Жылыой ауданы әкімі Ж.Б.Қаражановтың 2022 жылы қала, кент және ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР жоспарының орындалысы

Жылыой ауданы әкімі Ж.Б.Қаражановтың 2022 жылы қала, кент және ауылдық округтердің

тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі

ІС-ШАРАЛАР жоспарының орындалысы

 

№

Сұрақ қоюшы

Мәселенің қысқаша мазмұны

Жауапты орындаушы

Орындалысы

Құлсары қаласы

1

Қозбақов Бақтығали -Құлсары  қаласының тұрғыны

Құлсары қаласы №№64,65,66 көшедегі  қатты тұрмыстық қалдықтарды алу

 

Құлсары қаласының әкімі 

 

Орындалды: Жеке секторлардағы қатты тұрмыстық қалдықтар кесте бойынша алынуда

 

2

Құлсары қаласы  Иманғалиев көшесіндегі футбол алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

Құлсары қаласының әкімі 

 

Орындалуда: Құлсары қаласы әкімі аппаратының теңгеріміндегі кіші аяқ доп алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында аяқталады.

 

3

Молдашев Талғат -Құлсары  қаласының тұрғыны

Құлсары қаласы  №200 көшеге жол салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

Орындалуда: Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 4 кезең ЖСҚ тізіміне енгізілген. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

4

Тәңірбергенова  Жұмазия -Құлсары  қаласының тұрғыны

Құлсары қаласы  Ермеков көшесіндегі  кәріз су желісінен лас су кету туралы

 

Құлсары қаласының әкімі 
«Жылыойсу» КМК-ны
(келісім бойынша)

Орындалды: 6 ауылдағы № 13а үйдің іргесіндегі қиылып қалған, жарамсыз  кәріз су құбыры қалпына келтіріліп, кеткен кәріз су тоқтатылды. Орны экскаватормен көмілді.

 

5

Құлсары қаласы  «Шұғыла» ықшам ауданына  (6 ауыл)    электр желісін және трансформатор орнату

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: «Электромонтаж» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілді. Аталған ықшам ауданда қуаттылығы 400квА және 250 квА трансформатор орнатылды. Қазіргі таңда тұрақты тоқ көзіне қосылды.

6

Құлсары қаласы  «Шұғыла» ықшам ауданына  (6 ауыл) жол салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 3-кезең ЖСҚ тізіміне енгізілді. "Шұғыла" ы/а №302,130,Абутая,144а,144,310,137,139,138,150,151 көшелері еңгізілген. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

7

Құлсары қаласы «Шұғыла» ықшам ауданына (6 ауыл) ауылға балалар ойын алаңын салу

 

Құлсары қаласының әкімі 

 

Орындалуда: Құлсары қаласына 11 дана әмбебап балалар ойын кешенін салуға ЖСҚ жасақталып,сараптамадан оң қорытындысы алынды. Құрылыс монтаждау жұмыстарының мердігер мекемесі анықталды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы бастау жоспарлануда. 1 данасы "Шұғыла" және 1 данасы "Барлаушылар" (Асем-2 б/б арты) ықшам аудандарына орнатылатын болады.                                                                                                                                                               

8

Балмұқанов Жақсылық- Құлсары  қаласының тұрғыны

Құлсары қаласы 5 ықшам ауданының жарық мәселесін шешу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

Орындалуда: Құлсары қаласына көше жарығын қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді.

 

9

Құлсары қаласы  5 ықшам ауданы көшелеріне тал егу туралы

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалды: Күзгі маусымда қала көшелеріне  қосымша жасыл желектер отырғызылды. Аталған тізімде  Ұ.Мұхамбетов көшесіне павлония көшеті отырғызылды.                                                                                                                                               Бұдан бөлек жергілікті әкімдікпен 400 дана көшеттер отырғызылды.  Аталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

10

Тұрсынбаев Игілік -Құлсары  қаласының тұрғыны

Құлсары қаласы Ұ.Абдрахманов көшесі   5 үй жанындағы қоқыс жәшігін дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу

 

Құлсары қаласының әкімі 

 

Орындалды: Қоқыс контейнерлерін дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, Құлсары қаласына 57 дана қоқыс алаңдарын салу жұмыстары аяқталып, мырышталған евро қоқыс контейнерлері қондырылды. Алдағы уақытта да контейнерлерді дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жалғасын табады.     

11

Ауыз судың сапасы жақсарту бойынша жұмыс  жүргізу

 

Құлсары қаласының әкімі 
«Жылыойсу» КМК-ның басшысы
(келісім бойынша)

 

Орындалды: Ауыз су айдау станциясынан (ВНС)  ай сайын Жылыой аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан және тоқсан сайын «Жылыойсу» МКК ауыз су сынамаларын алып, «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Атырау облысы бойынша филиалының Құлсары қаласындағы бөлімшесіне (лаборатория) микробиологиялық, толық химиялық талдау, санитарлы-паразитологиялық  бойынша су сапасын тексеріп отырады. Алынған ауыз су құрамы, су сапасы нормативтік көрсеткіштерге сай келеді.

12

Жекеева Айнагүл -Құлсары  қаласының тұрғыны

№6 маршруттың  уақытылы жүруін қадағалау. Маршрут санын көбейту

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі

 

Орындалуда. 6-маршруттың жүру ұзақтығы 15 минут, автокөлік саны жол картасының қысқа болуына орай 1 автобус қарастырылған. Ағымдағы жылы ауданға қосымша 20 дана автобустар алу жұмыстарын аяқталысымен №6 маршрут бағытына қосымша 1 автобус қосылатын болады.

13

Қалиева Гүләйым -Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Құлсары қаласы «Шұғыла» ықшам ауданына  (6 ауыл) интернет желісі жүргізілген бағаналарды ауыстыру

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда. Қосымша бағаналарын қондыру жұмыстары 2024 жылы жоспарланған.

 

14

Өмірзақов Жолдыбай- Құлсары  қаласының тұрғыны

Құлсары қаласына бейне бақылау камераларын орнату

 

Құлсары қаласының әкімі
Аудандық Полиция бөлімі
(келісім бойынша)

 

Орындалуда: «Көркем Телеком-Көркем Жайық» мекемесімен Жылыой ауданы аумағында орналасқан ықшам аудандарда «Сергек» бейнебақылау камераларын орналасу орындары нақтыланып, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталды. Бейнебақылау камера орнату жұмыстары 2023 ж.қыркүйек айында басталады.

15

Сатыбалдиева Айсұлу -Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Құлсары қаласы 5 ықшам ауданындағы №12 қоғамдық көліктің соңғы  аялдамасына биоәжетхана қою

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалды: Арнайы әжетхана орнатылды.                                                                                                                                                                                                                                                                                           *** (5 ықшам аудан №11 үйдің артына орнатылды).

 

16

Есмағамбетова Сұлушаш - Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Құлсары қаласы 1 ықшам ауданы «Достық» саябағының жанындағы жол кедергісін орнату

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі
Аудандық Полиция бөлімі                      (келісім бойынша)

Орындалуда: Қала бойынша қажетті жасанды жол кедергілерінің толықтай тізімі жасақталды. Жол кедергілерін орнату жұмыстары 2024 жылға жоспарланып отыр.

 

17

Бимырзаев Қанат -Құлсары қаласының  тұрғыны

 

Қоғамдық көліктердің салқындатқыштарын іске қосу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Объективті жауап: "Анкай" маркалы 10 дана автобуста ғана желдеткіш бар. Осылардың барлығында күнделікті желдеткіш қосылып тұр. Басқа автокөліктерде арнайы желдеткіші жоқ.

18

Оқушыларға қоғамдық көлікте тегін жүруін ұйымдастыру

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Объективті жауап: Оқушыларға қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіншіліктері қарастырылмаған. ҚР Заңнамасына сәйкес 7-14 жас аралығында 50 пайыз жеңілдік қарастырылған.

 

19

Теңіз кенішіндегі вахталық жұмыстың  ұзақтылығын 14 күнге ауыстыру

 

Аудандық ЖҚ,ӘБ және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: «Теңізшевройл» ЖШС-нің  жауап хатында  қызметкерлердің ауысымының ұзақтығын кәсіпорынның қажеттіліктерін ескере отырып, әрбір жұмыс беруші компания дербестері белгілейді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық, еңбек шарттарымен реттеледі. Сонымен қатар, белгілі бір тұрғылықты аймақтың тұрғындары үшін ерекше ауысымдық режимді орнату мүмкін емес екені анық, өйткені өндіріс құрылымында жұмысшылардың «аумақтық» бөлінуі қолданылмайды делінген.(Жұмыспен қамту орталығы)

 

20

Малдарға жарық шағылыстырғыш салу

 

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі,
Қала, кент және ауылдық
округтер әкімдері

 

Орындалды: «Теңізшевройл» компаниясының демеушілігімен жол қауіпсіздігін болдырмау, алдын алу мақсатында 2000 дана шағылыстырғыш алынып,қала, кент, ауылдық округі әкімдеріне таратылып. Жол оқиғасын болдырмау мақсатында ,әлеуметтік желілер арқылы жарық шағылыстырғыш ленталар алып үй жануарларына тағу жөнінде хабарламалар таратылып, жұмыстары ұйымдастырылды.

 

21

Қамыскөл жағалауына демалыс орнын, балалар ойын алаңын салу

 

Құлсары қаласының әкімі 

 

Объективті жауап: Қамыскөл жағалауында жеке иеліктегі демалыс орнымен балар атракционы және коммуналдық меншіктегі жағажай қызмет көрсетуде.  Құлсары қаласы әкімі аппаратының теңгеріміндегі жаға жайға арналған жер телімін жыңғылдардан тегістеу жұмыстары жүргізілді. Жағажайға балалар ойын алаңын салу қаланың бас жоспарына сәйкес қарастырылмаған
Сонымен қатар, саябақ салуға ЖСҚ жасақталып,Игілік бағдарламасына ұсынылды.

 

22

Ибраева Марияш Құлсары қаласының   тұрғыны

 

Құлсары қаласындағы көп қабатты үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

Құлсары қаласының әкімі 

 

Объективті жауап: Тұрғындар тарапынан серістестік құрып терможаңғырту «Нұрлы жер» 2020–2025 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы көпқабатты тұрғын үйлердің (соның ішінде су, жылу, кәріздік жүйелері, балкон, үйдің шатыры және жер төлесі) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуге тұрғындар тарапынан қолдау болған жағдайда мүмкіндік бар. Дегенмен, Құлсары қаласының сәулеттік көркін жақсарту мақсатында «ММ Project» ЖШС-нің демеушілік көмегімен қаланың орталық көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қаскелбетін жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындалуда. Бұдан бөлек, ы/а да орналасқан басқада көпқабатты тұрғын үйлердің қаскелбетін жөндеу үшін нормативтік құқықтық акт дайындалуда. Егерде аталған НҚА қабылданса қала аумағында орналасқан барлық көпқабатты тұрғын үйлердің қаскелбетіне жөндеу жұмыстары бюджеттен қаржыландырылып, жүргізілетін болады.

