«Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

«Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  ММ сыбайлас  жемқорлық тәуекелдерін  анықтау  бойынша  талдамалық  анықтама

 

Құлсары  қаласы                                                 25 тамыз – 3 қыркүйек 2023 жыл

 

Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізу  үшін  бөлім басшысымен  2023  жылғы   21 тамыздағы №18  бұйрығымен  қабылданды.

          Г.Жолдыбаев - Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, жұмысшы  топтың  төрағасы, Г.Тажбенова - Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және  тұрғын үй инспекциясы бөлімінің  бас маман-есепшісі, топтың  мүшесі, Ә.Искакова - Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және  тұрғын үй инспекциясы бөлімінің  бас маманы, топтың  мүшесі, А.Саматов - Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және  тұрғын үй инспекциясы бөлімінің  бас маманы, топтың  мүшесі, Б.Сарт - Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және  тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы, топтың  мүшесі,сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі  талдау  жүргізуге  жауапты  болып  айқындалды. 

          Сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне  ағымдағы  ішкі  талдау  2022 жыл және  2023  жылдың  ІII тоқсанына   жүргізілді.

 

Персоналды  басқару, соның  ішінде  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  шалдыққан  лауазымдардың  тізбесін  айқындау

 

«Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  ММ(бұдан  әрі – бөлім)  өз  қызметінде  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын, «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы», «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  туралы», «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметі  туралы», «Автомобильдер  жолдары  туралы», «Тұрғын  үй  қатынастары  туралы», «Қазақстан  Республикасындағы  көлік  туралы»  Заңдарын, Мемлекеттік  қызметтер  көрсету  кезінде «Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңын, Қазақстан  Республикасының  цифрлық  даму, инновациялар  және  аэроғарыш өнеркәсібі  министрінің  м.а. 2020  жылғы 31  қаңтардағы  № 39/НҚ бұйрығымен  бекітілген  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  тізілімін  және  басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілерді  басшылыққа  алады.

         

Ішкі  құжаттардағы  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін    анықтау

 

          2023 жылдың 8 айы бойынша  жеке және заңды тұлғалардан  барлығы 126 өтініш келіп түсті, оның 105 жеке  тұлғалардан, 21 заңды тұлғалардан келіп түскен. Оның ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша  87-і өтініш келіп түсіп, оның -87-сіне түсінік берілді.Түсінік берілген коммуналдық шаруашылық бойынша -19, жол мәселесі бойынша – 13, маршрут мәселесі бойынша – 4.

 

Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық  тәуекелдерін    анықтау

 

2023  жылғы  1 қыркүйектегі жағдай  бойынша   штат  саны5   бірлікті, нақты штат  саны – 6 бірлікті, бос  орын – 1 бірлікті (бөлім басшысы) құрайды.

Мемлекеттік  қызметтен  босату  фактілері  және  теріс  себептер  бойынша  сыбайлас  жемқорлық  құқық бұзушылық  жасағаны  үшін  жауапкершілікке  тартылғандар  жоқ.

Бөлімнің азаматтық қызметкерлерге еңбек демалысын беру туралы бұйрықтарнда 30 күн демалыс берілген, алайда «Еңбек Кодексінің» 88-бабына сәйкес 24 күн берілуі  тиіс.

Ережеге  сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу, мемлекеттік тұрғын үй кезегіне есепке алу, күзгі-қысқы дайындық маусымына паспорт беру, ағаш кесуге рұқсат беру, жолаушылар тасымалы маршрут бағытының схемасын бекіту және жекешелендіру мемлекеттік  қызмет түрлерін  көрсетеді. 

Бөлім басшысы мен бөлім бас  мамандары  сыбайлас  жемқорлық  тәуекеліне  шалдығады.

 

Мүдделер  қақтығысын  реттеу. Мемлекеттік  қызметтер  көрсету

 

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде 2022-2023 жылдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрлерін көрсетіліп келеді. Олар облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу, мемлекеттік тұрғын үй кезегіне есепке алу, күзгі-қысқы дайындық маусымына паспорт беру, ағаш кесуге рұқсат беру, жолаушылар тасымалы маршрут бағытының схемасын бекіту және жекешелендіру қызметтері көрсетіледі.

Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне өтініш білдіру үшін «kezekte.kz» электронды веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,68-баптарында көрсетілген санат бойынша тұрғын үйге мұқтаж жеке тұлға ЭЦҚ кілті арқылы өтініш бере алады. Өтінішке 15 күнтізбелік күні ішінде қаралып, жауабы беріледі.

