Жылыой ауданы әкімі Ж.Б.Қаражановтың 2023 жылы қала, кент және ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен піріклерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР жоспарының орындалысы

Жылыой ауданы әкімі Ж.Б.Қаражановтың 2023 жылы қала, кент және ауылдық округтердің

тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР жоспарының орындалысы

 

№

Сұрақ қоюшы

Мәселенің қысқаша мазмұны

Жауапты орындаушы

Орындалысы

Құлсары қаласы

1

Айдарханов Серік - Құлсары  қаласының тұрғыны                       

Береке-1 ы/а ескі ағаш тоқ бағаналарды  ауыстыру

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: "Электромонтаж"АҚ-і мекемесімен құрылыс жұмыстарын  жүргізу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Көлдің ортасымен 5 тоқ бағана өтеді. Қыс мезгілінде тоқ күші әлсіз болып сөніп қалады. Тоқ бағаналарын биік жермен жүргізу

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Тоқ желісі "Атырау Жарық" АҚ мекемесінің теңгерімінде. Тоқ бағаналары биік жермен жүргізілді. 5 тоқ бағанасына демонтаж жұмыстары жүргізілетін болады.

 

 

Теміржол өткелінен бастап «Анашым» дүкеніне дейін асфальт жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу 

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі

 

Құлсары қалаішілік басты көшелерді күрделі жөндеу жұмыстары мемлекеттік сатып алу конкурстарының қорытындысына сәйкес, "АВС ЛИМИТЕД"ЖШС-і жеңімпаз болып табылды. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба шеңберінде көрсетілген мекен жай қамтылатын болады.

 

 

Динара Саттарқызы - Құлсары  қаласының тұрғыны


 

Қоқыс салатын жәшігімен қоса «Тәуке Хан» көшесіне  аялдама қондыру

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласының Бас жоспарына сәйкес қала ішіндегі аялдамалар белгіленген жерге орнатылатын болады. Қалаға қажетті аялдамалар тізімі жасақталып, бюджеттен қаражат бөлінді. 80 дана аялдамаларды сатып алу  және орнату жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, өтінімдерді қосымша қаралу сатысында тұр.           

 

 

Мұқанов Жайшылық - Құлсары  қаласының тұрғыны


 

С.Рахымов көшесіндегі екі жол белгісінің таяқшасы бар да, белгісі жоқ, ауыстыру жұмыстарын жүргізу

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: С.Рахымов көшесіне жол белгілерін қондыру бойынша мердігер мекемеге тапсырма берілді.

 

 

Кадырашев Руслан - Құлсары  қаласының тұрғыны

Қауіпті көшелерге жасанды жол кедергісін қондыру

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: Жасанды жол кедергілері мен жол белгілерін орнату Жылыой ауданы полиция бөлімінің ұйғарымына сәйкес жүзеге асырылады. Полиция бөліміне арыз жазу қажеттігі тұрғынға түсіндірілді.

 

 

Қожамұратова Бақыт -                          Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Біржан сал  көшесіне жол кедергісін орнату

 

Құлсары қаласының әкімі Аудандық Полиция бөлімі
(келісім бойынша)

 

Объективті жауап: Құлсары қаласы СМП-615 Біржан сал көшесі асфальт бойына «Жасанды жол кедергісі» Қазақстан Республикасының стандарттары мен нормаларына сәйкес жасанды жол кедергісі мектептер, балабақшалар, ауруханалар, балалар ойын алаңдарының  жанында және авариялық-қауіпті учаскелерде орнатылады. Осыған орай  СМП-615 Біржан сал қөшесіне жасанды жол кедергісін орнату орынсыз болып табылатыны анықталды.

 

 

Біржан сал  көшесіне көше жарығын жүргізу

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында көше тізіміне енгізілген. Құрылыс жұмыстары қаражат бөлінуіне байланысты 2024-2025 жылдарға жоспарлануда.

 

 

Шаукиров Ибрагим  - Құлсары  қаласының тұрғыны

 

№255 көшесіндегі жарылған тоқ бағаналарды ауыстыру

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Мердігер мекемен келіссөздер жүргізілуде.

 

 

Теміржол вокзал аллеясын бұзып тастаған. Қайта қалпына келтіру

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: Теміржолшылар ықшам ауданындағы аллеяға жөндеу жүргізуге шығыны есептеліп, 2023 жылы бюджеттен қаражат қарастырылады.

 

 

Байқұтов Рысжан  - Құлсары  қаласының тұрғыны

   

Аялдамаға жаяу жүргіншілер белгісін қондыру

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалды: Аудандық полиция бөлімінің нұсқамасына сәйкес аумақтарға қажетті жол белгілері қойылды.

 

 

Аялдамаларға маршруттардың  келу-кету уақытары көрсетілген кестені  ілу

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: Аялдамаларға кесте ілу жөнінде мердігер мекемеге ұсыныс хат жолданды.

 

 

Сатанова Калимаш - Құлсары  қаласының тұрғыны

«Румия» дүкенінің  қасындағы жаяу жүргіншілер жолына  камера орнату

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Жылыой ауданы аумағында "Сергек" бейнебақылау камераларын орнату үшін мердігер мекеме анықталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме "Көркем Телеком" тарапынан құрылысқа қажетті материалдар сатылып алынуда. Бейнебақылау орнату жұмыстарын тамыз айының соңына жоспарлануда. Көрсетілген орын жоба аясында қамтылады.

 

 

Қашабаева Гүлназ  - Құлсары  қаласының тұрғыны                                                                            

 

«Атырау» ықшам ауданындағы           жаңадан салынған 5 қатарлы тұрғын үйлерді табыстау

 

Аудандық құрылыс бөлімі

 

Құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтамауына байланысты экономикалық сотқа талап арыз берілді. Сот шешімімен мемлекеттік сатып алудың жозықсыз қатынасушысы бөлігі қанағаттандырылусыз қалып,  тұрақсыздық айыбын өндіру бөлігін қанағаттандырды. Қазіргі таңда Атырау облыстық сотқа апелияциялық шағым дайындалуда.

 

Жаңа Қаратон кенті

 

Бабасов Әбіл - Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны,

Сүт цехын салу

 

Аудандық кәсіпкерлік және  АШ бөлімі, Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: Кәсіпкер А.Сисеновтың сүт өнімдерінің цехы ашу бойынша құрал жабдықтарын қосып беретін  Түркия елінен келетін зауыт өкілдерінің келуі күтілуде. 

 

 

Қабдешов Қанат  -                    Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

1-7 кварталдың  интернет   мәселесін шешу

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: Интернет байланысы үшін ауылдық округ бойынша тізім шығарылып, техникалық шарт жасақталды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Алайда, бір мекеме түсуіне байланысты өтпеді деп танылды. Екінші мәрте мемлекеттік сатып алу конкурсына жариялау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Қанағат көшесі №247 үйдің айналысына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ретке келтіру

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі,
Аудандық Полиция бөлімі
(келісім бойынша)

 

Орындалды: Қанағат көшесі №247 үйдің айналысына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ретке келтіру бойынша аталған тұрғын үйдің иесіне көшені ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Айтжанова Тлектес – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

 

2-6 ға квартал газ құбырын жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: 2-6 кварталға газ құбырын жүргізу бойынша  «ГазСервис» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қортындысы алынып, құрылыс жұмыстарына қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

*** (Мердігер «РемСтрой» ЖШС-гі.).

 

 

Қанаев Мейрамбай – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Кенттегі амбулаторияның жапсырмасының құрылысын  аяқтау

 

Аудандық құрылыс бөлімі,
Жылыой аудандық орталық аурухана (келісім бойынша)

 

Орындалуда: Орындалуда:  Жаңа Қаратон кентіндегі амбулаторияның жапсырмасының құрылысын аяқтау бойынша жөндеу жұмыстары басталып, су аққан шатырдың жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда шатырды жөндеуден кейінгі жауын шашында қайтадан су кету фактілері анықталып, басқада жөндеу жұмыстары тоқтап тұр.
Осыған сәйкес тапсырыс беруші Атырау облыстық құрылыс басқармасы мердігер мекемені сотқа талап арыз жолданған болатын. Қазіргі таңда сот процесі өткізіліп мердігер мекемені құрылыс жұмыстарын аяқтауға міндеттеді.