 

23

Құлсары  қаласы 5-ші ықшам ауданындағы бос тұрған ғимарат туралы

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі,
Құлсары қаласының әкімі 

Объективті жауап: Құлсары қаласы 5 ы/а орналасқан бос тұрған ғимарат иесі «Ғимарат» ЖШС-не  03.05.2022 жылдың №06-03-10-02-1411 хатпен мемлекет мұқтажына қайтару жөнінде жолданды.  Қазіргі таңда, 600 орындық мектеп салу үшін ЖСҚ жасақталуда.

24

Құлсары қаласы «Жансая» саябағына  жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: Құлсары қаласындағы   Жеңіс, Достық, Нұрсая саябақтарына ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін смета жасақталды. Қаражаттың бөлінуіне  қарай жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

25

Құлсары қаласы 5 ықшам ауданындағы полиция бекетіне учаскелік инспектордың  отыруын қамтамасыз ету

 

Аудандық Полиция бөлімі
(келісім бойынша)

 

Объективті жауап: Аталған ықшам ауданында орналасқан учаскелік полиция пунктіне тиісті тоқ желісі жүргізіліп, өз қызметтерін атқаруда.                                                                                                

 

26

5 ықшам ауданындағы  бұралқы иттерді аулау туралы

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалған: 2022 жылы  желтоқсан айынан бастап ЖК «Жансұлтан»  қала көшелеріндегі бұралқы иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп, 352 ит ауланды. 2023 жылға жауапты мердігер мекеме анықтау мақсатында 2 рет конкурс жарияланды. Алайда, әлеуетті өнім берушілер қатыспауына байланысты өткізілмеді. Қазіргі таңда, бір көзден мердігер мекемеге шақырту жолданды.

 

27

Базарбаев Бүркіт –Құлсары қаласының   тұрғыны

 

«Атырау Ақпарат»  мекемесінен  «Кең Жылыой» редакциясын  өз алдына бөліп шығару  туралы

 

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

Объективті жауап: 2020-2021 жылдарда «Кең Жылыой» редакциясын «Атырау Ақпарат» ЖШС-нен өз алдына аудан әкімдігіне қарасты етіп шығару мәселесі Облыстық деңгейде қаралды. Қазіргі таңда мәселе өз шешімін таппады.

 

28

Махан Аманат-
Құлсары қаласының   тұрғыны

 

Құлсары қаласы  №123 көшеге   жол салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 3-кезең ЖСҚ тізіміне енгізілген. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

29

Есеналиев Талғат –Құлсары қаласының   тұрғыны

 

Құлсары қаласы «Асем-2» бала бақша қасына  балалар ойын алаңын салу

 

Құлсары қаласының  әкімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласына 11 дана әмбебап балалар ойын кешенін салуға ЖСҚ жасақталып,сараптамадан оң қорытындысы алынды.Құрылыс монтаждау жұмыстарының мердігер мекемесі анықталды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы бастау жоспарлануда. 

 

30

Құлсары қаласы «Иранбақ» мейрамханасының артқы жағына саябақ салу

 

Құлсары қаласының  әкімі

 

Объективті жауап: Құлсары қаласының бас жоспарына сәйкес саябақ құрылысы қарастырылмаған.

 

31

Құлсары қаласы «Достық» ықшам ауданына жол салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 3-кезең ЖСҚ тізіміне енгізілген. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

32

Құлсары қалалық әкімдіктің артындағы мал қамайтын жерді басқа жерге көшіру

 

Құлсары қаласының  әкімі

 

Орындалуда. Құлсары қаласы әкімі аппараты ғимаратының артында орналасқан иесіз жүрген төрт түлік малды қамайтын арнайы орын Орталық жылу қазандығының жанынан және «Мешіт» ы/а мен «Береке» ы/а баратын жаңа асфальт жолының оң жақ бөлігінен жер телімі белгіленіп, құжаттары рәсімделуде. Қазіргі таңда жер кадастрлық жоспары жасақталуда. Бұдан бөлек Теміржолшылар, СМП-224, СМП-615 ы\а ұсталған малдар  Жылу қазандығы ауласына қамалады.

 

33

Рабаева Анар –

Құлсары қаласының   тұрғыны –

 

Құлсары қаласы  4 ауыл  Ибраев көшесіне балалар ойын алаңын салу

 

Құлсары қаласының әкімі 

 

Объективті жауап: О.Ыбраев көшесіне балалар ойын алаңын салу Құлсары қаласының бас жоспарында қарастырылмаған.
Жалпы О.Ыбраев көшесіне 400 метр қашықтықта Балуан Шолақ көшесінде балалар ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Дегенмен, «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасы аясында балалар ойын алаңын салуға толық мүмкіндік бар.

 

34

Құлсары қаласы 4 ауыл №181 көшесіне жол салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 3-кезең ЖСҚ тізіміне енгізілген. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

35

Құлсары қаласы  Махамбет даңғылының Орталық көшелеріне  жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіру

 

Құлсары қаласы әкімі аппараты

 

Орындалды: «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-мен Махамбет даңғылының асфальт жолын қайта жаңғырту жобасы аясында Махамбет даңғылының жаяу жүргіншілер жолы жаңадан салынды.

 

36

Инстаграм желісіне–түскен сұрақ.
Lyzzat Karazhanova

 

Құлсары қаласының іргесіндегі мұнай қалдықтарын алдыру туралы

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі,
Құлсары қаласының әкімі 

 

Орындалды: Ташкент артындағы мұнай қалдықтарын алдыру жұмыстары жүргізілді.

 

37

Шаукен Ибрагим-
Құлсары қаласының тұрғыны

 

Қала ішіндегі егілген талдарды  үнемі бақылауға алу

 

Құлсары қаласының  әкімі

 

Орындалды: 2022 жылы талдарды күтіп ұстау кестесі жасақталды.  2023 жылға жауапты мердігер мекеме анықталған соң, суару және күтіп ұстау кестесі жасақталып, үнемі бақылауда болады.

 

38

Ақназаров Нұрдаулет –Құлсары қаласының тұрғыны

 

 

Құлсары қаласы «Автожолшылар» ықшам ауданына жол салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 4 кезең ЖСҚ тізіміне енгізілген. Қазіргі таңда жоба сараптамадан өту үстінде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға жоспарлануда.

 

39

Аудан аумағындағы молаларды қоршау туралы

 

Құлсары қаласының  әкімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласы аумағындағы зираттарды қоршауға жұмыстары жүргізілуде. Қоршау жұмыстары 2023 жылы айында аяқталады.                                                                                                                                                                                                                                                  

 

40

Қалдыораз Қонаш –Құлсары қаласының тұрғыны

 

Құлсары қаласы 4 ауылдың ішіндегі орыс моласын қоршау туралы

 

Құлсары қаласының  әкімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласы аумағындағы зираттарды қоршауға жұмыстары жүргізілуде. Қоршау жұмыстары 2023 жылы айында аяқталады.                                                                                                                                                                                                                                                  

 

41

Қайнолов Жолдығали Құлсары қаласының тұрғыны

 

№7 мектептің қасындағы салынған дүкеннің автотұрағы жоқ. Жаяу жүргіншілерге және көлік қозғалысына кедергі келтіру туралы

 

Құлсары қаласының  әкімі

 

Объективті жауап: Мектеп қасындағы «Бижан» дүкенінің меншік иесіне ескерту берілгенімен, автотұрақ салуға бос жер учаскесі қарастырылмаған.

 

42

Іздібаев Қанат
Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Құлсары қаласы  6 ауыл №141 көшесіне асфальт салынатын жерлерге тұрғын үйлер салынған және ауыз су құбыры жүргізілген. Болашақта жол салынғанда кедергі келтіру туралы

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі, Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі,
 Құлсары қаласының  әкімі

 

Объективті жауап: Құлсары қаласы әкімдігі аталған көшедегі жолды бөгеп қойылған бетондарды алып тастау үшін техникалар тартып, тұрғын үйлердің қоршауларын ығыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда 141 көше 4-кезең ЖСҚ тізіміне еңгізіліп, жоба жасақталуда. Жоба шеңберінде жол бойында орналасқан әрбір, желі құбырлар есепке алынып, ығыстыру немесе сыртын қаптап тереңдету шаралары алынады.

 

43

Елдесбаев Дайрабай –Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Жаңа су жер асты су көздерін ашу 

 

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

 

Объективті жауап: Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 2022 жылдың 2 қарашасында №06-03-01-02/3174 санды хатымен жаңа  жер асты су көздерін ашып халыққа ауыз су таратуды шешу мәселесі бойынша хат жолданды. Алайда нақты ұсыныс түскен жоқ.

 

44

Кішкенебаева Салтанат-  Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Аялдамаға №12 маршруттың  келу уақытының арасын 15 минуттан жүргізу туралы

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Объективті жауап: Аялдамаға №12 маршруттың  келу уақытының арасына тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша  12-маршрут арасы 15-17 минутты құрап отыр.

 

45

Құлсары  қаласының тұрғыны
(аты –жөні атамады)

 

Құлсары қаласы «Орынбор» көшесінде электр қуатының күші аз. Трансформатор орнату туралы

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалды: «Электромонтаж» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілді. Аталған ықшам ауданда қуаттылығы 600квА  трансформатор орнатылды. Қазіргі таңда тұрақты тоқ көзіне қосылды.

 

46

Жәшікке түскен ұсыныс –пікірлер
Аты-жөні жазылмаған

 

Құлсары қаласының Бекбаулиев көшесімен Исатай Тайманов көшесінің жол қиылысына бейне бақылау орнату туралы

 

Құлсары қаласының әкімі
Аудандық Полиция бөлімі
(келісім бойынша)

 

Орындалуда: «Көркем Телеком-Көркем Жайық» мекемесімен Жылыой ауданы аумағында орналасқан ықшам аудандарда «Сергек» бейнебақылау камераларын орналасу орындары нақтыланып, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталды. Бейнебақылау камера орнату жұмыстары 2023 ж қыркүйек айында басталады.

 

47

Жәшікке түскен ұсыныс –пікірлер Құлсары  қаласының тұрғыны – Т.Алпысбаев

 

Құлсары қаласы Б.Шолақ көшесіне жаяу жүргіншілер және  А.Бисенбаев көшесіне жол салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 3-кезең ЖСҚ тізіміне енгізілген. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.                                                                                                    Құлсары қаласына 32 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салу үшін ЖСҚ жасақталып, сараптамадан оң қорытынды алынды.  Құрылыс монтаждау жұмыстарының мердігер мекемесі анықталды. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы бастау жоспарлануда.

