Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Жем ауылдық округі әкімінің ұсынысын ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 3) тармақшасына және 12 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Атырау облыстық мәслихатына және Атырау облысы әкімдігіне Жылыой ауданы Жем ауылдық округіне қарасты Қойсары елді мекенін тарату және оның аумағын Жылыой ауданы Жем ауылдық округінің Қараша елді мекенінің құрамына енгізу жөнінде ұсыныс берілсін.
Аталған шешім жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін: Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14606718