 

 

Дәрігерлер санын көбейтіп, жұмыс орнына тұрақтандыру

 

Жылыой аудандық орталық аурухана (келісім бойынша)

 

Орындалған жоқ: Жаңа Қаратон кенті дәрігерлік амбулаториясына бекітілген халық тіркелімі бойынша 6118 адам саны тіркелген. Медбике қажеттілігі жоқ, 100 пайыз қамтамасыз етілген. Жалпы штат бойынша 5 дәрігер қарастырылған. Оның ішінде 3 жалпы тәжрибелі дәрігер, 1 стомотолог қызмет атқарады.  Амбулаторияға 1 жалпы тәжрибелі дәрігер қажеттілігі бар.                                                                                                                                           

 

 

Кенттегі №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысымен мен жатықтырушылар Құлсары қаласынан келіп жұмыс жасайды. Кенте тұратын мамандарды алу

 

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Объективті жауап: Қазіргі таңда балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 13 жаттықтырушы қызмет етеді, оның ішінде  7 жаттықтырушы Жаңа Қаратон кентінің тұрғындары,  6-ы Құлсары қаласынан келеді.

Себебі спорт мамандығы бар кент тұрғындары кентте орналасқан №22 және №23 жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру пәні бойынша қызмет атқарады.

 

 

Аудан деңгейіндегі  турнирлер, спорттық жарыстарды  кенттегі дене шынықтыру кешеніне келіп өткізеді. Кент аумағындағы турнилер өткізілмейді. Мәселені шешу  

 

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Объективті жауап: Биыл кентте орналасқан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жылдық жоспарға сәйкес 14 спорттық шара өткізіледі. Оның ішінде аудандық  8 спорттық іс шара, кент бойынша 6 спорттық іс шаралар өткізіледі.
 Жаңа Қаратон кентінің тұрғындары, яғни кент жастары №4 балалар-жасаөспірімдер спорт мектебінде  аптаның сейсенбі, бейсенбі және сенбі  күндері сағат 19.00 ден-21.00 аралығында бос уақыттарын тиімді пайдалануы үшін спорттың футбол, жекпе-жек спорт түрлерімен шұғылданады.

 

 

Өмірзақов Жұмахмет- Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Жаңа Қаратон кенті бойынша ескі асфальт жолдарға  ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі, «Жылыойгаз» ЖШС-гі (келісім бойынша)

 

Орындалуда: Кенттегі ескі асфальт жолдарға  ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланған болатын. Алайда конкурсқа мердігер мекеме түспеуіне орай қайтадан  конкурс жарияланды.                                                                                                                                                            *** Конкурс 3 мәрте берілді.

 

Б.Рзиев көшесіндегі ГРП-ны жол жиегінен алшақ орнату

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалды: Б.Рзиев көшесіндегі ГРП-ны жол жиегінен алшақ орнату үшін жұмыс жобасын әзірлеу және құрылыс жұмысын жүргізуге жаңа жер телімін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жылу беру маусымы аяқталған соң жүргізілетін болады.

 

 

Кентке техникалық су жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалған жоқ: Кентке техникалық су жүргізу бойынша техникалық су құбыры иесіз мүлік болып 2019 жылы 3 желтоқсанда №2336-19-00/971 санымен сот шешімі шықты. 2021 жылы шілде айында аудан әкімдігінің қаулысы шығып, құжаттары жасақталды.
Қазіргі таңда құжаттары толықтай аяқталып, Жаңа Қаратон кенті әкімдігінің  теңгеріміне алынды.
Сонымен қатар «ТШО» мекемесіне су мөлшерін көбейту жөнінде хат жолданды. Су көбейтуге келісім берген жағдайда тұрғындарға техникалық су жүргізуге ЖСҚ жасақтау үшін қаражат қарастырылады.

 

 

Асанов Айсағали-
 Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

 

Теміржол өткеліне көпір салу 

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалған жоқ: Жылыой аудандық Құлсары қаласына темір жол өткелін салуға алғашқы іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жоспар шеңберінде теміржол өткелін Р.Балмұханов көшесінене эстакада салу көзделген.

 

 

Әлеуметтік желіге түскен сұрақ (инстаграмм)
Amankeldi__

 

Жаңа Қаратон кентінің тұрғындарын жұмыспен қамту

 

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Объективті жауап: Жұмыссыздық мәселесі шешу бойынша жыл басынан бері «ТШО» ЖШС-нің мердігер және қосалқы мердігер мекемелерімен 35 рет жиын өткізілді. Басты мәселе жергілікті аудан тұрғындарын бірінші кезекте жұмыспен қамту және мекемеде жұмыс жасап жатқан қызметкерлерді мүмкіндігінше кысқартпау туралы қаралды.
Сонымен қатар 1 рет жәрмеңке өткізіліп, 40-қа жуық бос жұмыс орындары ұсынылып, оған 427 жұмыссыз түйіндемелерін тапсырып, 96 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінің қолдауымен, «ТШО» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «APECPETROTECHNIC» ЖШС-не, «ILT» ЖШС және «Ақтау тренинг» оқу орталықтары мен «Maxwell» ЖШС-мен бірлесіп жұмыссыздықта тіркеуде тұрған жергілікті тұрғындарды Теңіз кенішіндегі қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін оқу курстарын өткізді.
Осындай жұмыстар алға қарай да нәтижесін тауып жалғастырыла беретін болады.
*** 100-ге жуық адам тегін оқып, сертификаттарын алды.
Бұдан бөлек а.ж.шілде айынан бастап мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.

 

 

Тлегенова Жаңыл - Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Балбырауын көшесіне «Дәрмен» дүкенінің қасына аялдама қою

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласының Бас жоспарына сәйкес қала ішіндегі аялдамалар белгіленген жерге орнатылатын болады. Қалаға қажетті аялдамалар тізімі жасақталып, бюджеттен қаражат бөлінді. 80 дана аялдамаларды сатып алу  және орнату жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып,өтінімдерді қосымша қаралу сатысында тұр.                                                                                                                                                        Құлсары қаласынан босаған аялдаманы кент ішіне орнатылады деп күтілуде.

 

 

Ә.Кекілбаев көшесіне тротуар салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ                          және ТИ бөлімі
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: Кент бойынша 20 км жаяу жүргіншілер жолын салу (тротуар) ҮШІН Құжаттар мемлекеттік сараптамадан оң қортындысы алынып, алдағы болатын кезекті сессиядан қаражат сұрауға өтінімдер дайындалуда.

 

 

Балалар ойын алаңын салу

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: Жаңа Қаратон кенті бойынша 6 балалар ойын алаңы және 4 кіші аяқ доп алаңы бар. Алайда кент көлемінің үлкеюіне байланысты №22 және №23 мектептердің шарбағына спорт алаңдарын салуға "Аккорд Инжиниринг" ЖШС-гі мен ЖСҚ жасақталуда. Құрылыс жұмыстары 2025-2026 жылдарға жоспарланған.

 

 

Джулгутов Ерлан - Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Екінші аллеяны саябаққа айналдыру

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: Кенттегі №2 аллеяны саябаққа айналдыру үшін сметасы жасақталды. Құрылыс жұмыстары жүргізуге мердігер мекеме "Анорда" ҚБ жеңімпаз болып анықталды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталады.

 

 

Кенттегі қоқыс қалдықтарды аптасына 2 рет алу 

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Объективті жауап: Кент ішіндегі тұрмыстық қалдықтарды "Эко қала ХІ" ЖШС-гі алады. Алайда тқрғындардың ұсынысы бойынша қоқыс қалдықтарды аптасына 2 рет алу туралы аталған мекемеге 27.06.2023 №371 санмен ұсыныс хат жолданды. "Эко Қала ХХІ"  ЖШС-нен а.ж 29 маусымында №145 санды хатпен жауап алынды. Жеке тұлғалар арасындағы келісім шартқа сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтар аптасына 1 рет алынады. Алайда, тұрғынның ұсынысы бойынша құрылыс қалдықтарының алынбауы. Техникалық бұйымдар, жиһаз, ірі тал қалдықтары, ірі көлемде мал көңдері, құрылыс қалдықтары келісім шарттан бөлек тапсырыс беру арқылы жүргізіледі. 

 

Ажибаев Салауат - Жаңа  Қаратон кентінің тұрғыны -

Жасанды жол кедергісін салу

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі Аудандық Полиция бөлімі
(келісім бойынша)

 

Орындалды: Жылыой ауданы Жаңа-Қаратон кенті Майтөбе көшесі «Мұнайшы» саябағы қасындағы асфальт жолына 1.16.1 «жасанды бұдырлық» жол белгісі және жасанды жол кедергісі орнатылды.  

