«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»
№2 ХАТТАМАСЫ
Жем ауылдық округі « » _____ 2023 жыл
Күн тәртібінде:
«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.»
Қатысқандар:
|
Баселов Саян Жумабекович |
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы; |
|
Саматов Алмаз Саматұлы |
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бас маманы;
|
|
Айтпенбет Данияр |
Жем ауылдық округі әкімі; |
|
Тілепиев Абылай
|
“Эко қала” ЖШС басшысының орынбасары;
|
|
Садыкова Сағида |
Ауыл тұрғыны |
|
Төремұратов Асқар |
Ауыл тұрғыны |
|
Тлегенов Оразбай |
Ауыл тұрғыны |
|
Қитарбаев Мұрат |
Ауыл тұрғыны |
|
Абдуллин Дүйсенғали |
Ауыл тұрғыны |
Сөз сөйлеуші С.Баселов: Жаңа экология кодексінің 365 бап, 4 тармағы, 7 тармақшасына сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органы – «Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мелекеттік мекемесі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеп, әзірлеу мақсатында «EcoCentre-Consulting» жауапершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты.«EcoCentre-Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Эко Қала XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, шарт талаптарына сәйкес халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеп, ұсынады.Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес жүргізілді. Көрсетілетін қызметтердің толық өзіндік құны қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму бойынша жұмыстарды орындауға, сондай-ақ жалпы пайдалану шығыстарына және пайдаланудан тыс шығыстарға жұмсалатын сома ретінде айқындалады.
Д.Айтпенбет: Қазіргі таңда тұрғын үйлерден шығарылатын қалдықтарды алу мәселесі аудан бойынша өзекті мәселелердің бірі. Ұсынылған тариф бағасы аудан аумағындағы шекті баға болып табылады. Яғни жайлы үйлерге бір тұрғынға айына 346 теңге және жайлы емес үйге 536 теңге дегеніміз аталған бағадан жоғары баға қолданылмайды деген мағынаны білдіреді. Мердігер мекеме тарапынан келісім шартқа отыру кезінде жеңілдіктер қарастырылуы мүмкін. Аталған ақпарат бойынша мердігер мекеме қарауына жатқызылады.
Сөз сөйлеуші А.Тілепиев: Құрметті аудан тұрғындары қазіргі таңда аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар жинау әкету кәдеге жарату қызметтерімен айналысып отырған мердігер мекеме «ЭКО ҚАЛА XXI»ЖШС-і болып табылады. Қазіргі таңда мердігер мекеме өз қаражатынан ұйымдастырылуда. Қазіргі қолданыстағы тариф 2016 жылы бекітілген. Соңғы 7 жылда Республика көлемінде экономикаға сәйкес көптеген қызмет түрлері қымбаттауда. Атап айтқанда мердігер мекеме тарапынан жанар жағармай және арнайы техникаға салынатын қосалқы бөлшектері және тағы да басқа қызмет түрлері бағалар өсті. Сол себепті мердігер мекеме қазіргі таңда шығынға ұшырауда. Ауыл көркінің бұзылмауына бірге ат салысқанымыз жөн деп есептеймін құрметті тұрғындар.
Сөз сөйлеуші С.Садықова: Айтылып отырған тариф бағасы көп балалы немесе әлеуметтік осал топтағы отбасылардың қалтасына әсерін тигізеді. Қандай да бір санатқа немесе отбасы жағдайына байланысты куәландыратын құжаттары бары тұрғындарға жеңілдіктер болама?
А.Тілепиев: Жалпы біздің мекемемізде жеңілдіктер қарастырылмаған. Алайда басшылықпен ақылда отырып, жеңілдіктер көрсету мүмкіншіліктерін қарастыратын боламыз. Тариф бағасын өсірген жағдайда, мекеме шығындар есебін жауып отырса қызмет сапасын арттыруға мүмкіншіліктер болатын болады. Қазіргі таңда Тұрғызба ауылдық округінен қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету жеткізу көму жұмыстары тариф бағасы төмен болуына байланысты мекеме шығынға батуда. Егерде 2024 жылдан бастап жаңа тарифпен келісім шартқа отыратын болсақ, қосымша жұмысшылар санын арттыруға, арнайы техникалар санын көбейтуге мүкіншіліктер туындайтын болады.
С.Баселов: Егерде аудан аумағындағы шекті бағаны бекітетін болсақ, қазіргі жұмыс жасап жатырған мекемеге бәсекелестік пайда болады. Осыған сәйкес қызмет түрлерінің сапасын арттыруға мүмкіншіліктер болады. Қазіргі таңда қызмет беру түрімен бір ғана мекеме айналысып отыр және мекеме шығынға ұшырауда. Бұл жерде мердігер мекеменің бас пайдасына емес, аудан аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу, туып өскен жерлеріңіз, ауылдарыңыздың көркін бұзбай, өсіп келе жатырған жас ұрпаққа қолайлы экология жасау, қоршаған ортаға зиян келтірмеу. Мердігер мекеме шығындарын өтей алмай банкроттық жариялайтын болса, экологиямызға кері әсерін тигізеді.
Сөз сөйлеуші М.Қитарбаев: Көрсетіліп отырған сома халық үшін жоғары баға деп есептеймін. Бағаны дәл осылай бектіліп кетпей, аудан депутаттары төменгі баға жолдарын ескерсін. Халықтың ұсынысын жектізулеріңіз сұралады.
С.Баселов :Тариф өсіру жұмыстары аясында кезекті мәслихат сессиясына жергілікті атқарушы органдар ұсынатын болады. Сол кезде нақты ұсыныстар жолдау жұмыстары жүргізілетін болады.
Т.Асқаров: Елде болып жатырған дағдарыс қарапайым халыққада кері әсерін тигізуде. Халық қолданатын қызмет түрі жылдан жылға қымбаттауда. Алайда зейнатқы, жалақы, әлеуметтік төлемдер өспеуде. Қарапайым халыққада оңай емес. Сондықтан тарифтің бағасын бірден 2 есеге емес жәй жәйдан көтеруге ұсыныс беремін. Бастапқыда 300 теңгеге қойыңыздар. Халық жәймен үйренісе бастайды. Тағы да айта кететін жағдай, біздің ауылға көрсетілетін қызмет түрінің сапасы төменгі деңгейде. Қызмет сапасын арттыруға қандайда бір жұмыстар атқарылсын.
А.Тілепиев: Қазіргі таңда Тұрғызба ауылына қызмет көрсететін бекітілген 1 арнайы техника бар және күнделікті жұмыстар атқарылуда. Қызмет сапасын арттыру мақсатында қосымша техникалар түрін қарастыратын боламыз.
Д.Айтпенбет: Құрметті аудан тұрғындары қала көркі үшін және экологияға кері әсер тигізбей үшін қалдықтар уақытылы түрде алынуы тиіс. Алайда мердігер мекеме шығынға ұшырауына байланысты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмеуде. Осыған орай шекті бағаны жайлы үйлерге 346 теңге, жайсыз үйлерге 536 теңгемен бекітілгені жөн деп есептеймін .
Қоғамдық тыңдалым төрағасы С.Баселов__________
Қоғамдық тыңдалым хатшысы А.Саматов___________