«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» №2 ХАТТАМАСЫ

«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»

№2 ХАТТАМАСЫ

 

Ақкиізтоғай ауылдық округі                                         «   » ______ 2023 жыл

 

Күн тәртібінде:

«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.»

Қатықандар:

Баселов Саян Жумабекович

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы;

Саматов Алмаз Саматұлы

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бас маманы;

 

Қабиденов Марат

Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімі;

Тілепиев Абылай

 

“Эко қала” ЖШС басшысының орынбасары;

 

 

Кыдырбаев Кокимбай

Ауыл тұрғыны

Ағынов Жумабек

Ауыл тұрғыны

Ихсанова Гулбакыт

Ауыл тұрғыны

 

Сөз сөйлеуші С.Баселов: Жаңа экология кодексінің 365 бап, 4 тармағы, 7 тармақшасына сәйкес  аудандық жергілікті атқарушы органы – «Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мелекеттік мекемесі  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеп, әзірлеу мақсатында «EcoCentre-Consulting» жауапершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты.«EcoCentre-Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Эко Қала XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесе отырып, шарт талаптарына сәйкес халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді есептеп, ұсынады.Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес жүргізілді. Көрсетілетін қызметтердің толық өзіндік құны қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму бойынша жұмыстарды орындауға, сондай-ақ жалпы пайдалану шығыстарына және пайдаланудан тыс шығыстарға жұмсалатын сома ретінде айқындалады.

М.Қабиденов: Қазіргі таңда тұрғын үйлерден шығарылатын қалдықтарды алу мәселесі аудан бойынша өзекті мәселелердің бірі. Ұсынылған тариф бағасы аудан аумағындағы шекті баға болып табылады. Яғни жайлы үйлерге бір тұрғынға айына 346 теңге және жайлы емес үйге 536 теңге дегеніміз аталған бағадан жоғары баға қолданылмайды деген мағынаны білдіреді. Мердігер мекеме тарапынан келісім шартқа отыру кезінде жеңілдікдер қарастырылуы мүмкін. Аталған ақпарат бойынша мердігер мекеме қарауына жатқызылады. Келісім шартта көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда ақысын толық көлемде емес, жартылай төлеуге құқығыңыз бар. Себебі келісім шартта келісім алушы болып енгізілген себепті, қызмет беруші жұмыстарын көңілілің толмаған жағдайда немесе қызмет беруші орындамаған жағдайда бас тартуға құқығыңыз бар.

Сөз сөйлеуші А.Тілепиев: Құрметті аудан тұрғындары қазіргі  таңда аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар жинау әкету кәдеге жарату қызметтерімен айналысып отырған мердігер мекеме «ЭКО ҚАЛА XXI»ЖШС-і болып табылады. Қазіргі таңда мердігер мекеме өз қаражатынан ұйымдастырылуда. Қазіргі қолданыстағы тариф 2016 жылы бекітілген. Соңғы 7 жылда Республика көлемінде экономикаға сәйкес көптеген қызмет түрлері қымбаттауда. Атап айтқанда мердігер мекеме тарапынан жанар жағармай және арнайы техникаға салынатын қосалқы бөлшектері және тағы да басқа қызмет түрлері бағалар өсті. Сол себепті мердігер мекеме қазіргі таңда шығынға ұшырауда. Ауыл көркінің бұзылмауына бірге ат салысқанымыз жөн деп есептеймін құрметті тұрғындар.

Сөз сөйлеуші К.Кыдырбаев: Қазіргі таңда Республикада халық тұтынатын қызмет түрлерінің бәрі қымбаттауда. Алайда қызмет түрлері бағасы өскенімен, халықтың зейнетақы, жәрдемақы, жалақысы өспеуде. Бағаның қымбаттауы халыққа әсерін тигізеді. Қызмет түрімен келісім шартқа отырмасқа тағы да болмайды. Осыған орай, Сіздерден жеңілдіктер қарастырып берулеріңіз сұралады.

А.Тілепиев: Қазіргі таңда қызмет сапасын арттыруға және жеңілдіктер жасауға мүмкіншіліктер қарастырылмай отыр. Себебі Ақкиізтоғай ауылдық округінен қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету жеткізу көму жұмыстары тариф бағасы төмен болуына байланысты мекеме шығынға батуда. Егерде 2024 жылдан бастап жаңа тарифпен келісім шартқа отыратын болсақ, қосымша жұмысшылар санын арттыруға, арнайы техникалар санын көбейтуге әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға және сол т.б санаттарға жеңілдік жасау мүкіншіліктер туындайтын болады.

С.Баселов: Егерде аудан аумағындағы шекті бағаны бекітетін болсақ, қазіргі жұмыс жасап жатырған мекемеге бәсекелестік пайда болады. Осыған сәйкес қызмет түрлерінің сапасын арттыруға мүмкіншіліктер болады. Қазіргі таңда қызмет беру түрімен бір ғана мекеме айналысып отыр және мекеме шығынға ұшырауда.

Сөз сөйлеуші Г.Ихсанова: Тариф бағасына сәйкес тиісінше қызмет сапасын арттыру қажет және бағаны төмендету жөнінде қандай да бір шара қабылданса дейміз. Осы айтылған сөзімізді депутаттарға жеткізгендіріңізді қалаймыз.

С.Баселов :Тариф өсіру жұмыстары аясында кезекті мәслихат сессиясына  жергілікті атқарушы органдар ұсынатын болады. Сол кезде нақты ұсыныстар жолдау жұмыстары жүргізілетін болады.

А.Тілепиев: Қазіргі таңда Ақкиізтоғай ауылына қызмет көрсететін бекітілген 1 арнайы техника бар және күнделікті  жұмыстар атқарылуда. Қызмет сапасын арттыру мақсатында қосымша техникалар түрін қарастыратын боламыз.

Сөз сөйлеуші: Ж.Ағынов: Қазіргі таңда тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, бағаны өсірмейтін амалдарын қарастырсаңыздар. Үкімет тарапынан субсиядияау мәселелерін шешіп, халыққа қолайлы бағаны ұстап қалуға әрекет жасауларыңыз сұралады. Тариф өскен жағдай, аз қамтылған отбасыларға төлемге қабілеттіліге болмайды. Сондай жағдай да ауылдың іші қоқысқа толып ауыл көркі кері әсерін тигізеді. Сондықтан жеңілдіктер немесе бағаны өсірмеуге әрекет жасағандарыңыз жөн деп есептеймін.

М.Қабиденов: Құрметті аудан тұрғындары қала көркі үшін және экологияға кері әсер тигізбей үшін қалдықтар уақытылы түрде алынуы тиіс. Алайда мердігер мекеме шығынға ұшырауына байланысты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмеуде. Осыған орай шекті бағаны жайлы үйлерге 346 теңге, жайсыз үйлерге 536 теңгемен бекітілгені жөн деп есептеймін .

 

 

Қоғамдық тыңдалым төрағасы                          С.Баселов___________

 

Қоғамдық тыңдалым хатшысы                           А.Саматов___________

«Жылыой ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» №2 ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
06 ноября 2023