«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»
№2 ХАТТАМАСЫ
Майкөмген ауылдық округі « » _______ 2023 жыл
Күн тәртібінде:
«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеуді туралы.»
Қатысқандар:
|
Баселов Саян Жумабекович |
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы; |
|
Сауытов Нұржарық Сагинович |
Майкөмген ауылдық округі әкімі; |
|
Тілепиев Абылай |
«Эко Қала»ЖШС-і директорының орынбасары; |
|
Сарт Бауыржан Жанафияұлы |
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі инспекторы; |
|
Акенов Мүтайыр |
Ауыл тұрғыны |
|
Ақдаулетов Серік |
Ауыл тұрғыны |
|
Нуркасимова Жанар |
Ауыл тұрғыны |
Сөз сөйлеуші С.Баселов: Жаңа экология кодексінің 365 бап, 4 тармағы, 7 тармақшасына сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органы – «Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мелекеттік мекемесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеп, әзірлеу мақсатында «EcoCentre-Consulting» жауапершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты.«EcoCentre-Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Эко Қала XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, шарт талаптарына сәйкес халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеп, ұсынады.Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес жүргізілді. Көрсетілетін қызметтердің толық өзіндік құны қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму бойынша жұмыстарды орындауға, сондай-ақ жалпы пайдалану шығыстарына және пайдаланудан тыс шығыстарға жұмсалатын сома ретінде айқындалады. Аталған заң шеңберінде жүргізілген есептеулерге сәйкес қорытынды баға жайлы үйлерге 1 айға 346 теңге және жайлы емес үйлерге бір тұрғынға 536 теңгеге бағаланып отыр.
Н.Сауытов: Құрметті ауыл тұрғындары соңғы тариф 2016 жылы Жылыой ауданы мәслихатымен бекітілген болатын. Сол уақытта жайлы емес үйлерге адам басына 220 теңге болып бекітілді. Алайда қазіргі таңда тазалықпен айналысатын мекемеге нарықтық бағамен шығынын өтемей, мекеме шығынға ұшырауда. Әріптесім айтып өткендей 536 теңге дегеніміз шекті баға болып табылады. Кезекті сессия отырысына ұсынылады және депутаттар тарапынан талқыға түсетін болады. Яғни «Эко Қала»ЖШС-і сіздермен келісім шартқа отыру барысында көрсетілген бағадан жоғарғы баға ұсына алмайды және аталған кәсіппен айналысам деп шешім қабылдаған кәсіпкерлерге көптеген мүмкіндіктер береді. Себебі бәсекелестік пайда болған жерде жұмыстардың сапасы да жақсаратын болады. Сондықтан құрметті ауыл тұрғындары тариф көтеру мәселесін құптағанымыз жөн болып табылады.
Сөз сөйлеуші А.Тілепиев: Құрметті аудан тұрғындары қазіргі таңда аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар жинау әкету кәдеге жарату қызметтерімен айналысып отырған мердігер мекеме «ЭКО ҚАЛА XXI»ЖШС-і директорының орынбасары болып табыламын Қазіргі таңда мекемемен келісім шартқа отырған 178 тұрғын үй бар. Олардан ай сайын 223 960 теңге қаражат түсуде. Аталған қаражат қазіргі таңда мекемеде қызмет атқаратын 3 жұмыскердің айлығына жетпейді. Өздерінізге мәлім жанар жағармай отынының қымбаттауы және салықтық салынымдар, жұмысшылардың жалақысы және тағы да басқа қызмет түрлерін қоса алғанда мекемеге кері әсерін тигізуде. Сондықтан мекемеге Майкөмген ауылдық округімен жұмыс жасаған тиімсіз болып отыр. Егерде мекеме жұмыстарын тоқтатқан жағдайда, ауылда қоқыс көлемі артып, ауыл келбетіне кері әсерін тигізетін болады.
Сөз сөйлеуші М.Акенов: Тариф бағасын өсірген жағдайда мердігер мекеме тарапынан жұмыстың сапасын арттыру мақсатында қандайда бір жұмыстар атқарылама? Аталған қызмет түрін үкімет тарапынан субсидиялау мәселелерін қозғауға ұсыныс білдірсеңіздер.
С.Баселов: Қазіргі таңда мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияға аталған қызмет түрі енгізілмеген. Тариф бағасын бекіткен жағдайда, мердігер мекемеге бәскелестік пайда болады және қосымша жұмысшылар мен арнайы техникалар санын арттыруға қосымша мүмкіншіліктер пайда болады.
Қоғамдық тыңдалым
Төрағасы С.Баселов______________
Қоғамдық тыңдалым хатшысы: Б.Сарт________________