 

48

Жәшікке түскен ұсыныс –пікірлер
Құлсары  қаласының тұрғыны  О.Жалғас

 

Құлсары қаласы  Ұ.Әбдірахманов көшесіндегі тұрғын үйлерге ПИК ашу туралы

 

Құлсары қаласының  әкімі

 

Объективті жауап: 2020 жылдың қаңтар айының 7 жұлдызында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» Заң күшіне енді, ол 2022 жылғы 1 шілдеден бастап пәтер иелер кооперативтерінің (ПИК) қолданысын тоқтатты.  Олардың орнына қарапайым серіктестіктер және мүлік иелерінің бірлестігі шықты, бұл тұрғындарға үйді өз бетінше басқаруға мүмкіншілік береді. Бұл жөнінде аталған көшенің тұрғындарымен кездескен кезде де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, МИБ ашу бойынша жүйелі түрді жиындар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алайда тұрғындардың 70-80 пайызы қарсылық білдіруде.

 

49

Жәшікке түскен ұсыныс –пікірлер
Құлсары  қаласының тұрғыны – Қ.Айрақбаев, Г.Жумиева

 

Қала ішіндегі көгалдандыру жұмыстарына қала әкімінің есеп беру туралы

 

Құлсары қаласының  әкімі

 

Орындалды: Көгалдандыру жұмыстары бойынша қала әкімі 2022 жылы қазан айында өткен брифингте өзінің есебін берді.

 

50

Жәшікке түскен ұсыныс –пікірлер
Аты-жөні белгісіз
(жазбаған)

 

И.Тайманов көшесінде орналасқан дүкендерден  шыққан тұрмыстық қатты қалдықтардың алынбауы туралы

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалды: Жеке секторлардағы қатты тұрмыстық қалдықтар кесте бойынша алынуда

 

51

Жәшікке түскен ұсыныс –пікірлер
Құлсары  қаласының тұрғындары- А.Шолтақбаев, С.Айдарбеков

 

Газдың бағасын реттеу туралы

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі

 

Объективті жауап: «ТШО» ЖШС-гі Жылыой ауданы тұрғындарын газбен жабдықтау тарифі 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өзгеріссіз қалдырылғандығын мәлімдеді.                                                                           *** («ТШО» ЖШС-нің 20.10.2022ж. №PGPA 2022-345 хаты)

 

52

Инстаграм желісіне- түскен сұрақ.
Turashadaeva

 

Махамбет даңғылындағы «Мереке» ойын сауық орталығының алдына аялдама қою туралы

 

Құлсары қаласының әкімі 

 

Орындалды: Махамбет даңғылы бойындағы «Мереке» ойын-сауық кешені орталығының алдына жылы аялдама салу жұмыстары жеке кәсіпкер Б.Кулбаевтың қаражаты есебінен жүргізілді.

 

53

Инстаграм желісіне- түскен сұрақ.
тұрғыны Zhanibek.90

 

Базар айналасындағы тазалық жұмыстарын ретке келтіру және көтерме сауда орындарына  кіріп, шығатын жолды жөндеу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалды: Орталық базар аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың қатты тұрмыстық қалдықтарын жинау және арнайы орынға жеткізу қызметі екі арада  келісім шартқа сәйкес «Жылыойтазалық» ЖШС-гі жүргізеді. Мекеме басшылығына арнайы контейнер қойылды.Аталған контейнерлердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды бекітілген кестеге сәйкес уақытылы тазалап отыру бойынша  тапсырма берілді. Уақытыл алынбаған жағдайда шарасын алу бойнша Жылыой аудандық полиция бөліміне хат жолданып, бақылауға алынды. Сонымен қатар базар маңында санитарлық тазалығын қадағалау мақсатында Құлсары қаласы әкімі аппараты мен аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен құрылған топпен рейдтік шаралар өткізіліп, құқық бұзушыларға заң талаптарына сай шара қолданылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Сонымен қатар кіре беріс, шыға беріс жолдарына ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда, қойылған контейнерлердің өртену себепті алынып тасталды.

 

54

Инстаграм желісіне- түскен сұрақ.
Atapkel_ruslan

 

№8 маршруттың  уақытылы жүруін қадағалау

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖжәне ТИ бөлімі

 

Орындалды: №8 маршруттың бағыты өзгертіліп, жүру уақыты жиеледі.

 

55

Шаукиров Ибрагим-Құлсары  қаласының тұрғыны

 

«Атырау» ы/а жаңадан салынған көп қатарлы үйлерді кімдерге берілетіні жөніндегі тізімді жергілікті газет бетіне жариялау

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Объективті жауап: «Атырау» ы/а жаңадан салынған көп қатарлы үйлерді кімдерге берілетіні жөніндегі тізім газетке жарияланбайды. Газетке тек ауданның тұрғын үй кезегінде тұрған адамдардың тізімін  жариялауға болады. 

 

56

№5 және №2 мектептің  құрылысын уақытылы аяқтау

 

Аудандық құрылыс бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласындағы Абай атындағы №5 мектептің құрылысы аяқталып,  қыркүйек айында пайдалануға берілді.  Қосшағыл  ауылдық  окургіндегі  №2 мектептің  Абылайхан  көшесі №138 ғимаратының  шарбағын  ауыстыру  жұмыстары жаңа сметалық құжаттамада қарастырылған. Осы негізгі мектеп ғимаратының «аяқталмаған күрделі жөндеу жұмыстары үшін» конкурс жарияланып, жеңімпаз  «Диана-А » ЖШС –мен келісім шарт жасақталуда. Жаңа  оқу  жылы басталғанға дейін күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, шарбақ ауыстыру жұмыстары жасалады.                                                                                                       Мердігер  «SCS  Инжиниринг» ЖШС мекемесі   №2 жалпы орта білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын келісім шартта көрсетілген  мерзімде аяқтамағаны үшін  сотқа талап арыз берілді. Кінәлі тараптарды  жауапкершілікке тарту  Сот шешімі  негізінде  орындалуда. Мердігерден мемлекет кірісіне  «тұрақсыздық айыбы» мен « мемлекеттік баж » өндірілуде. Негізгі мектеп ғимаратының шатырын ауыстыру жұмыстары   күрделі жөндеу жұмыстарын  аяқтау  сметасында қаралған.

 

57

Шоқпартоғай ауылындағы бала бақшаның апаттық жағдайда. Кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тарту

 

Аудандық құрылыс бөлімі

 

Орындалуда: Шоқпартоғай ауылындағы бала бақшаның апаттық жағдайда деп, танылуына байланысты тапсырыс беруші ретінде кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тартуды сұрап Атырау облысы құрылыс басқармасына 2023 жылы 19 қаңтарында № 06-03-01-03/178 хат жолданды.

 

58

5 ықшам ауданындағы бос тұрған ғимаратты және 1 ықшам аудандағы №43 үйді қоршау, күзет қою

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалған жоқ: Құлсары қаласы 5 ықшам ауданына орналасқан бос тұрған нысан иесі «Ғимарат» ЖСШ-гі жеке кәсіпкер иелігінде.                                                                                                                            1 ықшам ауданындағы №43 үй жеке меншік иелегінде. Аталған нысан иелеріне ғимараттардың айналасын қоршау жөнінде ескерту берілді.

 

59

Ауданддық емхананың қасына  және СМП-224   ықшам ауданына аялдама салу

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласының Бас жоспарына сәйкес қала ішіндегі аялдамалар белгіленген жерге орнатылатын болады. Қалаға қажетті аялдамалар тізімі жасақталып, бюджеттен қаражат бөлінді. 80 дана аялдамаларды сатып алу  және орнату жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып,өтінімдерді қосымша қаралу сатысында тұр.           

 

60

Құлсары қаласына егіндікке пайдалануға Биікжал, Жаңа су фонтандарынан техникалық  су жеткізу

 

Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі

 

Объективті жауап: Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2022 жылғы 8 қарашадағы  06-01-05-03-03/2235 санды хатына сәйкес 2023 жылғы Атырау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, «Жаңасу» жерасты су кен орнының қорларын қайта бағалау, шаруашылық-ауыз мақсаттары үшін «Бали» жерасты сулары кен орындарын пайдалану жоспарланған. Жанасу жер асты су кен орны-жүргізілген іздеу-барлау жұмыстарының қорытындысы негізінде, минералдығының жоғарлығына байланысты, өндірістік-техникалық сумен қамтамасыз ету үшін қолдануға жатады және кен орнының жерасты суларын пайдалану үшін қорларға қайта бағалау жүргізу қажет етіледі, сондай-ақ, Жылыой ауданында орналасқан Бали кен орнының жер асты су қорын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тұзсыздандыру технологияларын қолдану негізінде жүзеге асыру ұсынылған.

 

61

Бүркіт Базарбай-Құлсары  қаласының тұрғыны

Алдағы болатын  ҚР Сенат, Парламент депутаттарының сайлауына  жергілікті азаматтарды ұсыну  

 

Аумақтық сайлау комиссиясы                (келісім бойынша)

 

Объективті жауап: «ҚР Сайлау туралы»  ҚР  Конституциялық заңға сәйкес әр деңгейдегі депутаттықа кандидат ретінде партияның ұсынысымен немесе  өзі-өзін ұсыну жолдарымен жүзеге асырылады.

 

62

«Ерте солған гүлдер» спектакль кейіпкерлерін марапаттау және мәдени шараларға қолдау көрсету

 

Аудандық мәдениет, ТД, ДШ және спорт бөлімі

 

Орындалды: 2022 жылдың 8 және 15 желтоқсан күндері «Кең Жылыой аудандық мәдениет үйінде Жылыой аудандық халықтық “Жастар” театры алғаш рет Қалихан Ысқақовтың «Мезгілсіз сөнген жұлдыздар» атты драмалық қойылымы халық назарына ұсынылған болатын.
2023 жылдың 17 желтоқсан күні Жылыой аудандық халықтық “Жастар” театры әртістері Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықытыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Казиеваның алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, 2023 жылға жоспарланған мәдени-көпшілік шараларға аудан әкімдігі және бөлім тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп келеді.

 

63

Саламат Сембайұлы-Құлсары  қаласының тұрғыны

 

7 ауылдан 5 ықшам ауданына өтетін көпір  салу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: 7 ауылдан 5 ықшам ауданына өтетін жаяу жүргіншілер көпірі бар. Ал автомобиль көпірін орнату мақсатсыз. Экономикалық тұрғыда тиімсіз екендігі қаперге беріледі.

 

64

Мешіт ықшам ауданына көпір салу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: «Мешіт» ықшам ауданына көпір салу үшін ЖСҚ жасақтауға  мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланды.

 

65

Құлсары қаласына кәріз суды тазалайтын станция (КОС)  құрылысын салу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласына кәріз суды тазалайтын станция (KOC) жобасы «vodaecofiltr» ЖШС-мен жасақталуда. Жобаның аяқталу мерзімі қыркүйек айына жоспарланған.

 

66

Орталық ықшам ауданындағы көпқатарлы үйлердің сыртқы келбетін қалпына келтіру. Өртенген пошта  дүңгіршегін жөндеу

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: «MM Project» ЖШС-нің демеушілік көмегімен қаланың орталық көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қаскелбетін жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамадан оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылуда.

 

67

«Бақай» ойын орталығының сыртқы келбетін ретке келтіру. Қаланың көркін кетіріп тұр

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: Аталған нысан иелеріне ғимараттардың айналасын қоршау жөнінде ескерту берілді.

