Құлсары қаласы город Кульсары
Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне және «Құқықтық актілертуралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Жылыой ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешімінің 2-қосымшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.