«Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлаамалар бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама
Құлсары қаласы 25 тамыз – 3 қыркүйек
2023 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының міндетін атқарушымен 2023 жылғы 21тамызда№47бұйрық шығарылды.
А.Мирамбаев – бөлім басшысының орынбасары, А.Демесинов–бөлімнің бас маманы, Н.Издибаева – бөлімнің бас маманы есепшісі, А.Кузембаева – бөлімнің бас маманы, А.Тәжімұқан – бөлімнің инспекторы,сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты болып айқындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ағымдағы ішкі талдау 2022 жыл және 2023 жылдың І тоқсанына жүргізілді.
Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
«Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2023 жылдың 1-тоқсаны бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 8 өтініш келіп түсті.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2023 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша штат саны 8 бірлікті, нақты штат саны – 8 бірлікті құрайды.
Мемлекеттік қызметтен босату фактілері және теріс себептер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғандар жоқ.
Әлеуметтік көмек төлеу
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минстрлігінің 2023 жылғы 21 маусымдағы №227 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Мемлекеттік корпорациядан атаулы әлеуметтік көмек, балаға ай сайынғы қосымша төлем туралы өтінім келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде алушыларға қаражаттарын аудару қажет болатын. Шілде айы үшін өтінім ағымдағы жылдың 1 тамызында келіп түскен алайда тиісті қаражат бөлімнің атауы өзгеруіне байланысты уақытынан кешіктіріліп аударылған.
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Бақылауға алынған облыс және аудан деңгейіндегі кейбір тапсырмалардың орындалысы баяу жүргізілуде.
Сонымен қатар, бақылау құжаттары ісінде тапсырмалардың орындалысы бойынша ақпараттар тігілмеген.
Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бақылау құжаттарын уақытылы орындау жауапкершілігін арттыру жөніндегі шараларын алу ұсынылды.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Талдау жүргізу кезінде «Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысының міндетін атқарушы А.Мирамбаев рұқсатымен жүргізілді.
Талдау қамтылған кезең ішінде қаржылық құжаттарға қол қою құқықтары:
2022 жылы 480,9 млн. теңге.
Осы аталған қаражаттар 801 001 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасымен 59,3 млн. теңге, 801 006 «Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасымен 3,4 млн. теңге,801 007 «Тұрғын үйге көмек көрсету» бағдарламасымен 0,4 млн. теңге, 801 009 «Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету"» бағдарламасымен 2,8 млн. теңге, 801 010 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасымен 26,2 млн. теңге, 801 011 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасымен 202,6 млн.теңге ,801 017 «Мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емделу, есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының,жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну» бағдарламасымен 148,2 млн.теңге,801 018 «Жәрдемақыларды және басқа әлеуметтік төлемдерді аудару, төлеу және жеткізу бойынша қызметтерді төлеу» бағдарламасымен 0,6 млн. теңге, 801 020 «Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру»бағдарламасымен 8,4 млн.теңге,801 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту»29,5 млн.теңге жұмсалған.
Тексеру барысында мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының талаптарының сақталуы бойынша төмендегі бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.
«Электронды дүкен» тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде «Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен ИП Родничок арасында «Құжаттар үшін файл» сатып алу бойынша 14.02.2022 жылы 8725 теңгеге №16 тауарларды сатып алу туралы шарт жасақталған.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекіткен«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының»5- Тауарларды жеткізу және құжаттама бөлімінің 5.4-тармағында тауарды жеткізу/беру күні деп өнім берушінің веп. портал арқылы тапсырыс берушіге тауарды қабылдап алу-беру актісімен жіберген күн есептеледі делінген.
Алайда тапсырыс беруші тарапынан Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы №434-V«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 24-тармағының «Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуды қамтамасыз етеді делінген талабы және №16 сатып алу шартының 7.3 тармағының және 1-қосымшаның талабы сақталмай, әрбір кешіктірілген күні үшін (8,7*0,1*1 күн= 1 теңге) 1 теңге тұрақсыздық айыбы есептелмеген.
Ішкі талдау барысында 1 теңге тұрақсыздық айыппұлы бюджетке өндірілді.
2023 жылдың 1 тоқсанына жұмсалған қаражат 83970,0 мың теңге:
Осы аталған қаражаттар 801 001 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың ) жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасымен 24,4 млн. теңге, , 801 009 «Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету"» бағдарламасымен 1,1 млн. теңге, 801 010 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасымен 4,2 млн. теңге, 801 011 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасымен 14,7 млн.теңге ,801 017 «Мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдармен, мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емделу, есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының,жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну» бағдарламасымен 37,6 млн.теңге, 801 050 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту»4,2 млн.теңге жұмсалған
Тексеру барысында мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының талаптарының сақталуы бойынша төмендегі бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды
ЖШС «АтырауЭнергосату»-мен 2023 жылдың 30 қаңтарында №416 келісім шарт Электрэнергиясы үшін тікелей бір көзден,ЖШС «Жылыойгаз»-мен 2023 жылдың 1 ақпанында №4 келісім шарт табиғи газды пайдалану үшін тікелей бір көзден ,КМК «Жылыойсу»-мен 2023 жылдың 2 ақпанында №02-332 келісім шарт ауыз суды пайдалану үшін Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың 380 тармағында «Тапсырыс беруші тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті веб-порталда шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыру» тараптары сақталмаған.
Ішкі талдау барысында тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есепті веб-порталда жарияланды .
Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша «Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекет тік мекемесіне ұсынылады:
1)Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.
2)Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.
3)Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарынмемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.
4) «Интегро»құжат айналымы орнатылған компьютерлермен әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жұмысын қамтамасыз ету.
Жұмысшы топтың төрағасы А.Мирамбаев
Бөлімнің бас маманы А.Демесинов
Бөлімнің бас маман есепшісі Н.Издибаева
Бөлімнің бас маманы А.Кузембаева
Бөлімнің инспекторы А.Тажимухан