 

 

Әлеуметтік желі-instagram
Nurzhan_chelsea_fan

 

Ақжол көшесінің тоқ қуатын күшейту 

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалды: Аталған мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары және "Атырау Жарық" мекемесінің басшысымен зерделеу жұмыстары барысында "Балбырауын" көшесіндегі трансформаторға  100 үй қосылғандығы анықталды. Нәтижесінде Жаңа Қаратон кентіне қызмет көрсетуші мекемемен ЖК "Мұздыбаева" 30 үйді "Ә.Кекілбаев" көшесіндегі трансформаторға ауыстырылды.

 

 

Әлеуметтік желі-instagram
Aizhan6636

 

Көшеде мотоцикл жол бермейді. Түнгі мезгілде жүреді. Қоғамдық тәртіпті қадағалау 

 

Аудандық Полиция бөлімі
(келісім бойынша)
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Объективті жауап: Көшелерде қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында, Жылыой ауданы полиция бөлімінен 2 учаскелік полиция бөлінген. Кент ішінде түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылып, қызметкерлермен жұмыстар атқарылуда, қосымша тапсырмалар берілді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Жаңа Қаратон кенті әкімі аппаратынан аудандық ішкі істер бөліміне ағымдағы жылдың 04 шілдесінде №387 санмен хат жолданды.

 

Ақкиізтоғай ауылдық округі

 

Мусиев Тынышбай - Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

14 км асфальт жол жүргізу жұмыстарына қаражат бөлінді ма

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Ауылішілік 14 шақырым автомобиль жолдарын салу бойынша жоба жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстары ауданның даму жоспарына сай 2024 жылға жоспарланып отыр. 

 

 

Ауылға  жаңа мектеп салу не себептен кейінге шегерілген туралы

 

Аудандық білім бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Білім саласы бойынша  «Жылыой  ауданын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына»  Ақкиізтоғай  ауылдық  округіне  300 орындық  жаңа мектеп құрылысы енгізілген. Құрылыс жұмыстарына Жоба-сметалық құжаттама дайындау 2024 жылға, 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салу  2025-2026 жылдарға  жоспарланғаны түсіндірілді.                                                                                                                                                                                                                                                                             

 

 

Теңіз кенішінде үшінші буын  зауыты іске қосылғанда қажетті мамандар дайын ба

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: Жыл басынан бері Теңіз кенішіндегі 35 мекеме басшыларымен жиын өткізілді. Басты мәселе әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында жергілікті халықты жұмыспен қамту. Аталған мәмелелер бойынша хаттама жасақталып, мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.                                                                                                                                                                                                                                Сонымен қатар, Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен, «ТШО» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «APECPETROTECHNIC» ЖШС-не, «ILT» ЖШС және «Ақтау тренинг» оқу орталықтары мен «Maxwell» ЖШС-мен бірлесіп жұмыссыздықта тіркеуде тұрған жергілікті тұрғындарды Теңіз кенішіндегі қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін оқу курстарын өткізді.
*** 100-ге жуық адам тегін оқып, сертификаттарын алды.
Бұдан бөлек а.ж.шілде айынан бастап мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.

 

 

Жайылымдық жерлердің көлемін кеңейту

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет жәна қала құрылысы бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалы-Агрохимиялық топырақ зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаментімен келіссөз жүргізіліп ағымдағы жылдың 10 тамызында келісім шарт жасақталды.

 

 

Жеке такси жүргізушілерді жеке кәсіпкер ретінде құзырлы органдарға тіркелгендігін анықтау

 

Аудандық АШ және кәсіпкерлік бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: Жеке такси жүргізушілерді жеке кәсіпкер ретінде құзырлы органдарға тіркелгендігін анықтау бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына 10 такси жүргізушілердің тізімі берілді.
 Тексеру қорытындысы бойынша  кәсіпкер ретінде тіркелмегені анықталды.
А.ж. 17 қаңтар күні аудандық Полиция бөлімімен бірлесе отырып, ауыл тұрғындарымен және жолаушы тасымалдаушы көлік иелеріне түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.
Нәтижесінде 10 такси жүргізушінің 7-еу қызметтерін тоқтатты, 1-еуі   тиісті құжаттарын жинақтап, кәсіпкер ретінде тіркелді. 2 такси жүргізушілері вахталық қызметтен кейін демалыс кезінде арасында такси қызметін атқаратыны анықталды.

 

 

Ақкиізтоғай ауылдық дәрігерлік амбулаториясына  жаңа жедел-жәрдем автокөлігін алып беру

 

Жылыой аудандық орталық аурухана
 (келісім бойынша)

 

Орындалды: Демеушілік арқылы 6 ауылдық округке 6 санитарлық автокөлік табысталды.

 

 

Әділов Әсет  - Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

Жұмыссыздық мәселесін шешу

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Жыл басынан бері Теңіз кенішіндегі 35 мекеме басшыларымен жиын өткізілді. Басты мәселе әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында жергілікті халықты жұмыспен қамту. Аталған мәмелелер бойынша хаттама жасақталып, мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.                                                                                                                                                                                                                                Сонымен қатар, Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен, «ТШО» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «APECPETROTECHNIC» ЖШС-не, «ILT» ЖШС және «Ақтау тренинг» оқу орталықтары мен «Maxwell» ЖШС-мен бірлесіп жұмыссыздықта тіркеуде тұрған жергілікті тұрғындарды Теңіз кенішіндегі қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін оқу курстарын өткізді.
*** 100-ге жуық адам тегін оқып, сертификаттарын алды.
Бұдан бөлек а.ж.шілде айынан бастап мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.

 

 

Сандыбаева Дина - Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

Еңбек ақысын алалмай жүргендігі туралы

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: Д.Сандыбаева "Ақбөбек" бөбекжай-бақшасында пеш жағушы болып жасаған жұмысына 2023 жылдың қаңтар айына еңбекақысы толық төленді. Ақпан айынан бастап ақылы қоғамдық қызметке алынды.

 

 

Ауылдағы бұралқы иттерді аулау жұмыстарын жүргізу

 

Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалуда: Бұралқы иттерді аулау жұмыстары басталып, күні бүгінге 4 ит  ауланды.

 

 

Ауыл ішіне аялдамалар салу

 

Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалған жоқ: Ауыл ішіне аялдамалар орнату бойынша жол салу жұмыстары жүргізілгеннен  кейін автобус маршруты қайта қаралып, жоспарға енгізілетін болады. 

 

 

Салынған балалар ойын алаңдарын үнемі бүлдіріп кетеді. Шара қолдану

 

Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалған жоқ: Ойын алаңын бүлдіріп кету фактісі бойынша бұзақылар анықталмады. Орын алған жағдай бойынша сол әкімшілік аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторына тапсырма берілді. Көрсетілген аймақ бақылауда тұр.
 *** Кездесуден кейін ойын алаңдарын бұзу  фактілер болмаған.

 

 

Қарасаев Амангелді -
Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

Жаңа мәдениет үйін салу қашан басталады

 

Аудандық құрылыс бөлімі
Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалуда: Ақкиізтоғай ауылында 200 орындық мәдениет үйін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан қорытындысы шықты. Құрылысын салу үшін жоба «Игілік» бағдарламасына ұсынылды.

 

 

Ермеков Самат -Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

Қора-жайлар салынатын 14 км асфальт жолға түсіп тұр. Бұзу жұмыстары жүргізіле ма

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі
Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Объективті жауап: Бұл мәселе бойынша  14 км асфальт жолға түсетін 9  қора-жайлар иелеріне бұзылатыны жөнінде хат арқылы ескертулер беріліп, ауылдық округтің Бас жоспарына сәйкес қосымша жер телімі берілетін болды. Қосымша жер үшін ситуациялық сызбасы жасалып, тұрғындарға таратылды.
*** Жалпы қосымша жер алу үшін тұрғындар өздері өтініш беру керек. Қазіргі таңда бір тұрғынан өтініш түсті.

 

 

 

Теніз кеңішіндегі вахталық жұмыстын ұзақтылығын 14 күнге ауыстыру

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: «ТШО» ЖШС-нің  жауап хатында  қызметкерлердің ауысымының ұзақтығын кәсіпорынның қажеттіліктерін ескере отырып, әрбір жұмыс беруші компания дербестері белгілейді. Бұл мәселе ҚР Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық, еңбек шарттарымен реттеледі.
***Жылыой ауданының тұрғындары үшін ерекше ауысымдық режимді орнату мүмкін емес, өйткені өндіріс құрылымында жұмысшылардың "аумақтық" бөлінуі қолданылмайды делінген.

