Жылыой ауданы аумағында жолаушыларды қалалық және ауданішілік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеуге келісім алу туралы

 

 

Жылыой ауданы аумағында жолаушыларды қалалық және ауданішілік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеуге келісім алу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жылыой ауданы аумағында жолаушыларды қалалық және ауданішілік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесі мөлшерде белгіленіп, аудандық мәслихатқа келісім алу үшін ұсынылсын:

1)жол ақысын қалалық қатынаста ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде-50 (елу) теңге;

2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде-100(жүз) теңге.

3) жол ақысын ауданішілік қатынаста ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде төменде көрсетілген бағыттарда;

№51, №52, №53, №55-150 (жүз елу) теңге;

№54-160 (жүз алпыс) теңге;

№ 56-330 (үш жүз отыз) теңге;

4) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде төменде көрсетілген бағыттарда;

№51, №52, №53, №55-300 (үш жүз) теңге;

№54-320 (үш жүз жиырма) теңге;

№56-660 (алты жүз алпыс) теңге;

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                    Ж.Қаражанов

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жылыой аудандық мәслихаты

 

 

 

Жылыой ауданы аумағында жолаушыларды қалалық және ауданішілік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеуге келісім алу туралы
Дата публикации
29 сентября 2023