«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеуді бекіту туралы»
№2 ХАТТАМАСЫ
Қосшағыл ауылдық округі « » ________ 2023 жыл
Күн тәртібінде:
«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеуді бекіту туралы.»
Қатысқандар:
|
Баселов Саян Жумабекович |
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы |
|
Нұрмаханова Дариға |
Қошағыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы: |
|
Тілепиев Абылай |
«Эко Қала»ЖШС-і директорының орынбасары; |
|
Сарт Бауыржан Жанафияұлы |
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі инспекторы; |
|
Ізбасарова Қарлығаш
|
Ауыл тұрғыны |
|
Ақдаулетов Серік |
Ауыл тұрғыны |
|
Нуркасимова Жанар |
Ауыл тұрғыны |
|
Ғ.Шанен |
Ауыл тұрғыны |
|
Ж.Каракулов |
Ауыл тұрғыны |
|
А.Дамлұханов |
Ауыл тұрғыны |
Сөз сөйлеуші С.Баселов: Құрметі ауыл тұрғындары Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып қызмет атқарамын. Бүгінгі күн тәтібінде қатты Жылыой ауданы аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф бағасын бекіту болып табылады. Жаңа экология кодексінің 365 бап, 4 тармағы, 7 тармақшасына сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органы – «Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мелекеттік мекемесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеп, әзірлеу мақсатында «EcoCentre-Consulting» жауапершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты.«EcoCentre-Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Эко Қала XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, шарт талаптарына сәйкес халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеп, ұсынады.Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес жүргізілді. Көрсетілетін қызметтердің толық өзіндік құны қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму бойынша жұмыстарды орындауға, сондай-ақ жалпы пайдалану шығыстарына және пайдаланудан тыс шығыстарға жұмсалатын сома ретінде айқындалады. Аталған заң шеңберінде жүргізілген есептеулерге сәйкес қорытынды баға жайлы үйлерге 1 айға 346 теңге және жайлы емес үйлерге бір тұрғынға 536 теңгеге бағаланып отыр.
А.Тілепиев: Құрметті ауыл тұрғындары соңғы тариф 2016 жылы Жылыой ауданы мәслихатымен бекітілген болатын. Сол уақытта жайлы емес үйлерге адам басына 220 теңге болып бекітілді. Алайда қазіргі таңда тазалықпен айналысатын мекемеге нарықтық бағамен шығынын өтемей, мекеме шығынға ұшырауда. Әріптесім айтып өткендей 536 теңге дегеніміз шекті баға болып табылады. Кезекті сессия отырысына ұсынылады және депутаттар тарапынан талқыға түсетін болады. Яғни «Эко Қала»ЖШС-і сіздермен келісім шартқа отыру барысында көрсетілген бағадан жоғарғы баға ұсына алмайды және аталған кәсіппен айналысам деп шешім қабылдаған кәсіпкерлерге көптеген мүмкіндіктер береді. Себебі бәсекелестік пайда болған жерде жұмыстардың сапасы да жақсаратын болады. Сондықтан құрметті ауыл тұрғындары тариф көтеру мәселесін құптағанымыз жөн болып табылады. Құрметті аудан тұрғындары қазіргі таңда аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар жинау әкету кәдеге жарату қызметтерімен айналысып отырған мердігер мекеме «ЭКО ҚАЛА XXI»ЖШС-і директорының орынбасары болып табыламын Қазіргі таңда мекемемен келісім шартқа отырған 178 тұрғын үй бар. Олардан ай сайын 223 960 теңге қаражат түсуде. Аталған қаражат қазіргі таңда мекемеде қызмет атқаратын 3 жұмыскердің айлығына жетпейді. Өздерінізге мәлім жанар жағармай отынының қымбаттауы және салықтық салынымдар, жұмысшылардың жалақысы және тағы да басқа қызмет түрлерін қоса алғанда мекемеге кері әсерін тигізуде. Сондықтан мекемеге Қосшағыл ауылдық округімен жұмыс жасаған тиімсіз болып отыр. Егерде мекеме жұмыстарын тоқтатқан жағдайда, ауылда қоқыс көлемі артып, ауыл келбетіне кері әсерін тигізетін болады.
Сөз сөйлеуші Ізбасарова Қарлығаш: Ағымдағы тариф бағасымен қызмет атқарып отырған «Эко Қала»ЖШС-і келісім шартқа сәйкес қызмет түрлерін толық көлемде атқармауда. Қосшағыл ауылдық округіне бір айға 2 мәрте тазалық жұмыстары атқарылады және арасы мүлдем ұзап кетуде. Қоқыс алыну арасы ұзақ болуына байланысты қоқысқа арналған жәшігіміздегі тұрмыстық қалдықтарды бұралқы иттер шашып, көшені ластауда. Аталған мәселені шешу мақсатында, ауылға жұмылдырылатын арнайы техника санын және жұмысшылар санын өсіріп, келісім шартқа көрсетілген шарттарды толықтай атқарылуы тиіс деп есептеймін. Аудан бойынша қызмет түрімен 1 ғана мекеме айналысып отырған соң, бәсеке мекемелер тартып жұмыс сапасын арттыруыңызды сұраймыз. Одан бөлек ауылдық округке бекітілген, депутат мырзаларға ұсыныс білдіреміз, сессия кезінде тариф бағасын 350 теңге болып бекітілсін.
С.Баселов: Аудан аумағында тариф бағасы аз болуына байланысты мердігер мекемелерді тарта алмай отырмыз. Себебі мекемеге тиімсіз, жұмысшыларға, арнайы техникаларға, жанар жағар май және салыққа кететін шығынды ақтамайды. Егерде шекті бағаны аудан көлемінде бекітетін болсақ мердігер мекемелерге қызығушылық танытып, бәсекелестік пайда болады. Тек осылай ғана қызмет сапасын арттыруға болады. «ЭКО Қала»ЖШС-і келісім шартқа сәйкес қызметтерін толықтай атқармаған жағдайда, келісім шартқа сәйкес қаражат сомасын төлемеуге азаматтық құқығыңыз бар. Аталған кемшіліктер көптеп орын алуда, алайда мердігер мекемені қадағалау бөлім құзыретіне жатпайтындығын қаперлеріңізге беремін.
А.Тілепиев: Құрметті ауыл тұрғындары келесі апта ауылдық округке келіп, қадағалау жұмыстарын жүргізетін боламын. Сол уақытта ұсыныстарыңызбен, шағымдарыңызды жеткізсеңіздер болады. Атқарылған жұмыстарды толықтай қадағалап, жеке назарға алатын боламын.
Д.Нурмаханова: Ауыл тұрғындары, көтерілген мәселе өзекті болуына байланысты, бір ауыздан құптауымызға тиіс деп ойлаймын. Егер мекеме қызметтерін толықтай атқармаса толықтай төлемеуге құқығыңыз бар. Одан бөлек ауыл тазалығын бірге сақтауға шақырамын.
Қоғамдық тыңдалым
Төрағасы С.Баселов ______________
Қоғамдық тыңдалым хатшысы: Б.Сарт________________