 

 

Тұржанов Мыңбатыр - Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

Жансүгіров көшесінде тоқ қуаты әлсіз. Үнемі қысқа тұйықталу (замыкание) болады. Мәселені шешіп беру

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі
Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалды: Жансүгіров көшесінің тоқ қуаты әлсіздігі бойынша а.ж.сәуір айының 10 күні "Атырау Жарық" ЖШС-нің мамандары келіп, бағаналарды ауыстыру, тоқ желілерін қайтадан тарту жұмыстары жүргізілді.

 

 

Әлеуметтік желі-instagram
aibek_jakanovich

 

Құлсары-Ақкиізтоғай автомобиль тас жолына ақ жолақ сызу жұмыстары жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі
Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалуда: Құлсары-Ақкиізтоғай автомобиль тас жолына ақ жолақ сызу жұмыстары мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланды.  Әлеуетті өнім берушілер конкурстың нәтижесіне шағым қалдырып, қазіргі таңда шағым қаралуда.
 *** Конкурсқа 3 мәрте берілді.

 

 

Әлеуметтік желі-instagram
turarbekovsandibek

 

Қора-жайлардың артына   жер учаскелерін береді. Ол жерге малдың тезегін төгеді. Осы мәселені реттеу

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет жәна қала құрылысы бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: "Экотехникс" ЖШС-гі өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес мал көңдерін жыл ішінде екі рет алып отырады. Биылғы жылға да алуға сұраныс хат жолданды.
*** Сұраныс хат 12.04.2023 №06-03-16-03-7/91 жолданған. 2022 жылдың көктемде және күз айында аталған мекеме мал тезектерін алған.

 

 

Әлеуметтік желі-instagram
Ainagul198042

 

С.Аронұлы көшесіне жол және көше жарығын жүргізу

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет жәна қала құрылысы бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Ауыл ішілік көшелерді жарықтандыру үшін "Ремстройпроект" ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті. Құрылысына қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Конкурс қорытындысына сәйкес "Қазақстан Электракомплекс" ЖШС-гі жеңімпаз атанды. Құрылыс жұмыстарына материалдар алынуда.                                                                                                             Аталған көшеге жол салу жұмыстары 14 шақырым автомобиль жолдарын салу тізіміне енгізілді. Қазіргі таңда жоба жасақталып, сараптамадан оң қорытыныдысы алынды. Құрылыс жұмыстары қаражат бөлінуіне орай 2024 жылға жоспарлануда.

 

 

Әлеуметтік желі-instagram

temuxa79

Ауылға қора-жайға жер учаскелері беру

 

Ә.Шәкіров – аудан әкімінің орынбасары,
Аудандық жер қатынастары, сәулет жәна қала құрылысы бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Аудандық маслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы №35-7 шешімімен бекітілген Ақкиізтоғай ауылдық округінің бас жоспарына сәйкес қосалқы шаруашылық үшін жер учаскелері қарастырылмаған. Алдағы уақытта бас жоспарға өзгеріс енгізу кезінде қолданыстағы заңдарға сәйкес қосалқы шаруашылық үшін жер учаскелерін қарастыру енгізілді.

 

 

Жаңа салынатын мәдениет үйінің жерін қайта қарау

 

Аудандық құрылыс бөлімі
Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Объективті жауап: Салынатын мәдениет үйінің жері өзгеріссіз қалады. Себебі санитарлық аймағы сақталған.

 

 

Ауыл балаларының  жаттығатын Дзюдо Бокс залын кеңейту

 

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, ДШ және спорт бөлімі
Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалған жоқ: Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына 2023 жылдың 8 ақпан күні №06-03-04-03/78 шығыс хатымен дзюдо бокс залын кеңейту бойынша облыстық басқармаға хат жолданып, ұсыныс берілді. Ұсынысымызды қарастыратынын мәлімдеді.

 

 

Әлеуметтік желі-instagram
aslan_umirzakov

 

Кәріз су  төгетін орын бөлу

 

«Жылыойсу» МКК-ны (келісім бойынша)
Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Объективті жауап: Округ бойынша орталықтандырылған кәріз су құбыры болмағандықтан, орталық кәріз су айдау станциясы қажет етпейді. Ал жеке сектордағы тұрғын үйлердің кәріз суларын аудан бойынша орталықтандырылған кәріз су төгетін орын Құлсары қаласында орналасқандықтан, вакууммен алынған кәріз суы осында әкеліп құйылады.

 

 

Әлеуметтік желі-instagram

svetilnik_uralsk

Жекеге өтіп кеткен ескі монша және клуб ғимараттарын  округ әкімі аппаратының балансына алу

 

Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Объективті жауап: Ғимараттар жеке адамның иелігінде болғандықтан жекеге алу мүмкін емес. Жалпы ғимараттарды қалпына келтіру және қаскелбеттеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге меншік иелеріне ескерту берілді. Орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартып, шара қолданылатын  болады.
*** Ескі монша "Жаңа-Таң" ЖШС-нің, клуб ғимараты азамат Ж.Құбашевтің жеке меншігінде.

 

 

 

Ауылдың жағдайын көтеру үшін бюджеттен қаражат бөлу мәселесін қарастыру

 

Аудандық экономика және қаржы бөлімі
Ақкиізтоғай  ауылдық округінің  әкімі

 

Объективті жауап: Ақкиізтоғай ауылының жағдайын көтеру үшін жергілікті бюджет қаражат бөлінді. Атап айтқанда:                                                                                                                                                                      • Ақкиізтоғай ауылішілік автомобильдер жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарына;                                                                 

                                                                                                                                                     

• Ақкиізтоғай ауылында кіші аяқ доп алаңын салу.                                                                                                                                                                                                                                                       

                                                                                                                                                                                                                                                                         

• Ақкиізтоай ауылындағы "Ақбөбек" бөбекжай бақшасына автотұрақ салу.

 

Мусиев Тынышбай - Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

Ауылдың электр желілерін  жаңарту жұмыстарын аяқтау

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Ауылішілік көшелерді жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті. Құрылысына қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды.                                                                             *** Конкурсқа 3 мәрте берілді.

 

 

Негізі жол салу жобасына  қарамай Украин төбе көшелеріне грейдер жол төсеп беру 

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жобасы бойынша қалаішілік көшелер бөлшектелген уақытта артылып қосымша жинақталған уақытта төгу мүмкіншіліктері қарастыралады.

 

 

Жол белгілері тек жолдың бір жақ бетіне Құлсары-Ақкиізтоғай бағытында орнатылған. Ақкиізтоғай-Құлсары  бағытына жол белгілерін орнату. Атқарылып жатырған жұмысты бақылауға алу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Ақкіизтоғай-Құлсары бағыты жолы ауданішілік жол болуына   байлынысты жол белгілері (километраж) бір жақты орнатылады.     

 

 

Ауылда орналасқан билбордтарды сапалы орнату. Жел тұрған кезде ұшып кетеді.

 

Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: 2023 жылдың тамыз айында демеушілік арқылы жаңартылып, орнату жұмыстары жүргізілді.

 

 

Ауылшаруашылық бағытында берілетін несиелер бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру  жұмыстарын жүргізу мақсатында жиындар өткізу

 

Аудандық АШ және кәсіпкерлік бөлімі
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: Ағымдағы жылдың 21 шілде күні "Ауыл аманаты" жобасы бойынша Ақкиізтоғай ауылдық округі тұрғындарымен Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастырылды.

 

 

Мал азықтарының дайындығы туралы

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Округте шабындық алқабы жоқ. Өзге облыстан мал азығын тасымалдаушылардан сатып алынады. 2023 жылдың 1 тамыз айына дейін 300 т шөп өнімі алынды.

 

 

Базарбаев Сұлтанғали - Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

Жем өзенінен техникалық су тарту жолдарын қарастыру

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі
Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Аталған ұсынысты орындау мақсатында жобалық сметалық құжаттарды жасақтауға бюджеттік өтінім дайындалуда. Алдағы өткізілетін сессияға ұсынылатын болады.

 

Жем ауылдық округі

 

Тлекешов Сыраубай
Тұрғызба ауылының тұрғыны

2017 жылы салынып, аяқсыз қалған трансформаторды орнату жұмысын аяқтау

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалуда: Тұрғызба ауылындағы электр желілерін жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамасы «Проектстройинжирининг» ЖШС-мен жасақталып, сараптамадан өткізілді. 2023 жылы II тоқсанда құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу  конкурсы ұйымдастырылуда.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

 

 

Кенжиев Сырлыбай -  Тұрғызба ауылының тұрғыны

Ауыл жастарына мамандықтар игеруіне қандай шаралар жасалып жатыр?

