда мердігер мекеме тарапынан жұмыстың сапасын арттыру мақсатында қандайда бір жұмыстар атқарылама? Қазіргі уақытта «ЭКО Қала XXI» ЖШС-і жұмысына тұрғындар тарапынан шағым көп түсуде. Осы орайда, қандай да бір ұсыныстар мен шағымдар бойынша жұмыстар атқарылама?

Ә.Шәкіров: Қазіргі таңда мердігер мекемеге талап қою жұмыстары қиыншылыққа әкеп соғуда. Себебі нарықтағы шығындар есебі мекемеге кері әсерін тудыруда. Тариф бағасын өсіру арқылы мердігер мекеме қызметкерлерінің жалақысын көтеру және келісім шартта көзделген талаптардың орындалу мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін болады.

Б.Абдірахманов: Аталған бағытта 17 жыл тәжірбиеде жұмыстар атқардым. Тұрғындармен келісім шартқа отыру кезінде тұрғындар тарапынан отбасы мүшелерін азайтып көрсету көптеп орын алады. Осыған сәйкес халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) анықтама алып келіп тапсырып содан кейін ғана келісім шартқа отырса қызмет беруші тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін. Нақтырақ айтқанда көп балалы отбасы, жетім балалар, әлеуметтік осал топ, аз қамтылған отбасыларға қандай да бір жеңілдіктер қарастырып беруге болады.

Ә.Шәкіров: Егерде аудан аумағындағы шекті бағаны бекітетін болсақ, қазіргі жұмыс жасап жатырған мекемеге бәсекелестік пайда болады. Осыған сәйкес қызмет түрлерінің сапасын арттыруға мүмкіншіліктер болады. Қазіргі таңда қызмет беру түрімен бір ғана мекеме айналысып отыр және мекеме шығынға ұшырауда.

Қ.Дюсенғалиев: Қатты тұрмыстық қалдықтарды субсидиялау бойынша депутаттар тарапынан қандай да бір ұсыныстар түстіма? Мәслихат төрағасы Қ.Мыңбаев мырза осы қатты тұрмыстық қалдықтар жобасы бойынша ұсыныстар жолдасаңыз, қазіргі таңда жұмыссыздық аудан көлемінде көптеп орын алуда, көрсетілген баға кейбір тұрғындарға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Қ.Мыңбаев: Қайырлы күн аудан тұрғындары! Тариф өсіру жұмыстары аясында кезекті мәслихат сессиясына  жергілікті атқарушы органдар ұсынатын болады. Сол кезде нақты ұсыныстар жолдау жұмыстары жүргізілетін болады.

Қ.Ізбасарова: Қосшағыл ауылдық округі тұрғындар атынан келіп отырмын тыңдалымға. Айта кететін мәселе Қосшағыл ауылдық округінің қызмет көрсету сапасы нашар. Айлық төлем рәсімдерін кешіктірмей уақытылы түрде төлеп отырсақта апта сайын қоқыс алу рәсімдері жүргізілмейді. Келісім шартқа сәйкес жұмыстар төменгі деңгейде атқарылуда. Қызметтің сапасын арттыратын шаралар қолданылуы тиіс деп ойлаймын.

А.Сахаби: Қазіргі таңда Қосшағыл ауылдық округіне қызмет көрсететін бекітілген 1 арнайы техника бар және күнделікті  жұмыстар атқарылуда. Қызмет сапасын арттыру мақсатында қосымша техникалар түрін қарастыратын боламыз.

С.Баселов: Құрметті аудан тұрғындары қала көркі үшін және экологияға кері әсер тигізбей үшін қалдықтар уақытылы түрде алынуы тиіс. Алайда мердігер мекеме шығынға ұшырауына байланысты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмеуде. Осыған орай шекті бағаны жайлы үйлерге 346 теңге, жайсыз үйлерге 536 теңгемен бекітілгені жөн.

Қоғамдық тыңдалым өткізілді деп танығандар саны :8

Қоғамдық тыңдалым өткізілмеді деп танығандар саны:0

 

Қоғамдық тыңдалым

Төрағасы                                                                                  Ә.Шәкіров______________

 

Қоғамдық тыңдалым хатшысы:                                      С.Баселов________________

 

«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеуді бекіту туралы» №2 ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
06 ноября 2023