 

68

Кәсіпкерлерге жер берген кезде айналасындағы тұрғын үйлерге  ойын алаңын және  асфальт жол салып беруді жүктеу

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: Жұмыстар Құлсары қаласының бас жоспарына сәйкес жүргізіледі.

 

69

Жастар ресурстық орталығы тек оқушылармен емес  ауданның 30-35 жас аралығындағы жастармен жұмыс жасап, қоғамдық жұмысқа тарту

 

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

Объективті жауап: Жылыой ауданы бойынша Жастар ресурстық орталығымен атқарылатын 2023 жылғы арналған іс-шаралар жоспарына ұсыныстарын енгізу үшін Саламат Сембіұлы шақыртылды. Алайда, тұрғын тарапынан ұсыныс түспеді.                                                                 

 

70

«Береке» ықшам ауданына саябақ салу

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: «Полиграм» ЖШС-нің демеушілік көмегімен Құрсай өзегімен Қамыскөл көлінің бекіту және абаттандыру жұмыстарына ЖСҚ дайындауда.

 

71

«Береке» ықшам ауданына веложол салу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: «Полиграм» ЖШС-нің демеушілік көмегімен Құрсай өзегімен Қамыскөл көлінің бекіту және абаттандыру жұмыстарына ЖСҚ дайындауда.

 

72

«Береке» ықшам ауданына мектеп салу

 

Аудандық білім бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласының Береке ықшам ауданына 600 орындық мектеп құрылысын салу үшін жоба-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптама қорытындысы (№15-0211/21, 06.08.2021 жылы) дайындалды.
Құрылыс жұмыстары «ТеңізШевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталады деп күтілуде.

 

73

Құлсары қаласына бала бақша салу

 

Аудандық білім бөлімі

 

Орындалуда: 2022-2026 жылдарға арналған Жылыой ауданын дамытудың іс-шаралар жоспарына Құлсары қаласы бойынша 6 (алты) балабақша салу енгізілген.                                                    «Атырау» ы/а-2 (екі) балабақша:

1) 280 орындық.                                                                                                                                                                                                                                                                     

2) 320 орындық.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

«Болашақ-1» ы/а 280 орындық.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

«Болашақ -2 ы/а 320 орындық.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

«Теміржол» ы/а 280 орындық.                                                                                                                                                                                                                                                                                          

«Жадырасын» ы/а 280 орындық.                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Құрылыс жұмыстарының ЖСҚ-сы жасақталуда.

 

74

Хамитов Ғабиден-Құлсары  қаласының тұрғыны

 

«Велестрой» ЖШС-нің келісім шарты бойынша вахталық жұмыстың ұзақтылығы 28  күн.  Алайда мәжбүрлі түрде  заңсыз вахталық жұмыстын ұзақтылығын 56 күнге созып отыр

 

Аудандық жұмыспен қамту, ӘБ және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: Аталған мәселені анықтау орталықтың құзіретіне жатпайды. Сонымен қатар аталған мәселе бойынша мекемедегі келісім комиссиясына барып шағымдануыңызға немесе құзырлы органдарға барып жолығу қажет екендігі ескертілді.

 

75

Теңіз кенішіндегі мекемелерге бірінші кезекте ауданның азаматтарын жұмысқа алғызу

 

Аудандық жұмыспен қамту, ӘБ және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: Өтініші бойынша жұмыс жасап жатырған мекеменің ішкі жұмыс барысын тексеру әкімдік құзретіне кірмейтінің және көтерген мәселесі бойынша  құзырлы органдарға Еңбек инспекциясы және Прокуратураға шағымдануына болатының ескертілді.

 

76

«Атырау» ықшам ауданынан берілген жер телімінің  құжаттарын  мерзімін ұзарту

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі

 

Орындалуда: «Атырау» ықшамауданында тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерінің мерзімі ұзартылуда.

 

77

3 ықшам ауданында болған қайғылы оқиғадан кейінгі жол қозғалысын күнделікті реттеу

 

Аудандық полиция бөлімі                      (келісім бойынша)

 

Орындалуда: Жылыой ауданы полиция бөлімінің жеке құрамына жеткізіліп, қаперге алынды. Бөлімнің патрульдік полиция инспекторлары күнделікті жұмыс атқаруда.

 

 

78

Тлеубаева Райса-Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды заңсыз  мекен жайларға тіркеуге  (прописка) отырғызған.  Тексеру  жұмыстарын жүргізу

 

Аудандық полиция бөлімі                      (келісім бойынша)

 

Орындалуда: Жылыой ауданы полиция бөлімінің жеке құрамына жеткізіліп, қаперге алынды.

 

 

79

Жеке вакуум көлік жүргізушілердің мәселесін  шешу 

 

Құлсары қаласының әкімі
«Жылыойсу» МКК-ны                              (келісім бойынша)

 

Орындалды: Жеке вакуум көлік жүргізушілердің мәселесі бойынша кездесу өтіп, оның қорытындысы бойынша бұрын күніне әрбір вакуумнен 1200 теңге алынса, енді әрбір 1м3 үшін -78,92 теңге алынатын болып келісілді, сол бойынша жүргізушілермен жаңадан келісім шарт жасақталды.

 

80

«5а» ықшам ауданындағы кәріз су айдау станциясының орнын ауыстыру

 

Рашев Ж – аудан әкімінің орынбасары,
Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі,
«Жылыойсу» МКК-ны                                 (келісім бойынша)

 

Орындалуда: 5а ықшамаудандағы айналма жол бойында орналасқан кәріз су айдау станциясының орнын ауыстыру қазіргі кезде жоспарда қарастырылмаған, бұл КНС-қа толықтай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мердігерлік мекеме тарапынан жобалық-сметалық құжаттар жасақталуда.

 

81

«Жылыойсу» МКК-ны  ауыз су тарифінің өскені жөнінде ашық түрде халыққа   жариялау

 

 «Жылыойсу» МКК-ны                           (келісім бойынша)

 

Объективті жауап: Егерде «Жылыойсу» МКК-ның ауыз су тарифы өсіп жатса, міндетті түрде халыққа жарияланатын болады.

 

82

Дүкендердегі тұрған қайырымдылық (садақа) жәшіктері бойынша  тексеріс жүргізу

 

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

Объективті жауап: Мемлекеттік органдардың қайырымдылық садақа жәшіктеріне тексеріс жүргізу құзырына кірмейді. Алайда, сауда үйлерінің иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

83

Ойын автоматтарын жабу

 

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: Қала аумағындағы букмекерлік кеңселерді жабу мәселесі бойынша тұрғындар тарапынан арыз берілген жағдайда тиісті құзырлы органдарға жолданатындығы жөнінде түсіндірілген болатын. Алайда күні бүгінге дейін тұрғындар тарапынан ойын автоматтарын жабу бойынша арыз шағым түскен жоқ.               

 

84

«Болашақ» ықшам ауданына газ жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласы «Болашақ» ықшам ауданына газ желісін тарту жұмыстары бойынша мердігер мекеме болып «Алия сервис» ЖШС-гі анықталды. Техникалық қадағалаушы мекеме «Строй Консалтинг» ЖШС-гі. Казіргі таңда келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.

 

85

Инербаев Мұратбек –Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Вакуум көлік жүргізушілері тиісті жұмыстарын атқарушы үшін  Құлсары қаласынан 11 км орналасқан булану алаңына жол салу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі, «Жылыойсу» МКК-ны                             (келісім бойынша)

 

Орындалуда: Ағымдағы жылы Құлсары қаласының көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары барысында, асфальт қалдықтастары төгіледі.

 

86

Нұрғалиев Құрманбек-Құлсары  қаласының тұрғыны

 

«ТШО» мекемесінен тозығы жеткен техникаларды кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына  кәсіпкерлік мақсатта алып беру

 


Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: ҚР заңдылықтарына сәйкес, тозығы жеткен техникалар қайта рәсімдеуге қойылмайды.

 

87

Кішкенебаева Салтанат-

Құлсары  қаласының тұрғыны

 

«ЮСС» ЖШС-нен берілген 4 сағат жұмысын 8 сағатқа ұзартып беру туралы

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ  және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: Өтініші бойынша жұмыс жасап жатырған мекеменің ішкі жұмыс барысын тексеру әкімдік құзретіне кірмейтінің және көтерген мәселесі бойынша  құзырлы органдарға Еңбек инспекциясы және Прокуратураға шағымдануына болатының ескертілді.

 

88

9 ауылға аялдама салу

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласының Бас жоспарына сәйкес қала ішіндегі аялдамалар белгіленген жерге орнатылатын болады. Қалаға қажетті аялдамалар тізімі жасақталып, бюджеттен қаражат бөлінді. 80 дана аялдамаларды сатып алу  және орнату жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып,өтінімдерді қосымша қаралу сатысында тұр.           

 

89

9 ауылға жаяу жүргіншілер жолағын сызу

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: Қала көшелерінің асфальт жолдарына жаяу жүргіншілер  жолағын сызу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталына жариялауға тиісті құжаттары рәсімделуде. Мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, жеңімпаз мекеме анықталған соң, қала көшелерінің асфальт жолына жаяу жүргіншілер жолының жолағы сызылатын болады.

 

90

Қазмағанбетов Серік-Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Азық-түлік бағасына мониторинг жүргізу. Әлеуметтік желіге жариялау

 

Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі

 

Орындалды: Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын шамадан тыс көтерілмеуіне жол бермеу мақсатында арнайы мониторинг жұмыс тобы құрылды. Құрылған топ құрамында «AMANAT» париясы, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы мекеме өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері халық көп тұтынатын  азық-түлік өнімнің бағаларын кәсіпкерлерді тауар бағасын себепсіз 10-15 пайыздан өсірмеуге ескерту жұмыстары жүргізілді. Қала аумағындағы сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына мониторинг және талдау жұмыстары тұрақты түрде аптасына 2 рет жүргізіледі және facebook парақшасына жарияланып отырады.

 

91

Сатылатын пиротехникалық бұйымдарға қадағалау жүргізу

 

Аудандық полиция бөлімі                       (келісім бойынша)

 

Орындалды:Сатылатын пиротехникалық бұйымдар қадағаланып, бақылауға алынды.

 

92

Вахталық  ауысымы кезінде  Вокзал аумағында  дәрет сындыру фактілерін орын алады. Шарасын алу

 

Құлсары қаласының әкімі
Аудандық полиция бөлімі
(келісім бойынша)

 

Объективті жауап: Жылыой ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен Вокзал аумағында дәрет сындыру фактілері анықталған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

93

Теңіз қалашығындағы мекемелерге бірінші кезекте жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді міндеттеу

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ  және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: Жыл басынан бері 20-ға жуық мекеме басшыларымен жиын өткізілді. Жиын барысында бос жұмыс орындары пайда болған жағдайда бірінші кезекте Жылыой ауданының тұрғындарын жұмыспен қамту тапсырылды.

 

94

Көп балалы аналарға берілетін 5 қабатты тұрғын үйді беруді кімнің құзырында?