 

Аудандық ішкі саясат бөлімі,                                                                                                                                                                                                                                                                                                 Аудандық жұмыспен қамту орталығы,
Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Объективті жауап: Заң шеңберінде түсінік берілді. Ауыл тұрғындарын мамандықтарға оқыту аудандық жұмыспен қамту орталығынан түскен ұсынысқа сәйкес хабарландырылып, тізімі қалыптастырылып, кері аталған бөлімге жолданады.Жастарға қажетті мамандықтарға оқыту үшін жергілікті жерден мүмкіндігі қарастырылуда. Ол- "APEC International" оқу жүйесінің Құлсары қаласынан ашылып, КиПиА мамандығына оқытылып жатыр. Қазіргі уақытта әр азаматқа өмір сүруге талпынып, өзін-өзі жұмыспен қамтуға мүмкіндік бар. Ол шағын және орта бизнеске қарай қадам жасау, мемлекеттік қолдаулар бар соларды тың, нәтижелі бизнес идеялармен ұштастыру. Сұрақ қоюшымен 17.02.2023ж кері байланыс орнатылды.                                                                                                                                                                                       *** 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ұлттық жоба»  бағдарламасы бойынша «Кәсіптік оқуды ұйымдастыру және қаржыландыру» жоба шеңберінде қысқа мерзімді кәсіби оқытуға әр түрлі мамандық пен мерзімге жолданады.
«Теңізшевройл» ЖШС-нің ұйымдастыруымен «APEC PetroTechnic», «ILT», «Ақтау тренинг» ЖШС-теріне оқу орталықтарына құбырмонтаждаушы, электр дәнекерлеуші, ағаш сатылы монтаждаушы, дәнекерлеуші және т.б мамандықтар бойынша іріктеу жүргізіліп, 87 жұмыссыз қатысып, 14 жұмыссыз жолдамамен оқуға жіберілді. Сонымен қатар «Максвелл» ЖШС-мен бірлесіп оқуды 76 жұмыссыз аяқтап «APEC PetroTechnic» ЖШС-нің сертификаттарын алды. 6 адам жұмысқа орналасты. Ағымдағы жылдың  мамыр айында «APEC PetroTechnic»-ке оқу басталады

 

 

Садықова Сағида -  Тұрғызба ауылының тұрғыны

Ауылға 20,7 км асфальт жолы қашан салынады

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалуда: Тұрғызба ауылына 2,8 км асфальт жол салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өтті. Құрылыс жұмыстарына қаражат бөлініп, тамыз айында басталды. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
 *** (Мердігер мекеме «Казкомсервис» ЖШС-гі.).
 Осыған қосымша 20,3 км асфальт жол салуға қосымша түзетулер енгізіліп, ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті.
 *** ( Жобалаушы мекеме «Проектстройинжиниринг» ЖШС-гі).

 

20,7 км асфальт жолына көше жарығы қарастырылған ба?

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Объективті жауап: Жол салу құрылысының жобалық- сметалық құжаттамасында көше жарығы құрылысын салу қарастырылмағаны жөнінде ұсыныс берушіге түсіндірме  жұмыстары жүргізілді.                                                                                                 

 

 

Ауылдағы амбулаторияға лабораториялық құралдар алу.
Ауылдан лаборатория ашу

 

Жылыой аудандық орталық аурухана
(келісім бойынша)

 

Объективті жауап: Тұрғызба ауылдық дәрігерлік амбулаториясы лабораториялық құралдармен толықтай жабдықталған. Ауылдық амбулаториядан жалпы қанмен несеп зертеулерін алады.  Басқа зерттеулерді алу үшін  Құлсары қаласында орналасқан Олимп зертханасына медициналық ақпараттық жүйеге салынуы арқылы науқасты жіберуге мүмкіндігі бар.

 

Ауылға дәріхана ашу

 

Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі,
Жылыой аудандық орталық аурухана
(келісім бойынша)

 

Объективті жауап: Ауылдық елді-мекендерде дәріхана ашу тиімсіз, әрі фармацевт мамандары тапшы екені ұсыныс берушіге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

Тазалық машинасының ескіргендігі туралы

 

Ә.Шәкіров  – аудан әкімінің орынбасары,
Жем ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Тұрғызба ауылында жеке секторлардан қатты тұрмыстық қалдықтарды ыдыссыз жинау тәсілімен "Экоқала -XXI" ЖШС-гі айналысады. Сол мекеменің МАЗ автокөлігі аптаның 5 күнінде тұрақты келіп қоқыстарды жинап алып отыр. Көлікті жаңасына ауыстыру қатты тұрмыстық қалдықтарды тасумен айналысатын мекеменің өз құзыретінде. Қазіргі келіп жүрген МАЗ көлігі бұзылған жағдайда, дереу орнына басқа көлік жіберуде. Ал, округте орналасқан мекемелер мен ұйымдардың қоқыстарын тиеп алып кететін әрқайсысының келісім-шартқа отырған өз мердігер мекемесі бар.                                                                                                                                                          

 

 

Көң төгетін жер бөлу

 

Аудандық ЖҚ,сәулет және ҚҚ бөлімі,                                                                                                                                                                                                                                                                                       Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалған жоқ: Үй жануарларының, төрт түлік малдың биоқалдықтарын төгуге алаң құрылысын салу жолдары қарастырылуда.                                                                                                                          

 

 

Ауылдық амбулаторияға жаңа жедел жәрдем көлігін алып беру

 

Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: Демеушілік арқылы 6 ауылдық округке 6 санитарлық автокөлік табысталды.

 

 

Кенжебаев Көбек -
Тұрғызба ауылының тұрғыны

Ауыл әкімі және  жауапты мамандары әлеуметтік желіге түскен сұрақтарға  (ватсап) уақытында жауап беру

 

Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Объективті жауап: Жем ауылдық округі әкімі аппараты  әлеуметтік желілеріне және ауылдағы ортақ чаттарға түскен сұрақтарға дер кезінде  бас мамандар С.Доскалиев (коммуналдық сала) пен А.Кабесова (әлеуметтік сала) жауап беріп отыр.                                                                                                                                                                                   

 

Сабытаев Абылай - Тұрғызба ауылының тұрғыны

Салынған көпірдің жан-жағын көтеруге техника жіберу. Техниканы қадағалау, дұрыс мекемеге тапсыру

 

Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалды: Тұрғызба ауылының солтүстік-батыс бетіндегі Жем өзені бойындағы төрт трубалы шлюз (Таймұхан көпір) 2023 жылдың 14 наурызы күні Жем өзені бойындағы судың күрт көтерілуі және мұздардың соғылу салдарынан табиғи жағдайда бұзылып кетті. Қайта қалпына келтіру жұмыстары су арнасы кепкеннен кейін 6 дана трубаға көбейтіліп шілде айында жүргізілетін болады.  2023 жылы 15 -18 наурыз аралығында "Сичим" ЖШС-нен демеушілік көмекпен келген 2 жүк көлігі мен 1 арнайы жүктеу техникасы, "Базисойл" ЖШС-нің 1 арнайы жүктеу техникасы Тұрғызба ауылы айналасындағы судан қорғаныс дамбаларының осал жерлерін топырақпен көтеруге және нығайтуға (4 км), ауылдың солтүстігінде Жем өзені бойында (шынтақ) 100 метр жерді бекітуге жұмыстар жасады. Техникалардың үздіксіз мезгілімен жұмыс жасауы "Сичим" ЖШС қауіпсіздік қызметі және округі әкімдігі тарапынан қадағаланды.                                                                                                                                                                                                 

 

 

Құлсары-Тұрғызба тас жолына жол белгілерін қою

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалды: Қажетті ауыл ішілік жол белгілерінің тізімі жасақталып, мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланды.  Женімпаз болып  ЖК  "Амангелдиев"  анықталды. Орнату жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында аяқталды.

 

 

Құлсары-Тұрғызба тас жолына ақ жолақ сызу

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалуда: Жылыой аудандық маңызы бар 80 шақырым автомобиль жолдарына ак жолық сызу, таңбалау жұмыстарына, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Әлеуетті өнім берушілер конкурстың нәтижесіне шағым қалдырып, қазіргі таңда шағым қаралуда.

 

 

Жекеев Айболат - Тұрғызба ауылының тұрғыны

Орталық көшеге көше шамдары салынады ма?

