Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық

округі әкімінің сайлауын  

тағайындау туралы

 

                                      

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабының 3 тармағына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

              1.2023 жылғы 10 желтоқсанға Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің   сайлауы  тағайындалсын.

              2.Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 10 желтоқсанға  тағайындалған Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің сайлауын  әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

              3.Осы қаулы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат  құралдарына жариялансын.

 

 

  Төраға                                                                                         З.Калмуханова

 

   Хатшы                                                                                         Г.Станова 

 

 

 

 

Кұлсары қаласы                  

1 қараша 2023 жыл,            

№9

 

 

Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
01 ноября 2023