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

Объективті жауап: Жергілікті атқарушы орган, яғни тұрғын үй комиссиясы құзырында.

 

95

Исақова Сандуғаш- Құлсары  қаласының тұрғыны

Атырау ықшам ауданына қатынайтын қоғамдық көлік ара қашықтығын (интервал)  реттеу,  қосымша автобустар шығару

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

Орындалды: Атырау ықшам ауданына қатынайтын қоғамдық көлік ара қашықтығын (интервал) реттеуге қажетті мердігер тарапынан қосымша автобустар алу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз айында қосымша 10 дана автобустар жалға алынып жолға қойылды.

 

96

«Атырау» ықшам ауданының  ауыз су мәселесін шешу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалды: Қазіргі таңда Атырау ы/а ауыз су желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды.

 

97

«Атырау»  ықшам ауданына интернет желісін тарту

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: 1 кезеңде Аэропорт, Жадырасын, Атырау, Береке ықшам аудандарына интернет желісін жүргізуүшін «АлмаТел» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде.

 

98

Сакиева Гүлназ-Құлсары  қаласының тұрғыны

 

Қала әкіміне түсетін үміткерлерге әділ сайлау өткізу. Аудандық сәулет, құрылыс бөлімдерінің басшыларын ауыстыру

 

Аумақтық сайлау комиссиясы                              (келісім бойынша)

 

Объективті жауап: Қала, кент және ауылдық округтер әкімдерін сайлау  «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңымен жүзеге асырылады.  Аудандық сәулет, құрылыс бөлімдерінің басшыларының қызметтері бақылауға алынады.

 

99

Беркін Диасұлы-Құлсары  қаласының тұрғыны

Орталық стадионға Сүлейменов Диас атын  беру

 

Аудандық мәдениет,ТД, ДШ және спорт бөлімі

 

Объективті жауап: Орталық стадион ғимаратына Д.Сүлейменов атын беру үшін Құлсары қаласы әкімі аппаратына құжаттарын жинақтап тапсыру керектігі түсіндірілді.

 

100

Бос тұрған ғимараттарға волейбол, баскетбол секцияларын ашу жолдарын қарастыру

 

Аудандық мәдениет,ТД, ДШ және спорт бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: Аудандағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде волейбол және баскетбол ойындарына арналған (толық жабдықталған) спорт залдар жоқ екендігі, жалпы орта білім беретін мектептеріндегі спорт залдар Жылыой ауданы білім бөліміне қарасты екендігі туралы түсінік берілді.

 

101

Агрозонаны дамыту мақсатында инфрақұрылым жүргізілген жер учаскелері  берілсе және сол жерлерге  тұрғын үйлер салып беру мәселесін қарастыру

 

Аудандық мәдениет,ТД, ДШ және спорт бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: Жылыой ауданының 2022-2026 жылға арналған даму жоспарына сәйкес, Құлсары қаласына агроаймақ құру жоспарлануда. Алайда аталған агроаймаққа тұрғын үй салу қарастырылмаған.

 

102

Бекшойынов Қайырбек-

Құлсары  қаласының тұрғыны

«Достық» ықшам ауданында  битон асфальттар бар , көліктер көшеге кірмейді. Асфальт жол салу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласы №177 көшесі «Қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту 3-кезең» жобалық сметалық құжаттамасы тізіміне еңгізілген. Қазіргі уақытта жоба жасақталып, құрылыс жұмыстарын жүрзуші мердігер мекеме анықталды. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған көшенің жерінің өсімдік қабаты тегістеліп, қосымша құм қиыршық тас қабаты және асфальт жабындының ірі түйірлі жабындысы төселді.

 

103

Балалар ойын алаңы сапасыз салынған. Қадағалап, ретке келтіру

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: Аталған балалар ойын алаңы «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасы аясында «Достық» ықшамы ауданының тұрғындарымен 2021 жылы салынған болатын. Дегенмен, әлеуметтік жоба арқылы салынған балалар ойын алаңын тұрғындар тарапынан күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу қажет. 

 

104

Кіші аяқ доп алаңының жарығын қосу

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалды: Кіші аяқ доп алаңының жарығы қалпына келтірілді.

 

105

№177 көшеге  көше жарығын  жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Асфальт жабындымен толық қамтамасыз етілген соң алдағы уақытта жасақталатын жобалар тізіміне енгізіледі.

 

106

«Достық» ықшам ауданындағы  бұралқы иттерді аулау

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: 2022 жылы желтоқсан айында мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып ЖК «Жансұлтан» мердігер мекеме атанып, өз жұмысын атқарды. 2023 жылдың қаңтар- ақпан айларында аталған мердігер мекемемен 2 айға келісім шартқа отырып, толықтай жұмыстар атқарылды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша «Достық» ықшам ауданында 18 ит ауланды.

 

107

Назарова Сәуле-Құлсары  қаласының тұрғыны

 

1 ықшам ауданындағы апаттық №27 үй қай уақытта бұзылады, сондай-ақ бұзылған жағдайда қасындағы үйлерге қандайда бір зақым келмей ме?

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: 1 ықшам ауданындағы №27 үйді бұзу жұмыстары жүргізілуде.

 

108

Жекеменшік серіктестік құру мәселесін қарастыру

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында М.Жазықбаев мектебінде 1 ықшам ауданы №14 үй тұрғындарына меншік иелері бірлестігін құруға түсінік жұмыстары жүргізілді.

 

109

1 ықшам аудан ы №14 үйдің жертөлесін  тазалау жұмыстары  сапасыз жүргізілген. Қайта тазалау жұмыстарын жүргізу

 

Құлсары қаласының әкімі
«Жылыойсу» МКК-ны                            (келісім бойынша)

 

Орындалды: 1 ықшам аудандағы №14 үйдің жертөлесін тазалау жұмыстарын демеушілік көмекпен ЖК «Дусемалиев» жүргізді.

 

110

Сәменов Әли-

Құлсары  қаласының тұрғыны

 

«Базис Ойл» мекемесіндегі кемшіліктер бойынша тексеріс жүргізу

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі,                                                                                                                                                                                                                                      Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: Үстіміздегі жылдың тамыз айында Жылыой аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан  «Базис Ойл» ЖШС-не  тексеру тағайындау актісі тіркелген болатын. Акт негізінде 23.08.2022 жылы жоспардан тыс тексеру жүргізілген болатын. Тексеріс жүргізу нәтижесі бойынша, бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлғаға 310 АЕК мөлщерде 474765 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 тармақшасына сәйкес, Жылыой аудандық сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін іс құжаттары жолданған болатын. Жылыой аудандық сотымен 122520 теңге көлемінде айыппұл салынды (№2336-22-00-3/837 31.08.2022 жылғы қаулы).
Тексеріс жүргізу барысында «Базис Ойл» ЖШС-і эпидемиялық мәні жоғары объекті және аумағында мұнай өнімдері автокөлік құралымен кіргізіліп, өнім шағын заводта өңделіп, әрі қарай теміржолмен тасымалданатындығы анықталды. Яғни, ҚР ДСМ 23.09.2021 №ҚР ДСМ – 98 бұйрығы «Көлік құралдарына және жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»   және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР ДСМ 11.01.2021 жылғы №ҚР ДСМ-5 бұйрықтарына сәйкес «Базис Ойл» ЖШС-і «Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының» РММ-нің  құзыреттілігіне жатаны анықталды.
Осыған орай Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы У.Апуовқа 31.03.2023 жылы №06-03-01-01-1/881 санды хатымен  «Базис Ойл» ЖШС-не қатысты заң аясында шарасын алуға  хат жолданған болатын.
Жауап хатта Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ҚР 2015 жылғы 29 қазандағы №375-VҚРЗ «ҚР-ның Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабының 5 тармағының 5 тармақшасына сәйкес, ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылқатрдың нақты фактілері болмағандықтан жоспардан тыс тексеру тағайындау, шара қолдану мүмкін еместігін қаперге берді.

 

111

Жоламанова Р
Құлсары қаласының тұрғыны

 

«Атырау» ықшам ауданына жол жүргізген кезде құрылыс қалдықтарын жинамай кеткен. Мердігер мекемеге  жинастыру жұмыстарын жүргізуді тапсыру

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалды: Мердігер мекемге тапсырма берілді, құрылыс қалдықтары жинақталды.

 

112

Жәшікке түскен ұсыныс-пікірлер
Аты-жөні жазылмаған

 

«Достық»  ықшам ауданында №117 көшеге асфальт бойына жол кедергісін орнату

 

Құлсары қаласының әкімі
Аудандық Полиция бөлімі                      (келісім бойынша)

 

Объективті жауап: Жылыой ауданы полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техникалық инспекция тобына ұсыныс жолданды. Нұсқама берілген жағдайда жол кедергісін орнату тізіміне енгізілетін болады. Жәшікке түскен өтініштің аты-жөні және телефон номері көрсетілмегендіктен байланысу мүмкін болмады.

 

113

Жәшікке түскен ұсыныс-пікірлер
Құлсары қаласының тұрғыны                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Т.Мукенова

 

Баласын жұмысқа орналастыру туралы

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ  және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап:Баласы-жұмыс іздеуші ретінде 2022 жылдың 24 қарашасында тіркелген. Құлсары қаласынан «ПСК Эверест»ЖШС-не жұмысшы лауазымы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстар ұсынылған болатын, алайда  ұсынылған жұмыстардан бас тартты. Алдағы уақытта Теңіз кенішінен бос жұмыс орындарына сұраныс түскен жағдайда жұмыспен қамту мәселесі қаралады.

 

114

Жәшікке түскен ұсыныс-пікірлер
Құлсары қаласының тұрғыны
Ибрагимова Замира

«Атырау» ықшам ауданында жаңадан салынған көп қатарлы үйлерге  тұрғындар қашан көшіріледі

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалған жоқ: «Атырау» ықшам ауданында жаңадан салынған 5 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылыс уақытылы бітпеуіне байланысты  мердігер мекеме арасында  сот процессі аяқталды. Соттың шешімімен мердігер мекемені жосықсыз қатынасушы – деп тану бөлігін қанағаттандырусыз қалдырып, тұрақсыздық айбын өндіру бөлігін қанағаттандырды. Облыстық сотқа аппелициялық шағым түсірілетін болады.

 

115

Жәшікке түскен ұсыныс-пікірлер
Аты-жөні жазылмаған

 

Теңіз кенішіндегі вахталық жұмыстың  ұзақтығын 15 күнге ауыстыру

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ  және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: «Теңізшевройл» ЖШС-нің  жауап хатында  қызметкерлердің ауысымының ұзақтығын кәсіпорынның қажеттіліктерін ескере отырып, әрбір жұмыс беруші компания дербестері белгілейді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес жұмыс берушінің актілерімен, ұжымдық, еңбек шарттарымен реттеледі. Сонымен қатар, белгілі бір тұрғылықты аймақтың тұрғындары үшін ерекше ауысымдық режимді орнату мүмкін емес екені анық, өйткені өндіріс құрылымында жұмысшылардың «аумақтық» бөлінуі қолданылмайды делінген.(Жұмыспен қамту орталығы)

 

116

Жәшікке түскен ұсыныс-пікірлер
СМП-615ы/а тұрғындарының атынан

 

«СМП-615»  ықшам ауданына  аялдама орнату

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласының Бас жоспарына сәйкес қала ішіндегі аялдамалар белгіленген жерге орнатылатын болады. Қалаға қажетті аялдамалар тізімі жасақталып, бюджеттен қаражат бөлінді. 80 дана аялдамаларды сатып алу  және орнату жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып,өтінімдерді қосымша қаралу сатысында тұр.           