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалуда: Тұрғызба ауылына 12 км көше жарығы құрылысына ЖСҚ-сы жасақталып,  сараптамадан өткізілді. Құрылыс жұмыстарына қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесімен «Қазақстанэлектропроект» ЖШС-гі жеңімпаз атанды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында жұмыс басталады деп күтілуде.                                                                                                                                                                                                                                                                           

 

 

Төремұрат Асқар - Тұрғызба ауылының тұрғыны

Елді мекендерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларға Тұрғызба ауылы енгізілген ба?

 

Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Объективті жауап: Жем ауылдық округі әлеуметтік-экономикалық дамытуға "Жылыой ауданын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына" енгізілген.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

 

 

Әлеуметтік желіге түскен сұрақ (инстаграмм)
aika

 

Ауыл ішндегі  қар басқан көшелерді тазалау

 

Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалды: Тұрғызба ауылы ішіндегі қар басқан көшелер мердігер "Мұздыбаева " ЖК -мен бірлесе арнайы техникамен 2023 жылғы 15 және 17 ақпан күндері қардан тазартылды. Жасалған жұмыстар әлеуметтік желілерге дер кезінде жарияланды. 

 

 

Өткелбаев Аслан - Тұрғызба ауылының тұрғыны

Алтықұлақ, Піл, Қосжан, Бимырза көпірлерін нығайту жұмыстарын жүргізу

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалды: Жем ауылдық округінде 2023 жылдың 11 -16 шілдесі аралығында Піл (Аққұдық), Бимырза өзегі, Қосжан көпірлерін нығайту және Қойсары елді-мекені тұсына халықтың қатынасы үшін диаметрі 500-дік бір тұрба салынып жұмыстар аяқталды. "Сенімді құрылыс" ЖШС-нің демеушілік көмегімен 2 погрузчик, 4 самосвал техникалары жұмылдырылды. Сұрақ қоюшы аталған жұмыстарды бітірген кезде өзі аяқтай келіп көріп, басында болды. 

 

 

Үбіғалиев Жұман - Тұрғызба ауылының тұрғыны

Тоқ желіліренің бағаналарын жаңғырту жұмыстарын жүргізу

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің  әкімі,
«Атырау Жарық» АҚ, ЖАЭЖ-сі

 

Қойсары мен Қараша елді мекені арасындағы 8 км -дің 3 км сымды электр желілері 40 дана электр бағаналары ауыстырылды. Тұрғызба ауылы мен Қойсары елді-мекені арасындағы электр тоғы бағаналарын ауыстыру кезең-кезеңімен жоспарланған.                                                                                              

 

 

Тілегенов Әлібек -Қойсары елді мекенінің тұрғыны

 

Елді мекен тұрғындарын жұмыспен қамту

 

Е.Едігеев – Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры

 

Объективті жауап: Жыл басынан "2021-2025" жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде 6 ай қорытындысы бойынша жұмыспен қамту орталығына  жұмыс іздеуші  ретінде 3687  жұмыссыз тіркеліп, 1096-сы жұмыспен қамтылды.
Жыл басынан бері Жылыой ауданы әкімінің ұйымдастыруымен «Теңізшевройл» ЖШС-нің мердігер және қосалқы мердігер мекемелерімен 35 рет жиын өткізілді. Күн тәртібінде басты мәселе бұл жергілікті аудан тұрғындарын бірінші кезекте жұмыспен қамту және мекемеде жұмыс жасап жатқан қызметкерлерді мүмкіндігінше кысқартпау туралы қаралды.

 

Қара Арна ауылдық округі

 

Қоңқақов Қуанышқали -  Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

 

Қабас учаскесіне №53 маршрутты жүргізу туралы

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Қара Арна ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Қ.Жамансарыұлы көшесіне 1 км 600 метр тас жол толықтай автомобиль жолы төселген уақытта 53 маршрут бағытын Қабас учаскесіне қарай бұру мүмкіншілігі қарастырылатыны тұрғынға түсіндірілді.

 

 

Бөлтеков Сәндібек - Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

 

№53 маршрутқа сиымдылығы 50 адам автобус  шығару

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалды: №53 маршруқа  сыйымдылғы 50 адамдық автобус шығарылды

 

 

Ерғалиев Бағытжан – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

Қабас учаскесіне автобус жүргізілген жағдайда  2 дана аялдама қондыру туралы

 

Қара Арна ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Қ.Жамансарыұлы көшесіне 1 км 600 метр тас жол төселген соң ғана, автобус маршруты өзгертіледі және 2 жерге аялдама қондырылатыны түсіндірілді.

 

 

Алдашбаева Амангүл - Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

Қыстың мезгілінде қызметтік пәтерінің   ауыз су желісі  қатып қалады.  Мәселені шешіп беру туралы

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Қара Арна ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Су жүйесін  тартуға қажетті құрал жабдықтарды демеушілікпен алып беру көзделуде. Әрі қарай су жүйесін қосу жұмыстарын «Жылыой су» мекемесі атқаратын болады.

 

 

Әлеуметтік желіге түскен сұрақ (инстаграмм)
Бибигул Агисова

 

Қабас учаскесінде  тоқ трансформаторы ауыстырылды, бірақ тоқ азайып кетті.

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Қара Арна ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Ауылішілік электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары атқарылғаннан кейін тоқ мәселесі шешілетін болады.

 

 

Жиенқұлов Есен - Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

Малды жаятын жайылым жер жоқ. Шаруа қожалықтары ауылдан  5-7 км қашықтықтан жер алып алған. Сол жерлерді мемлекет қорына қайтарып, ауыл тұрғындарының малы үшін  жайылым жер бөлу

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі                                                                   Қара Арна ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Жайылымдық жерлердің көлемін кеңейту бойынша Алматы қаласындағы агрохимиялық топырақ  зерттеу және кешенді іздестіру жұмысы департаментімен келісім шарт жасақтау жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың тамыз бастап жұмыстар жүргізілуде.
*** Округтің жалпы аумағы 560 030 га, оның ішінде елді мекен жерлері – 5725 га, босалқы жерлер – 554 305 га. Бүгінгі күнге дейін ауыл шегінде жайылымдары бекітілмеген.

 

 

Бөлекбаев Нұрбай - Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

Ауылда тоқ қуатының күші аз.  Тоқ желілері ескі. Жаңа электр желілерін жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ                          және ТИ бөлімі
Қара Арна ауылдық округінің әкімі

 

Қара Арна ауылдық округі электр желелірін қайта жаңғырту жобасы жасақталып,  сараптамадан  оң  қорытынды алынды. Қазіргі таңда, мердігер мекеме анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстары жариялануда.

 

 

Байланыс желісін ретке келтіру. Сапасыз, қисық жүргізілген.

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Қара Арна ауылдық округінің әкімі
«Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық филиалы (келісім бойынша)

 

Орындалуда: Жол салу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, байланыс желісін ретке келтіру жұмыстары а.ж  қыркүйек айында жасалынатын болады.

 

 

 

«БатысТехИнвест» ЖШС-де жүргізуші болып жұмыс жасаған азамат С.Базарғалиевті жұмыстан себепсіз шығарған. Себебін анықтап беру

 

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі
Қара Арна ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Ағымдағы жылдың 21 шілде күні "Батыс Тех Инвест" ЖШС-нің кадр қызметі менеджеріне қоңырау шалып сөйлесілді. С.Базарғалиевтің келісім-шартының мерзімі тоқтауына байланысты, жұмысы тоқтатылды.

 

 

Махамбет Шоқан  - Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

«Дүйсеке Ата» қауымын қоршау

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: Жер телімін теңгерімге алу жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Жол апаты көп болуына байланысты «Құлсары-Атырау» тас жолының 3 жерінен,  яғни «Моншақ Ата», «Көк Арна», «БикБике» тұстарынан үш аяқты  камера қондыру

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ                          және ТИ бөлімі
Аудандық Полиция бөлімі                           (келісім бойынша)
Қара Арна ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Республикалық маңызы бар «Құлсары-Атырау» тас жолына үш аяқты камера орнатылмайды.

 

 

Сисенғалиев Құрманғали– Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

«ТШО» ЖШС-гі қаржыландыруымен көше тұрғындары бірігіп, Т.Дешенов көшесіне «Ойын алаңын» салған.  Осы жылы «Воркаут алаңын» салуда. Қазір осы алаңдардың үстінен жоғары кернеулі 10 кВт  тоқ желісін жүргізіп тастаған.  Ойын алаңдарының үстінен ток желісін алу

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Қара Арна ауылдық округінің әкімі
«Атырау Жарық» АҚ-ның аудандық филиалы (келісім бойынша)

 

Орындалды: АҚ "Атырау Жарық " мекемесінің көмегімен 10 квт  тоқ желісі  ойын алаңы үстінен алынды.

