Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №253 «Жылыой ауданының елді мекендерінде салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына, «Құқықтық актілер туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы және 2016 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жылыой ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №253 «Жылыой ауданының елді мекендерінде салық салу обьектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм) бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізімінде №4730 санымен тіркелген, 2020 жылғы 23 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланған). 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ж.Рашевқа жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Х.Жамалов