Ағымдағы жылдың 2022 жылы айында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою бойынша 287 өтініш қабылданып, 160 өтініштен бас тартылды. Ағымдағы жылдың 8 айында 272 өтініш түсіп соның 140 өтініш оң шешіммен қабылданып, 132 өтініштен бас тартылды.

Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне 2020 жылдан бері жыл сайынғы түгендеу жұмыстары жүргізілмеді. Себебі, жүйе арқылы жасау мүмкіндігі болмады. 2023 жылдың тамыз айынан бастап, «kezekte.kz» электронды веб-порталынан кезектілікте тұрған әр азаматты тексеруге (смс-растауға) рұқсат берілді.

«e-license» электронды веб-порталы арқылы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісуЭЦҚ кілті арқылы заңды тұлға рұқсат ала алады. 5 жұмыс күні ішінде өтініш қаралып, жауабы берілетін болады. Аталған қызмет түрі бойынша, 2022 жыл мен 2023 жылдың тамыз айына дейін Құлсары қала ішінде көрнекі жарнамаларға және ғимараттарға орналастырылған жарнамаларды орналастыруға рұқсат берілмей келді. Себебі, Құлсары қала іші жарнамасын орналастыруды бөлім қарастырмайды. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап, Құлсары қала ішіндегі жарнама орналастыруға рұқсат беру қоса жүктелді. Аталған қызмет түрі облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу, яғни Құлсары қалаішілік жарнамаларға рұқсат беру бөлім құзыретіне жатпайды.

2022 жылдың 12 айында жалпы 22 өтініш түсіп, оң шешімі берілді. Ал, 2023 жылдың 8 айында 5 заңды тұлға өтінішіне орналастыруға рұқсат берілді.

Тұрғын үй жекешелендіруге өтініш білдіре отырып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларына сәйкес құжаттар сұратылады. Жинақталған құжаттар тұрғын комиссиясына ұсынылып, қорытынды хаттама шешімімен жекешелендірілетін болады.

2023 жылы тұрғын үйді жекешелендіруге 9 өтініш қабылданып, жекешелендірілді.

Белгілі бір құрылыс нысаны, объект құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын, ағаш кесуге рұқсат алуға өтініш білдіреді. 3 жұмыс күні ішінде жауабы беріледі. Жыл басынан ағаш кесуге рұқсат беруге өтініш түспеді.

Жылыой ауданы бойынша маршрут бағытының схемасы 2022-2023 жылдың басында бекітілді.

Көпқабатты тұрғын үйлер, мектеп, балабақша, әлеуметтік нысандар күзгі-қысқы маусымына дайындық паспортын ұсынады. 15 күн ішінде тексеріліп, қол қойылады. Жылыой ауданы бойынша 2022 жылы 172 әлеуметтік нысанның дайындық паспорты берілді.Күні бүгінге дейін, аталған қызмет қағаз түрінде жүргізіліп келді. Ал, 2023 жылы күзгі-қысқы маусымына дайындық паспортына рұқсат алу «e-license» электронды веб-порталы арқылы жүзеге асырылуда. Әзірге, заңды тұлғалардың өтініштері қарастырылуда.

         

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

 

Бақылауға алынған облыс және аудан деңгейіндегі кейбір тапсырмалардың орындалысы  баяу  жүргізілуде.

Сонымен қатар, бақылау құжаттары ісінде тапсырмалардың орындалысы бойынша  ақпараттар  тігілмеген.

Бөлімнің бақылау құжаттарын уақытылы орындау жауапкершілігін  арттыру  жөніндегі  шараларын  алу   ұсынылды.

 

Бюджет және  қаржы қаражатын  игеру  және  бөлу

 

          Талдау жүргізу кезінде «Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»  ММ-нің басшысының міндетін атқарушыБ.Бозжигитовтың рұқсатымен жүргізілді.

Талдау қамтылған кезең ішінде қаржылық құжаттарға қол қою құқықтары:

  • бірінші қол қою құқығы 01.01.2022-12.12.2022 жыл аралығында Е.Аққұсов, 04.01.2023-25.07.2023 жыл аралығында Е.Хайноллаев, 26.07.2023 жылдан күні бүгінге дейін Б.Бозжигитов;
  • екінші қол қою құқығы 01.01.2022 жылдан күні бүгінге дейін Г.Тажбенова.

2022 жылы «Құлсары қаласы Болашақ ықшам ауданы автомобильдер жолдарын жаяу жүргіншілер жолымен бірге салу жобасы құрылыс жұмыстарына 2 000 000,0 мың теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындысына сәйкес «Атырауинжстрой-АИС»ЖШС-і жеңімпаз болып табылды. Алайда мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын мерзімінде атқармауына байланысты, 2022 жылы 48 000 000,0 мың теңге қаражат игерілді. Осыған орай 2022 жылы  желтоқсан айында қалған сома республикалық бюджетке кері қайтарылды.