 

 

Әлеуметтік желі-instagram
arturova_makeupp

 

Ж.Таскарин көшесі №68/2 үйдің

Әлеуметтік желі-instagram
arturova_makeupp

ауласының ортасында тұрған тоқ  бағанасын ауыстыру 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Қара Арна ауылдық округінің әкімі
«Атырау Жарық» АҚ-ның аудандық филиалы (келісім бойынша)

 

Орындалуда: Шоқпартогай ауылішілік электр желілерін қайта жаңғырту жобасы жасақталып, сараптамадан оң қорытынды алынды. Қазіргі таңда, мемлекеттік  сатып  алу конкурстары  ұйымдастырылуда. Ж.Таскарин көшесіндегі үйдің ауласының ішінде тұрған тоқ бағанасын ауыстыру жұмыстары жобада қаралған.

 

Майкөмген ауылдық округі

 

Көбдіков Сисенбай -
Майкөмген ауылының тұрғыны

Интернет желісін жүргізу

 

Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Орындалуда: Интернет байланысы үшін ауылдық округ бойынша тізім шығарылып, техникалық шарт жасақталды. Қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесіне сәйкес бір мекеме түсуіне байланысты өтпеді деп танылды. Қайта жариялау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Сауытов Нұралы - Майкөмген ауылының тұрғыны

Ауылға банкомат орнату

 

Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Орындалған жоқ: Қазақстан Халық Банкі» АҚ Атырау облыстық филиалы басшысының орынбасары Н.Керешовтің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №12-1924 хатына сәйкес банкомат тапшылығына байланысты ауылдық округке орналастыру мүмкіндігі жоқ екендігі, алдағы уақытта жоспарға енгізілетінін хабарлады.

 

 

Төлегенов Ахметжан - Майкөмген ауылының тұрғыны

Атырау-Маңғыстау республикалық жолының Майкөмген ауылының тұсындағы 2 аялдамаға әжетхана қондыру

 

Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Объективті жауап: «Қазавтожол» ҰК» АҚ Атырау облысы филиалының өкілдері келіп, тұрғындармен жиналыс өткізген  болатын. Жиын қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары тарапынан әжетхананы  салдырмайтын болып шешті.

 

 

Мектеп балаларын аудан орталығына әртүрлі шараларға апару үшін мектепке автокөлік алып беру

 

Аудандық білім бөлімі, Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Орындалуда: Биыл Қосшағыл ауылындағы мектеп-интернатқа және Қарағай елді мекенінің тұратын балаларды №19 мектепке тасымалдау үшін  облыстық білім беру басқармасы тарапынан  екі автокөлік алып беру жоспарлануда. Автокөлік алған жағдайда №19 мектептің бұрынғы автокөлігін №17 мектепке бөлінетін болады.

 

 

Ермекбаева Інжу - Майкөмген ауылының тұрғыны

Жаңа мектеп ғимаратын салу

Аудандық құрылыс бөлімі,                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Аудандық білім бөлімі,
Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Орындалуда: Ауылға 300 орындық жаңа мектеп салу мәселесі ауданды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. Жаңа мектеп ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасының мерзімі өтуіне байланысты түзету енгізілуге жолдануда.

 

 

Ауыл емханасының жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Орындалуда: Ауылдық емхананың жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

 

Атырау-Маңғыстау теміржолынан ауылдың екі жағын байланыстырып тұратын тунель  жүргізу

 

Аудандық ТҮКШ ЖК АЖ жәнеТИ бөлім,
Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Объективті жауап: Майкөмген ауылы Атырау-Маңғыстау теміржолы арқылы өтетін тунель салу жұмыстары ауданның 2022-2026 жылдардың кешенді даму жоспарына еңгізілмеген.
Сондай ақ аталған темір жол арқылы қатынайтын халық саны аздығы байланысты тунель салу жұмыстары мақсатысыз.

 

 

Ауылдың көше тазалығы жұмыстарын «Промэкология»ЖШС-не беріп, ауылдың азаматтарын жұмысқа орналастыру 

Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Орындалуда: Ауылдың санитарлық тазалық жұмыстарына  мемлекеттік сатып порталына конкурс жарияланды, Конкурс нәтижесінде мердігер түспеуіне байланысты бір көзден беру жұмыстарына құжаттары жасақталуда.

 

Қисымбай көшесіне трансформатор орнату

 

Аудандық ТҮКШ ЖК АЖ жәнеТИ бөлімі,
Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Орындалуда: Ауылішілік көшелерді жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті. Құрылысына қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды.                                                                             *** Конкурсқа 3 мәрте берілді.

 

 

Әкен Мүтайыр - Майкөмген ауылының тұрғыны

Көң шығаруға техника бөлу

 

Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Объективті жауап: Жеке иеліктегі малынан көңді өз күштерімен алу жөнінде тұрғындарға түсіндірме (ауыл әкімдігі тарапынан)  жұмыстары жүргізілді.
***Демеушілікпен мүмкіндігі болған уақытта көмек көрсетілетіндігі ескертілді.

 

 

Ерхасимова Гүлфара - Майкөмген ауылының тұрғыны

Жолдасы Е.Шохаевты тұрақты жұмысқа орналастыру

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ және Ахат бөлімі,
 Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Орындалды: Қазіргі уақытта Е.Шохаев «Гранд Мастер» ЖШС-де жұмыс жасайды.

 

 

Қазіргі уақытта мәдениет үйінің құрылысында жұмыс жасап жатыр. Айлық ақысы 170 000 теңгедеп айтылып, 120 000 теңге беріліп отыр. Осы мәселені анықтау

 

Аудандық құрылыс бөлімі

 

Объективті жауап: Келісім-шарт бойынша еңбек ақысы 120 000 теңге деп көрсетілген. Жұмыс жасап отырған кезеңдерінде белгіленген еңбекақыны алып отырған.

 

 

Ермекбаева Інжу Көшербайқызы- Майкөмген ауылының тұрғыны

Ауылға жаңа мектеп салу

 

Г.Айшуақова – аудан әкімінің орынбасары,
Аудандық білім бөлімі,
Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Орындалуда: Ауылға 300 орындық жаңа мектеп салу мәселесі ауданды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді. Жаңа мектеп ғимаратының жобалау-сметалық құжаттамасының мерзімі өтуіне байланысты түзету енгізілуге жолдануда.

 

 

Ауыл кіре берісіндегі қойманы бұзу мәселесі

 

Ә.Шәкіров – аудан әкімінің орынбасары,
Майкөмген ауылдық округі әкімі

 

Орындалуда: Ауыл кіре берісіндегі қойма "Жаңа таң" ЖШС-нің меншігінде. Аталған серіктестік директоры  ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін жеткізді

 

Қосшағыл ауылдық округінің Қарағай елді мекені

 

Кенжеғариев Тілеген   - Қарағай елді мекенінің тұрғыны

Елді мекенге жол салу жұмыстары қашан аяқталады

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ
және ТИ бөлімі
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Қарағай елді мекеніне кірме жол салу жұмыстары қазан айында аяқтау жоспарлануда.                                               *** мердігер "Армандастар-Атырау" ЖШС-гі.

 

 

Ауыз су желісін іске қосу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ
және ТИ бөлімі
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: А.ж 1 маусымынан бастап елді мекеніне су жүргізу жұмысы орындалды. Су бір қалыпты халыққа беріліп тұр.

 

 

Қабдығалиев Қасым - Қарағай елді мекенінің тұрғыны

Электр желісінің бағаналарын жаңарту

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ
және ТИ бөлімі
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Демеушілік көмекпен электр желілері жаңартылды.                                                                                                                                                                                                                           Сонымен қатар, жаңадан берілетін жер телімдеріне электр желісіне жоба жасақталуда.                                                                                                                                                            ***Мердігер мекеме "Энергосервис ЭТЛ" ЖШС-гі.

 

 

Елді мекенге бала бақша және мектеп  салу

 

Аудандық білім бөлімі

 

Объективті жауап: Елді мекенге бала бақша және мектеп құрылысын салуға экономикалық тұрғыдан сәйкес келмейді. Үй саны, адам саны және бала саны мектеп пен бала бақша құрылысы үшін жеткіліксіз.

 

 

Альжанов Жылқыбек  - Қарағай елді мекенінің тұрғыны 

Интернет жылдамдығы нашар. Мәселені шешу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ
және ТИ бөлімі
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Интернет байланысы үшін ауылдық округ бойынша тізім шығарылып, техникалық шарт жасақталды. Қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі 13 қыркүйек күні белгілі болады. 

