«Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама
Құлсары қаласы 25 тамыз-03 қыркүйек 2023 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының міндетін атқарушымен 2023 жылғы 21 тамызда №1 бұйрығы қабылданды.
Сагинов Ербол Нұртайұлы-Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Карабалина Назгүл Қайратқызы -Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы; Сабырова Гауһар Ерқұлқызы-Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы; Ерғалиева Мөлдір Фатихоллақызы-Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі есепшісінің міндетін атқарушы; Салихова Раушан Исатайқызы-Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бағдарлама операторы; Тапаева Алия Берекетқызы-Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің іс-жүргізушісі,сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты болып айқындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ағымдағы ішкі талдау 2022 жыл және 2023 жылдың ІІ тоқсанына жүргізілді.
Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
«Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (бұдан әрі –бөлім) өз қызметінде Қазақстан Республикасы Жер Кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Заңы, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы, Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығы,Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 «жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы бұйрығы және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2023 жылдың 1-тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1061 өтініш келіп түсті, оның 917-сі жеке тұлғалардан, 144 заңды тұлғалардан келіп түскен. Оның ішінде жер мәселесі бойынша 1061-өтініш келіп түсіп, оның -920-сі қанағаттандырылған.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2023 жылғы 03 қыркүйектегі жағдай бойынша штат саны4 бірлікті, нақты штат саны – 11 бірлікті, бос орын – 1 бірлікті (бас маман) құрайды.
Мемлекеттік қызметтен босату фактілері және теріс себептер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғандар жоқ.
Ережеге сәйкес бөлім «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту туралы» мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіледі. Бұдан бөлек бөліммен жер учаскелерін беру, жер учаскелерінің жалдау мерзімін ұзарту, қосымша жер учаскелерін беру жөнінде актілер қабылданады.
Бөлім басшысы, бас мамандары сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдығады.
Мүдделер қақтығысын реттеу. Мемлекеттік қызметтер көрсету
Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетумен барлығы 3 қызметкер айналысады. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының34-бабы 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырудан өтеді.
Жұмыстар жүргізу барысында 2023 жылдың 13-17 наурызында мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын тек қана 2 қызметкердің біліктілігін арттырғандығы жөнінде анықталды. (Сагинов Е.; Карабалина Н.)
Алайда, Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты қалған
1 маманның біліктілік арттыру семинарларына қатыспағандығы анықталды. (Сабырова Г.Е.;)
Осылайша, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Заңының 5-бабы 2-тармағы 6) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету талабының бұзылуына жол берілген.
Бөліммен көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап ету деректері анықталмады.
Тексеріс жүргізу кезеңінде Бөліммен көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап ету деректері анықталмады.
1) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша
Аталған қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес көрсетіледі.
Бөлімге«e-license» ақпараттық жүйесі арқылы 2023 жылдың 11мамырында түскенФ.М. Абдуллинның №KZ81SEP00716528 өтініміне сәйкес эскиздік жоба қызмет берушімен келісілген.
Алайда, эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесінде Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес ахуалдық жоспардың жоқ екендігі анықталды.
Атап өту қажет,Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерде эскиз (эскиздік жобасы) құрамы мен мазмұны осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған мақсатына сәйкес келмеуі болып табылады.
Осыған сәйкес, эскиздік жобадағы ахуалдық жоспары жоқболса да мемлекеттік қызмет көрсету фактісі анықталды.
Барлығы: 1– факт (2023 жыл –1, 2022 жыл – 0).
Кадр бойынша
Б.Өскенбайға тәртіптік жаза қолдану бұйрығы №2 11.10.2022жыл бойынша түсініктеме жоқ.
Р.Салиховаға тәртіптік жаза қолдану бұйрығы №327.10.2022жыл бойынша түсініктеме жоқ.
Н.Оспановқа тәртіптік жаза қолдану бұйрығы №427.12.2022 жыл бойынша түсініктеме жоқ.