 

117

Жәшікке түскен ұсыныс-пікірлер

Құлсары қаласының тұрғыны

Қайржанова Ұлболсын

«Мерей ықшам ауданына (3 ауыл) мектеп, балабақша салу

 

Аудандық құрылыс бөлімі,
Аудандық білім бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары қаласының бас жоспарына сәйкес «Мерей» ықшам ауданына мектеп, бала бақша салу үшін жер телімдері қарастырылмаған. Жақын манындағы орналасқан «Жадырасын» ықшам ауданына 600 орындық мектеп және 280 орындық бала бақша салу жоспарлануда.

118

«Мерей» ықшам ауданына (3 ауыл) көпір салу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі
Құлсары қаласының әкімі

 

Орындалуда: Жоба жасақтауға қажетті алғашқы дереккөздер жинақталды. Жобалаушы мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылуда.

 

119

Жәшікке түскен ұсыныс-пікірлер

Құлсары қаласының тұрғыны

Жәнібек

№8 мектептің  қасындағы жол қиылысына жаяу жүргіншілер жолын салу

 

Құлсары қаласының әкімі

 

Объективті жауап: Жәшікке түскен өтініштің аты-жөні және телефон номері көрсетілмегендіктен байланысу мүмкін болмады. Жалпы С.Датов және С.Шәкірова көшесінде жаяу жүргіншілер жолы бар.

 

120

№8 мектептің  қасындағы жолға жасанды жол кедергісін қондыру

 

Құлсары қаласының әкімі
Аудандық Полиция бөлімі                      (келісім бойынша)

 

Объективті жауап: №8 мектептің алдында 2 дана жол кедергісі орнатылған. Қосымша жол кедергісін орнату қажет етпейді.

 

121

Жәшікке түскен ұсыныс-пікірлер
Ибраимова Нуршат
Құлсары қаласының тұрғыны

Тұрғын үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп беру, коммуналдық берешектерін төлеуге көмектесу

 

Құлсары қаласының әкімі
Аудандық ЖҚ,ӘБ және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: Мемлекет тарапынан заң шеңберінде жеке меншік үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылмаған.

 

122

Фейсбук желісінен түскен сұрақ
Aiman_ Umirzhanova

 

Қоғамдық көліктің уақытылы жүруін қадағадау

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалды: Қазіргі уақытта қоғамдық көліктердің жүріс интервалы үнемі қадағалануда. Алайда автобус жетіспеушілігінен аралық интервал ұзарып кету көріністері орын алуда. Осыған орай мердігер мекеме тарапынан ағымдағы жылдың наурыз айында қосымша 10 дана автобустар жалға алынып, жолға қойылады.

 

123

Инстаграм желісінен түскен сұрақтар
Tanat_zhumagaliuly

 

Мектеп, бала бақшаның  құрылыс жұмыстары аяқталғанда, қабылдау кезінде жан-жақты  тексеріп, қабылдау

 

Аудандық құрылыс бөлімі, қала, кент, ауылдық округтер әкімдері

 

Объективті жауап: Бұйрықпен бекітілген инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №234 нысанды пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес тапсырысшы, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаушымен қабылданады.

 

124

Инстаграм желісінен түскен сұрақтар
Kulsary_zharnama

 

Жер кезегінде тұрған  тұрғындарды БАҚ-на жариялау заңды ма?

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Объективті жауап: Қазіргі таңда жер кезегінде тұрған тұрғындардың кезегін қарау тәртібі 2022 жылдың 01 наурызынан бастап Электронды үкімет веб порталы арқылы қаралады. Заң талаптарына сәйкес жарияланбауға жатады.

 

125

Инстаграм желісінен түскен сұрақтар
Zhumasatova4

 

Қымбатшылық өршіп тұр. Бағаны қадағалау

 

Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі

 

Объективті жауап: Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын шамадан тыс көтерілмеуіне жол бермеу мақсатында арнайы мониторинг жұмыс тобы құрылды. Құрылған топ құрамында «AMANAT» париясы, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы мекеме өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері халық көп тұтынатын  азық-түлік өнімнің бағаларын кәсіпкерлерді тауар бағасын себепсіз 10-15 пайыздан өсірмеуге ескерту жұмыстары жүргізілді. Қала аумағындағы сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына мониторинг және талдау жұмыстары тұрақты түрде аптасына 2 рет жүргізіледі.

 

Жаңа Қаратон кенті

126

Бабасов Әбіл – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Кент ішіне жүк автокөліктерінің кіруіне тыйым салу

Жылыой аудандық полиция бөлімі

(келісім бойынша)

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

Объективті жауап: Жалпы Жаңа Қаратон кенті бойынша 150 (48 жүк тасымалдаушы көлігі, 102 әр түрлі техника) жүк көлігі тіркелген. Алайда 30-ға жуык тұрғынның жүк көлігі кент ішіне кіріп тұрғылықты үйлерінің алдына немесе аулаларына қояды. Қалған 120 ауыр жүк көлігі Теңіз қалашығындағы мекемелерге жалға берілуде (Жаңа Қаратон кентіне қатынамайды).                                                                                                                                                                                        Жылыой ауданы әкімдігінің шақыртуымен а.ж. 16 ақпан күні Жаңа Қаратон кентіне облыстық Экология департаментінің қызметкерлерімен  санитарлық-қорғау аймағындағы және алау астындағы атмосфералық ауасы сынамасын алу жөнінде тексеріс жүргізілді.  Тексеру қорытындысы бойынша  акт толтырылып, ауада зиянды заттар мен қалдықтар жоқ екендігі туралы қорытынды берілді.

127

Камыскөл көлінің айналасын қоршап, көгалдандыру

Құлсары қаласының әкімі

Объективті жауап: Жылыой ауданының дамытуға 2022-2026 жылдарға арналған кешенді даму жоспары жасақталды. Қамыскөл көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары даму жоспарына енгізіліп, демеушілікпен жобалық–сметалық құжаттама жасақталуда.

128

Ауданда сүт өнімдерінің цехын ашу

Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі

Орындалуда: Кәсіпкер А.Сисеновтың сүт өнімдерінің цехын ашу бойынша құрал жабдықтарын қосып беретін Түркия елінен келетін зауыт өкілдерінің келуі күтілуде. 

129

Ержанов Толыбай – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Құлсары-Жаңа Қаратон бағытында жүретін автобус маршрутының  кешкі уақытын өзгерту

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі, Жаңа Қаратон кентінің әкімі

Объективті жауап:  «БатысТехИнвест»ЖШС-гі  мемлекет тарапынан әлеуметтік маңызы бар қоғамдық автокөліктерді субсидиялау бойынша тек қана елді мекендерге 5 рейс қарастырылған. Алайда, мекеме тарапынан қосымша 2 рейс қосып, қазіргі таңда 7 рейсті қамтып отыр. Құлсары қаласынан сағат 18.00-де шығатын автобус кентке барып, қайта келіп сағат 19.00 үлгермейді. Оған қосымша  автобус сатып алу қажет. Сол себепті ағымдағы жылдың желтоқсан айының 31-не дейін сағат 19:00-ге рейсті қамти алмайды. Келер жылға автобустар сатып алу мәселесін қарастырамыз.

130

Шамкулов Багитжан – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны                           

Жем өзеніне келетін суды тиімді пайдалану

 

Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі

 

Орындалуда: Жем өзені суын тиімді пайдалану үшін Құрсай, Құржем өзектерінің басталатын жерінен шлюздер салынды.
Сонымен қатар үстіміздегі жылы Тұрғызба ауылының тұсына шлюз салынып, құрылысы аяқталды.Алайда, Жемнің төменгі арнасына салынған Таймұхан тұрбалы шлюзы  (4 тұрба, 1000-дық көлемде) салынғанымен су тасқыны кезінде бұзып кетуіне байланысты. Бұл шлюзды қайта қалпына келтіру жұмыстары су арнасы кепкеннен кейін шілде айында жүргізілетін болады. Ауданның дамытуға 2022-2026 жылдарға арналған кешенді даму жоспары Жем өзенінің бойынан 3 жерден шлюз салу жоспарға енгізілді. Осы шлюздер салынғаннан кейін Жем өзені суын тиімді пайдалануға мүмкіндік болады.

131

Молдакулова Свелана – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

 

Кентке мәдениет
үйін салу

 


Аудандық құрылыс бөлімі

 

Орындалуда: Кентке 300 орындық мәдениет үйін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынып, құрылысына қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Мердігер мекеме анықталды. Қазіргі таңда нысанның іргетасын құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

132

Тынысов Сайлау – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Салынып жатырған асфальт жол құрылысының сапасын тексеру

 


Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалды: 33,4 км салынған жол «Ұлттық жол активтері сапа орталығымен» жол жабындысының әрбір материалынан және аяқталған қатты жабындыдан тиісті керн сынамалары алынып, құрылыс сапасы тиісіті техникалық қадағалаушы және бөлім мамандарымен бақыланды.

133

«Рауан» дүкенінің қасындағы жол қозғалысын реттеу

 


Аудандық Полиция бөлімі                       (келісім бойынша)

 

Объективті жауап: Дүкенінің қасындағы жол қозғалысын реттеу бойынша аудандық Полиция бөлімінің бақылауында. Кептеліс болған жағдайда наряд бөлініп тұрады. Күні бүгінге дейін жол қозғалысы бойынша шағым түскен жоқ.

134

Ержанов көшесін №44 үйдің алдына салынған асфальт жолдың су жиналатын жерін қырып, алдыртып, қайтадан асфальт төсеу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

Орындалды: Жаңа Қаратон кент ішілік жол құрылыс жұмыстары қайтадан басталып, №44 үйдің алдындағы су жиналатын жерді кесіп алып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

135

Тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін шешу

Аудандық жұмыспен қамту орталығы

Орындалды: Баласы аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды.

136

Өмірзақ Самат – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Кенттегі өртенген ойын алаңын жөндеу

 

Жаңа Қаратон
 кентінің әкімі

 

Орындалуда: Жаңа Қаратон кенті Б.Ержанов көшесіндегі ойын алаңына (өртенген) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім жолданды,Алдағы уақытта өтетін сессияда қаражат сұратылатын болады.

137

Молдашев Оразбай – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Кәріз суын айдау станцияларымен құбырларын жаңғырту

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Кәріз суын айдау станцияларымен құбырларын жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынып, құрылысына қаражат бөлінді. Мердігер мекеме анықталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан оқшауландыру жұмыстары жүргізілуде.