 

 

Мұқанов Жаңабай - Қарағай елді мекенінің тұрғыны 

Елді мекенде тұратын балаларды Құлсары қаласындағы  мектепке УАЗ автокөлігімен  тасымалдайды.  Басқа ыңғайлы автокөлік бөлу 

 

Аудандық білім бөлімі

 

Орындалуда: Облыстық білім басқармасының тапсырысы негізінде  ағымдағы жылдың тамыз айында Атырау қаласына білім беру ұйымдары үшін 23 дана  шетелдік   “мектеп автобусы” келеді деп жоспарланған, бөлінген автобус бірінші кезекте мектеп оқушыларының тасымал қызметіне деп жоспарланған. Осы автобустан Жылыой ауданының  №19 орта мектебіне 1 дана  25 орындық “ мектеп автобусы”  беріліп,  Қарағай  елді мекенінен  тасымалданатын  мектеп оқушылары қамтылатын болады.    

 

 

Елді мекеннің шетіндегі 8 үйдің тоқ қуаты әлсіз. Мәселені шешіп беру

 

Шәкіров Ә.-аудан әкімінің орынбасары
Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ
және ТИ бөлімі
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: Демеушілік көмекпен электр желілері жаңартылды. Сонымен қатар, жаңадан берілетін жер телімдеріне электр желісіне жоба жасақталуда.                                    *** Демеушілік көрсеткен мекеме "Бейнеугаз" ЖШС-гі

 

 

Елді мекенге Құрсай өзегінен жаяу жүргіншілер көпірін салу

 

Шәкіров Ә.-аудан әкімінің орынбасары
Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ
және ТИ бөлімі
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Қарағай елді мекеніне жаяу жүргіншілер көпірін салу жұмыстары "Жылыой аудандық 2022-2026 жылдардың кешенді даму жоспарына" енгізілмеген.

 

 

Қарағай елді мекенінің Бас Жоспарымен тұрғындарды таныстыру

 

Шәкіров Ә.-аудан әкімінің орынбасары
Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: А.ж 13 сәуірінде Қарағай елді мекенінің Бас жоспары тұрғындарға таныстырылды.

 

 

Елді мекенде құрылысы жүріп жатырған  нысандардың сапасын бақылау мақсатында  алдын- ала  жұмыс барысымен тұрғындарды  таныстыру

 

Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Елді мекендегі құрылысы жүріп жатырған нысандардың сапасын бақылау мақсатында жұмыстар басталған уақытта жұмыс барысымен таныстырылады.

 

 

Елді мекенге балалар ойын алаңын салу

 

Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Балалар ойын алаңын салу мақсатында Қоғамдық кеңістіктер жобасы аясында Ж.Мұқановтың  (ұсыныс берушінің өзі) жобасы мақұлданды. Ойын алаң салу жұмыстары басталуда.

 

 

Елді мекенге саябақ салу

 

Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Елді мекенге саябақ салу мақсатында жер белгіленіп, жерге орналастыру жобасы Жылыой аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімімен жасақталуда.

 

 

Мұрынова Әлия    - Қарағай елді мекенінің тұрғыны 

Елді мекеннен шыққан қоқысты төгетін полигон салу

 

Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Қоқыс төгетін полигонды орнату мүмкіншілігі қарастырылмаған.

 

Қосшағыл ауылдық округі

 

Шәнен Гүлжан - Қосшағыл ауылының тұрғыны

Интернет байланысы нашар. Мәселені шешу

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі
«Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық филиалы (келісім бойынша)

 

Орындалуда: Интернет байланысы үшін ауылдық округ бойынша тізім шығарылып, техникалық шарт жасақталды. Қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі 13 қыркүйек күні белгілі болады. 

 

 

Техникалық су жүйесінің қысымын көбейту

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,

Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Аталған мәселе бойынша а.ж 25 шілдеде  № 06-03-17/ 293 санымен"Теңізшевройл" мекемесіне хат жолданды. Хат жауабы күтілуде.

 

 

№2 мектептің шарбағын салу жұмыстарын жүргізу

 

Аудандық білім бөлімі

 

Орындалуда: Қосшағыл  ауылдық  округіндегі  №2 мектептің  Абылайхан  көшесі №138 ғимаратының  шарбағын  ауыстыру  жұмыстары жаңа сметалық құжаттамада қарастырылған. Осы негізгі мектеп ғимаратының «аяқталмаған күрделі жөндеу жұмыстары үшін» конкурс жарияланып, жеңімпаз  «Диана-А » ЖШС -мен келісім шарт жасақталуда. Жаңа  оқу  жылы басталғанға дейін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, шарбақ ауыстыру жұмыстары жасалады.                                                                                                       Мердігер  «SCS  Инжиниринг» ЖШС мекемесі   №2 жалпы орта білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын келісім шартта көрсетілген  мерзімде аяқтамағаны үшін  сотқа талап арыз берілді. Кінәлі тараптарды  жауапкершілікке тарту  Сот шешімі  негізінде  орындалуда. Мердігерден мемлекет кірісіне  «тұрақсыздық айыбы» мен « мемлекеттік баж » өндірілуде. Негізгі мектеп ғимаратының шатырын ауыстыру жұмыстары   күрделі жөндеу жұмыстарын  аяқтау  сметасында қаралған.

 

 

№2 мектеп-интернатқа жаңа керуеттер алу 

 

Аудандық білімі бөлімі

 

Орындалды: №2 мектеп  жанындағы  интернат  тәрбиеленушілері  үшін  2023 жылы спонсорлық  көмекпен  «Каспий Нефть» АҚ-ның атынан  пайдаланылған жақсы  жағдайдағы  30 дана керует, 30 дана тумба, 30 дана  матрас  берілді.

 

 

Зираттарды қоршау жұмыстарын жүргізу

 

Қосшағыл ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалуда: Зираттарды қоршау жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттамасын жасақтауға қаражат бөлінді. Мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурстарына құжаттарды дайындау жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

 

Ауылдық амбулатория ғимаратына қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

Аудандық орталық аурухана                         (келісім бойынша)

 

Объективті жауап: Қосшағыл ауылдық дәрігерлік амбулаториясына "Мухаммед и К"  ЖШС-гі демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, 2020 жылы қолданысқа берілді.

 

 

Құлсары-Қосшағыл бағытындағы тас жолдың екі қапталын тазалау жұмыстарын жүргізу

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Мердігер мекеме анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізілуде.

 

 

Ауылдың кіре беріс жеріне камера орнату 

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Жылыой ауданы аумағында "Сергек" бейнебақылау камераларын орнату үшін мердігер мекеме анықталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме "Көркем Телеком" тарапынан құрылысқа қажетті материалдар сатылып алынуда. Бейнебақылау орнату жұмыстарын қыркүйек айының ортасына жоспарлануда. Көрсетілген орын жоба аясында қамтылады.

 

 

Танкиев Мейрамбек - Қосшағыл ауылының тұрғыны

Ауылға өрт сөндіру депосын салу

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК АЖ және ТИ бөлімі,
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Ауылдық округ бойынша өрт депосының жері нақты белгіленіп тұр. Өрт депосының қажеттілігі жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөліміне а.ж 25 шілдеде №06-03-17/294 санды хаты жолданды. Хат жауабы күтілуде.

 

 

Дене шынықтыру кешенін қажетті спорттық жабдықтар алып беру 

 

Аудандық   мәдениет, ТД, ДШ және
спорт бөлімі (келісім бойынша)
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Қосшағыл балалар-жасөспірім спорт мектебіне қажетті спорттық жабдықтар тізімін облыстық дене шынықтыру және   спорт басқармасына 25.07.2023 жылы №06-03-04-03/524 санды хаты жолданды.

 

 

Дене шынықтыру кешенін салу

 

Аудандық   мәдениет, ТД, ДШ және
спорт бөлімі (келісім бойынша)
Аудандық құрлысы бөлімі
Қосшағыл ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: №4 Жылыой аудандық  балалар-жасөспірімдер спорт мектебіның Қосшағыл ауылдық филиалы жұмыс жасауда.  Округтің халық саны жеткіліксіз болуына байланысты 2-ші спорт мектебін салуды қажет етпейді.

 

 

1ауылға ойын алаңын салу

 

Қосшағыл ауылдық округінің  әкімі

 

Орындалуда: Ойын алаңын салу үшін бюджеттік ұсыныс дайындалуда.

 

 

 

                          

Жылыой ауданы әкімі Ж.Б.Қаражановтың 2023 жылы қала, кент және ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен піріклерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР жоспарының орындалысы
Дата публикации
07 сентября 2023