№7 28.03.2022 жыл «Н.Карабалинаға пайдаланылмаған демалысын беру туралы» бұйрығында қай кезеңнің еңбек демалысы берілгені көрсетілмеген.
№8 31.10.2022 жыл «А.Батыршиеваға еңбек демалысын беру туралы» бұйрығы негізінде еден жуушыға 30 күн еңбек демалысын берген. «Еңбек Кодексінің» 88 бабына сәйкес 24 күн берілу қажет.
№10 01.03.2022 жыл «З.Бекмаганбетоваға еңбек демалысын беру туралы» бұйрығымен сауықтыру жәрдемақы беріле отырып 30 күн демалыс берген. Келісім шартпен жүрген қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақы тиісті емес. Осындай бұйрық А.Қыздарбаеваға, Е.Қаржаубаевқа, Р.Салиховаға, Б.Шудабаеваға, А.Багитжановқа, М.Ергалиеваға, Б.Өскенбайға, Н.Оспановқа шығарылған.
2023 жылы А.Е.Даулетбаеваға «Еңбек Кодексінің» 139 бабы 10 тармағын басшылыққа алып 30 күн еңбек демалысы берілген. Р.Молдағалиеваға, Б.Өскенбайға, М.Ерғалиеваға, Н.Багитжановқа шығарылған.
№24 31.07.2023 жыл «А.Т.Әлмұқановқа еңбек демалысын беру» бұйрығы шыққан. Алайда еңбек демалысы берілсін деп жазылған. Р.Салиховада солай шығарылған.
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Бақылауға алынған облыс және аудан деңгейіндегі кейбір тапсырмалардың орындалысы баяу жүргізілуде.
Сонымен қатар, бақылау құжаттары ісінде тапсырмалардың орындалысы бойынша ақпараттар тігілмеген.
Бөлім бақылау құжаттарын уақытылы орындау жауапкершілігін арттыру жөніндегі шараларын алу ұсынылды.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Талдау жүргізу кезінде «Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы Е.Сагиновтың рұқсатымен жүргізілді.
Талдау қамтылған кезең ішінде қаржылық құжаттарға қол қою құқықтары:
- бірінші қол қою құқығы 01.01.2022-01.02.2023 жыл аралығында І.Кайруллин, 01.02.2023 жылдан күні бүгінге дейін Е.Сагинов;
- екінші қол қою құқығы 01.01.2022 жылдан күні бүгінге дейін М.Ерғалиева.
Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша «Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекет тік мекемесіне ұсынылады:
1) Қате қабылданған бұйрықтарды қалпына келтіру.
2) Мемлекеттік қызметті көрсету барысында заңнамалық актілерде көзделген талаптарды қатаң сақтау (Көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін сақтау, Құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жол бермеу, Мемлекеттік қызметтер көрсетуден дәлелді бас тарту,Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мерзімдерін сақтау ).
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға қатысты тиісті жұмыстар жүргізу.
Жұмысшы топтың төрағасы Е.Сагинов
Жылыой ауданы жер
қатынастары, сәулет және қала
құрылысы бөлімінің бас маманы,
жұмысшы топтың мүшесі Н.Карабалина
Жылыой ауданы жер
қатынастары, сәулет және қала
құрылысы бөлімінің бас маманы, жұмысшы
топтың мүшесі Г.Сабырова
Жылыой ауданы жер
қатынастары, сәулет және қала
құрылысы бөлімі есепшісінің
міндетін атқарушы,
жұмысшы топтың мүшесі М.Ерғалиева
Жылыой ауданы жер
қатынастары, сәулет және қала
құрылысы бөлімінің бағдарлама
опеарторы, жұмысшы топтың мүшесі Р.Салихова
Жылыой ауданы жер
қатынастары, сәулет және қала
құрылысы бөлімінің іс-жүргізушісі А.Тапаева