138

Демалыс күндері кенттегі дәрігерлік амбулаториясына кезекші дәрігер немесе медбике шығару

Аудандық орталық аурухана (келісім бойынша)

Орындалды: Жаңа Қаратон дәрігерлік амбулаториясында сенбі күні сағат 08-00 ден 18-00 ге дейін, жексенбі күні сағат 08-00 ден 12-00-ге дейін кезекші мейірбикелер жұмыс атқаруда.

139

Шөптің бағасын реттеу

 


Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі

 

Орындалды: Мал азығының бағасына тұрақты түрде ауыл шаруашылық бөлімімен мониторинг жүргізілуде.  Биыл жергілікті кәсіпкерлер өзіміздің ауданымызда шабылған шөптің рулон бағасын 5000 теңгеден сатты. Ал қазір таңда басқа облыстардан тасымалданған руллон шөптің бағасы  9000-10000 теңгеден сатылуда.
Былтырғы жылмен салыстырғанда (2021 жылы рулон шөптің бағасы 17000-18000 тг болған)  басқа облыстардан тасымалданған руллон шөптің бағасы 50 пайызға төмендеген.

140

Сиденова Ұлдана -  Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Азық түлік бағасын реттеу

Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі

 

Объективті жауап: Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шамадан тыс  өсуіне жол бермеу мақсатында аптасына 2 рет мониторинг жұмыстарын жүргізіп отырады.
Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ірі көтерме азық-түлік дүкендеріні бағаны негізсіз өсірмеу және 10-15 % пайыздан асырмау туралы ескерту жұмыстары ескертіледі.
Аудан бойынша азық-түлік бағаларын тұрақты ұстау, негізсіз өсірмеу және азық-түлік өнімдерінің қорларын қамтамасыз ету мақсатында 40 шаруа қожалығымен және 8 жеке кәсіпкермен меморандум жасақталды, шаруа қожалықтарының өнімдерін халыққа базар бағасынан10-15% төмен бағамен ұсыну мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты түрде сенбі күндері өткізіліп келеді.

141

 

Көшедегі бұралқы иттерді аулау

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалды: Иттерді аулау бойынша  2022 жылы жеке кәсіпкер «Сагинов» жеңімпаз атанып, қазан айының 22-нен бастап бұралқы иттерді аулау жұмысы жүргізіліп, кент бойынша 89 ит ауланып, ота жасалып, сырғаланды. 2022 жылдың жоспары толығымен орындалды.

142

 

Жаңа Қаратон кенті мен Құлсары қаласы арасындағы таксилер бағаны өсіруде. Қоғамдық көлікті сағат сайын жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Объективті жауап: Кент ішіндегі барлық көлік жүргізушілерге баға мәселесі бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
№55  Құлсары-Жаңа Қаратон  маршруты күніне 7 мәрте жүргізілуде. Кентке  маршрутқа 1 данадан автобус бөлінген. Сағат сайын жүргізуге әзірге мүмкіндік жоқ. Олардың барып келу уақыты 1 сағатты құрайды.
Алайда  берген ұсыныс бойынша  2023 жылдың субсидия жобасына қарастырылатын болады. 

143

Утешов Қайырхан – Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Майтөбе көшесіндегі орналасқан балалар ойын алаңына көше жарығын жүргізу 

Жаңа Қаратон
кентінің әкімі

 

Орындалды: Балалар ойын алаңына 2 светодиоттық шам орнатылып, жарық жүргізілді.

144

Бабасов Әбіл  -

Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Кент ішіне жүк автокөліктерінің кіруіне тыйым салу

 

Жылыой аудандық полиция бөлімі
(келісім бойынша)
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Объективті жауап: Жалпы Жаңа Қаратон кенті бойынша 150 (48 жүк тасымалдаушы көлігі, 102 әр түрлі техника) жүк көлігі тіркелген. Алайда 30-ға жуык тұрғынның жүк көлігі кент ішіне кіріп тұрғылықты үйлерінің алдына немесе аулаларына қояды. Қалған 120 ауыр жүк көлігі Теңіз қалашығындағы мекемелерге жалға берілуде (Жаңа Қаратон кентіне қатынамайды).                                                                                                                                                                                        Жылыой ауданы әкімдігінің шақыртуымен а.ж. 16 ақпан күні Жаңа Қаратон кентіне облыстық Экология департаментінің қызметкерлерімен  санитарлық-қорғау аймағындағы және алау астындағы атмосфералық ауасы сынамасын алу жөнінде тексеріс жүргізілді.  Тексеру қорытындысы бойынша  акт толтырылып, ауада зиянды заттар мен қалдықтар жоқ екендігі туралы қорытынды берілді.

 

145

Ақжайық көшесіндегі тұрғын үйлердің қасында жатқан құрылыс қалдықтарын алғызу

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалды: 2022 жылдың желтоқсан айында "Ақжайық" көшесіндегі 17 үйдің иелеріне ауласының сыртында жатқан құрылыс қалдықтарын алу туралы ескертпе хаттар таратылып, 13 үйге ҚР ӘҚбК-нің 386, 505 баптарына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.

 

146

Кенттегі дүкендер мен аптекалар уақытында ашпайды. Жұмыс регламенттері жазылған тақтайшаны жасақтап, ілу

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Объективті жауап: Жеке кәсіпкерлерге өз тарапымыздан тексеріс жүргізіп,  дүкендердің ашып-жабу уақытын айта алмаймыз. Дегенмен кент әкімдігі тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы кент ішіндегі дүкендермен дәріханаға регламент ілінген тақтайшаларын жаңарту жөнінде ескертпе хат жолданды.

 

147

Молдашев Оразбай-Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

Кенттегі жас отбасыларға арнап көп қатарлы тұрғын үйлер салу

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Аудандық құрылыс бөлімі,                                          Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Объективті жауап: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Түрғын үй қатынастары туралы Заңының" 67,68-баптарында көрсетілген санаттар ғана тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізіміне алынады.
Сонымен қатар  "Отбасы Банк" арқылы "Жас отбасы" бағдарламасына және  жуық арада басталатын "Атырау жастары" бағдарламасына қатысуға мүмкіндіктер бар.
Жалпы Жаңа Қаратон кентінің бекітілген бас жоспарына сәйкес, жас отбасыларға көп қатарлы тұрғын үй салу үшін жер учаскесі қарастырылмаған.

 

148

Кенттегі жұмысыздық мәселесін шешу

 

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: Жаңа Қаратон кенті бойынша 2022 жылы 363 жұмыссыз тіркелген, оның ішінде жұмыс іздеуші ретінде ресми тіркелгені 88. Жылыой ауданы жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркелгеннен кейін, мекемелер тарапынан ұсыныстар түскен жағдайда кезек ретімен жұмыс ұсынылады.

 

149

Жаңадан салынып жатырған асфальт жолға жол белгілерін қою

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалды: 2021 жылы басталған Жаңа Қаратон кентіндегі асфальт жол құрылысы аяқталып, "Казкомсервис" ЖШС-ның 618 дана жол белгілері орнатылды. Қазіргі таңда кент іші жол белгілерімен толық қамтылды.

 

150

Айтуова Жамал  -

Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны,

 

1 квартал тұрғын үйлеріне КТПН қою

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: 1 кварталдың тұрғын үйлеріне КТПН қою мәселесі бойынша  4153 м көше жарығы электр желісімен қоса және Заңғар көшесіне 1 км көше жарығының құрылысына «ТопПроект» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынып, құрылысына қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталды. Қазіргі таңда келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.                                                                                                                                           *** Мердігер "Жайықсити" ЖШС-гі 

 

151

1 кварталға кәріз су желісін жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: 1 кварталға кәріз, су желісінің  құрылыс жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынып, құрылысына қаражат бөлінді. Мердігер мекеме анықталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан оқшауландыру жұмыстары жүргізілуде.
*** (Мердігер «Бекболатовтар отбасы» ЖШС-гі.)

 

152

Ержанов Толыбай  -Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

 

Құлсары-Жаңа Қаратон бағытында жүретін автобус маршрутының  кешкі уақытына қосымша автобус шығару

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалды: "БатысТех Инвест" мекемесі тарапынан қосымша автобус шығаруына мүмкіндік болмауына байланысты  сиымдылығы 41 орындық үлкен автобус шығарылды.

 

153

Куатова Балжан  -
Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

 

Кентке мәдениет үйін салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: Кентке 300 орындық мәдениет үйін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынып, құрылысына қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Мердігер мекеме анықталды. Қазіргі таңда нысанның іргетасын құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
 *** Мердігер "Ақмешіт Мелиатор"

 

154

Мырзабаев Рахымжан-Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

 

Кентте көлік жуу және көлік жөндеу  орталығын ашу

 

Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Объективті жауап: Кентте көлік жуу және жөндеу орталығын ашу бойынша жеке кәсіпкерге аукцион арқылы жер телімін алып, құжаттандыру және құрылыс жұмыстарын жүргізуге жерін дайындауда. Қаражатына қарай нысанды салу жұмыстарын бастайды. 

 

155

Сиденова Ұлдана-
Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны

 

Кент ішіндегі салынып жатқан 7238м көше жарығы қашан аяқталады

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жаңа Қаратон кентінің әкімі

 

Орындалуда: Кент ішіндегі салынып жатқан 7238м көше жарығын аяқтау  бойынша 3 КТПН және сым кабельдері алынып тұр. Жұмысын толық аяқтамаған үшін мердігер мекеме сотқа берілді. Қазіргі таңда сот процессі аяқталып, мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстарын бастау қыркүйек айына жоспарлануда. 

156

Әлеуметтік желі: Kuankurbanov

 

Жедел жәрдем көлігі  Құлсары қаласынан келеді. Жаңа Қаратон кентіне жедел жәрдем көлігін бөлу

Аудандық орталық аурухана (келісім бойынша)

 

Орындалды: Демеушілік арқылы 6 ауылдық округке 6 санитарлық автокөлік табысталды.

 

Ақкиізтоғай ауылдық округі

157

Бектембаев Мүбарак - Ақкиізтоғай ауылының  тұрғыны

Ақкиізтоғай ауылына ауыз суды үздіксіз беру

 

Ақкіизтоғай ауылдық округінің әкімі,
 «Жылыой Тазалық» ЖШС-гі (келісім бойынша)

 

Орындалуда: "Жылыойсу" МКК тарапынан қазіргі кезде Ақкиізтоғай ауылына  ауыз су үздіксіз, тәулік бойына берілуде және де жыл бойына осылай беріліп отырылатын болады. Жыл бойына ауыз суды үздіксіз беру мақсатында су мұнарасын сатып алу, орнату бойынша конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтамауына байланысты сотқа талап арыз жолданды. Қазіргі таңда сот процестері толығымен аяқталып, мердігер мекемемен құрылыс жұмыстарын аяқтау мақсатында келіссөздер жүргізілуде.