Е.Каженовтың 2022 жылғы 17 қазандағы бөлімге ішкі талдау жүргізген болатын. Ішкі талдау анықтамасы бойынша субсидия қаражатын негізсіз жұмсау фактілері орын алды. Алайда, аталған фактілерді бөлім тарапынан жою шаралары жүзеге асырылуда.

«Құлсары қаласы Махамбет даңғылы, автомобильдер жолдарын тротурамен бірге күрделі жөндеу жұмыстары» мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындысына сәйкес «Атырауинжстрой»ЖШС-і жеңімпаз болып табылды. Күрделі жөндеу жұмыстарына 2022 жылы  мың теңге қаражат бөлінді. Алайда мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын мерзімінде орындамауына байланысты, келісім шарт бір жақты үзіліп, сотқа талап арыз жолданды. ҚР Азаматтық процестік кодексіне сәйкес құрылыс мерзімі аяқталғаннан кейін 1 ай мерзімде сотқа талап арызбен жүгінуге тиіс делінген. Алайда бөлім тарапынан құрылыс жұмыстарын бастау жөніндегі хабарлама мерзімі аяқталғаннан кейін 3 ай уақыт кешіктіріліп берілді. Сот процесі кезінде аталған кемшілікке сәйкес мердігер мекемені мемлекеттік сатып алу конкурстарына жосықсыз қатысушы деп тану туралы бөлімі қараусыз қалдырылды. Аталған талап арыз негізінде мердігер мекемеден 3 605 478,00 теңге тұрақсыздық айыбы өндірілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын аяқтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастыру үшін алғашқы дереккөздер жинақталуда.

«Жаңа Қаратон кентіне 7,2 шақырым көше жарығын салу» мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындысына сәйкес «Элком»ЖШС-і жеңімпаз болып табылды. Құрылыс жұмыстарына 2022 жылы мың теңге қаражат бөлініп, алайда бөлінген қаражат көлемінен 53 000 000 теңге қаражат игерілді. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын мерзімінде орындамауына байланысты сотқа мердігер мекемені мемлекеттік сатып алу конкурстарына жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру және жұмыстарды аяқтауға міндеттеу туралы талап арыз жолданған болатын. Алайда сот процестері кезінде құрылыс жұмыстарын басталу жөнінде хабарлама (талон) мерзімі біткен күннен бастап 1 айдың ішінде сотқа жүгіну тиіс еді. Алайда бөлім тарапынан мердігер мекемені сотқа беру жұмыстары ұсынылмады. Жылыой ауданы прокуратурасының ұсынымына сәйкес ағымдағы жылы мамыр айының 10 күні сотқа жолданды. Сот процестері кезінде судья А.Б.Саудабаев жолданған талап арызға сәйкес жосықсыз қатысушы деп тану тармағын қараусыз қалдырды. Осыған орай, мердігер мекемеге қатысты сот шешіміне сәйкес тұрақсыздық айыбы өндірілу тиіс деп шешім қабылдады және Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне мерзімінде сотқа берілмеуіне байланысты сот ұйғарымы жолданды. Аталған уақыт аралығында бөлім басшысының міндетін атқарушы Ғ.Жолдыбаевқа көрсетілген мемлекеттік орган ағымдағы жылы 1 тамыз күні шара қолданып, айыппұл салынды.

 

              

Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша «Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік  мекемесіне   ұсынылады:

 

        1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге  жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

       2) Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.

       3) Бөлімнің азаматтық қызметкерлердің еңбек демалысы уақыты мен ақысын реттеу.

          4) Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын мерзімінде орындамауына байланысты, сотқа талап арыз жолдау.

         

 

Жұмысшы  топтың  төрағасы                                                              Г.Жолдыбаев

 

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар көлігі,

автомобиль жолдары және

тұрғын үй инспекциясы бөлімінің

бас маман-есепшісі,топтың  мүшесі                                                          Г.Тажбенова

 

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар көлігі,

автомобиль жолдары және

тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы,

топтың  мүшесі                                                                                            Ә.Искакова

 

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар көлігі,

автомобиль жолдары және

тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы,

топтың  мүшесі                                                                                             А.Саматов

 

Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар көлігі,

автомобиль жолдары және

тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы,

топтың  мүшесі                                                                                               Б.Сарт

 

 

 

«Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
03 октября 2023