158

Қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигон мәселесін шешу

 

Ақкіизтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Ауылдық жерден полигон ашу үшін жер телімін бөлуге   облыстық басқармалар (энергетика, табиғатты реттеу басқармалары) тарапынан рұқсат етілмей отыр.                                                                                                                     Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонды ашу үшін  полигонға жер телімін бөлуге кәсіпкер тарапынан сұрыптау зауытын ашу қажет. Алайда, округ аумағы бойынша  қоқыстар аз болуына байланысты зауыт ашуға тиімсіз болғандықтан кәсіпкерлер тарапынан ұсыныстар болмай отыр.                                                                                                                                                                                                     *** 2017 жылы 29 тамызда №234 Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтайтын алаң үшін жер телімі бөлінген. Алайда бұл қаулының күші облыс әкімдігі тарапынан жойылған.

159

Мусиев Тынышбай - Ақкиізтоғай ауылының  тұрғыны

Ауыр жүк көліктерді асфальт жолмен жүргізбеу туралы

 

Ақкіизтоғай ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды:2022 жылдың 30 қыркүйек күні Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен «Казкомсервис» ЖШС-нің өкілдермен ауыл тұрғындарымен  кездесуі өткізілді. Кездесуде тұрғындар талабына сәйкес «Казкомсервис» ЖШС-нің жүк көліктерін Құлсарыдан Қырғын карьеріне дейін барып-қайту үшін тек қана көтерме жолмен (грейдер) жүретін болып келісілді.
2022 жылдың 5,14 қазан күндері учаскелік полиция инспекторы мен ауыл әкімі бірлескен рейд ұйымдастырып, 8 жүк ауыр көліктері иелеріне 8 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
***(Бір  жүк көлігі стандарт бойынша көліктің салмағымен жүк салмағы 24 тоннадан артық болмауы қажет. Әрбір көлік мекеменің арнайы автотаразысымен өлшенеді. Мекеменің жүк автокөлігінің жүгі 22 тонна, ал тіркемесі 14-16 тоннаны құрайды).

160

Ауылға жаңа мектеп салу

 

Ақкіизтоғай ауылдық округінің әкімі
Аудандық білім бөлімі,
Аудандық құрылыс бөлімі

Орындалуда:  «Жылыой  ауданын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына»  Ақкиізтоғай  ауылдық  округіне  300 орындық жаңа мектеп құрылысы енгізілді.  Құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасын  дайындау 2024 жылға,  жаңа мектеп құрылысы  2025-2026 жылдарға  жоспарланған.

 

161

Ауыл ішілік жол салу жұмыстарын бастау

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Ақкиізтоғай ауылдық округі бойынша 2022 жылы жоспарға сәйкес 3,160 км жолдың бірінші қабаты төселді.  Сонымен қатар, ауылішілік 14 шақырым автомобиль жолдарын салу бойынша жоба жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстары ауданның даму жоспарына сай 2024 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жобаға түзетілер енгізілуде.

162

Ауыл ішілік тоқ желілерін ауыстыру

 

Ақкіизтоғай ауылдық округінің әкімі,
Аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

Орындалуда: Ауылішілік көшелерді жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті. Құрылысына қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды.                                                                                                                       

163

Жаңадан салынып жатырған үйлерге инфрақұрылым (тоқ, газ, су) жүргізу

 

Аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Ақкиізтоғай ауылдық округінің бас жоспарына сәйкес жаңа тұрғын үй салу үшін 295 және кәсіпкерлік мақсатта 20 жер телімі қарастырылған.
Жаңа жерлерге инфрақұрылым желілерін тарту бағытында су желісі бойынша "ҚБ-Мұнайгазинжиниринг" ЖШС-мен ЖСҚ жасақталып, сараптамаға жолданып, қорытындысы алынды.                                                                         Электр желісіне "RedLinePro" ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып,  сараптамаға жолданып, қорытындысы алынды.
Газ желісіне "RedLinePro" ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып,  сараптамаға жолданып, қорытындысы алынды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

164

Медениев Нұртас -                                                                                                                             Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

Биыл ауылға тек грейдер жол салына ма.                                                                                                                                                                                                                                                                                  Жол салу жұмыстары аяқсыз қалмай ма

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі,

Ақкіизтоғай ауылдық округінің әкімі аппараты

 

Орындалуда: Ақкиізтоғай ауылдық округі бойынша 2022 жылы жоспарға сәйкес 3,160 км жолдың бірінші қабаты төселді.  Сонымен қатар, ауылішілік 14 шақырым автомобиль жолдарын салу бойынша жоба жасақталып, сараптамадан қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстары ауданның даму жоспарына сай 2024 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жобаға түзетілер енгізілуде.

 

165

Көше жарығын жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі,

Ақкіизтоғай ауылдық округінің әкімі аппараты

 

Орындалуда: Ауыл ішілік көшелерді жарықтандыру үшін "Ремстройпроект" ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптамадан өтті. Сараптама қорытындысы алынды. Құрылысына қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Конкурс қорытындысына сәйкес "Қазақстан Электракомплекс" ЖШС-гі жеңімпаз атанды. Құрылыс жұмыстарына материалдар алынуда.                    

 

166

Мусиев Тынышбай - Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

С.Мауленов көшесіне жол салу

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Ақкиізтоғай ауылішілік автомобильдер жолдарын қайта жаңғырту жобасына аясында аталған көше автомобиль жолымен қамтылатын болады. Қазіргі таңда жобаға түзетулер енгізілуде.

 

167

Қыс айларында ауыз су қондырғыларын істен шығармауы туралы

 

«Жылыойсу» КМК-ны
(келісім бойынша)

 

Орындалды: "Жылыойсу" МКК тарапынан Ақкиізтоғай ауылына ауыз су үздіксіз, тәулік бойына беріліп отыр, су сақтау қазандарындағы су қоры жеткілікті. Мекеме бойынша ауылдық елді мекендердің су айдау станцияларын, су құбырларын қарап отыратын апаттық бригада құрылған.

 

168

Тұрлашев Темірхан - Ақкиізтоғай ауылының тұрғыны

Учаскелік инспектордың жұмысын күшейту

 

Аудандық Полиция бөлімі (келісім бойынша)

 

Орындалды: Жылыой ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ақкиізтоғай ауылына бекітілген учаскелік полиция инспекторы көмекшісі полиция аға лейтенанты Таутекин Нурлыбек үнемі өзіне бекітілген әкімшілік аумақта қызмет атқарады.

 

169

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша дене шынықтыру кешенінің 2 маманын тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы

 

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі

 

Объективті жауап: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген мамандарға жергілікті бюджеттен 100 АЕК (айлық есептік көрсеткішке) тең сомада, яғни әр маманға 345 000 теңгеден біржолғы көтерме жәрдемақы және 1500 (айлық есептік көрсеткішке) тең сомада яғни 5 175 000 теңге 0,01 пайызбен бюджеттік кредит тұрғын үй сатып алуға қаражаттар қарастырылған. Аталған әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласып, өтініш білдіру қажет.                                                 

 

170

 

Ауыз судың бағасы өзгеріс бола ма

 

«Жылыойсу» КМК-ны
(келісім бойынша)

 

Орындалды: Қазіргі кезде мекеме уақытша "Жылыой тазалық" ЖШС-нің бұрынғы ауыз су тарифімен жұмыс жасауда, сол бойынша тұрғындардан ауыз су 1 м3 үшін субсидия бағасы 50 теңгемен жиналуда. "Жылыойсу" МКК-ның Ақкиізтоғай ауылы бойынша ауыз су бағасына әзірше өзгеріс болмайды.

 

Жем ауылдық округі

171

Ізтұрған Манас - Тұрғызба ауылының тұрғыны

 

Тұрғызба ауылына саябақ салу.
Саябақтың жерін нақтылау мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастыру

 

Жем ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Саябақтың жерін нақтылау мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу 2022 жылы 02 қарашада ұйымдастырылды. Кездесу барысында саябақтың жері нақтыланып, ескертілді. Негізгі келісілген жері: Тұрғызба ауылының кіреберісі, мәдениет үйінің маңайы.

172

Ғабиден Медетов-
Тұрғызба ауылының тұрғыны

 

Теңіз қалашығында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын ауыл тұрғындарын ЕСС мекемесінің автобусы ауылға кіріп, жұмысшыларды жеткізіп тастамайды. Тұрғызба ауылының жұмыскер тұрғындарын Құлсары қаласында теміржол вокзалынан түсіреді. Тасымалдаушы автобус Тұрғызба ауылының  7 км кірме жол икемсіз, ортасында жол жолағы жоқ болуына байланысты ауылға кіремейді. Мәселені қарау, зерделеу, ұсыныс беру

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі
Жем ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап:Аудан әкімдігі тарапынан  «ESS Support Services» ЖШС-не хат жолданып, жауабы алынды.   «ESS Support Services» ЖШС-нен келген 20.10.2022 жылғы №59 санды хатта ESS мекемесінің көлік департаментімен арнайы жол жүру қауіпсіздік тобы зерделеу жүргізген. Зерделеу барысында «ESS Support Services» ЖШС қолданып жүрген «Мерседес Туризмо» автобустарымен Құлсары-Тұрғызба 7 шақырым кірме жолымен Тұрғызба ауылына бару жол жүру қауіпсіздігіне қайшы және жол-көлік апатын күрт жоғарылатады деп тұжырым берген.

 

173

Ізімғали Сүйесінов-
Байғали Омаров-
Есімбек Бердалиев –
Тұрғызба ауылының тұрғындары

 

Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді суландыру, қажет шлюздермен қамтамасыз ету

 

Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі
Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Жем, Қара-Арна ауылдық округі тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізіліп, тұрғындардың ұсынысы бойынша Тұрғызба ауылындағы  ескі  мектеп аталған  тұстан (Таймұхан көпір) шлюз салыну туралы келісім алынды. 2022 жылы 26 қазанда астына 4 дана трубалар орнатып шлюз салынып, аяқталды. Алайда 2023 жылғы көктемдегі су тасқыны кезінде шлюзды бұзып кетуіне байланысты қайта қалпына келтіру жұмыстары су арнасы кепкеннен кейін 6 дана трубаға көбейтіліп жүргізілетін болады. Сонымен қатар ҚұрЖем өзегінің бойында Тұрғызба ауылына кіреберісте тұрған екі трубалы шлюздің қасына қосымша тағы бір дана 720 диаметрлік тұрба салынып, кеңейтіліп, барлығы 3 дана етіп, бұрынғы деңгейінен төмен түсіріліп қайта салынды. «Сенімді құрылыс»  мекемесінің демеушілігімен орнатылды. Биылғы жылы көктемгі тасқын судың мол келуі салдарынан ауылшаруашылығы бағытындағы жерлерге тегіс су жеткізілді.

174

Саулеш Жанекешова - Тұрғызба ауылының тұрғыны

Тұрғызба ауылының электр желілерін жаңғырту (подстанция, тоқ кернеуін көбейту)

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі
Жем ауылдық округінің әкімі

Орындалуда: Мемлекеттік сатып алу конкурстары ұйымдастырылуда. Сараптамадан оң қорытындысы алынды.

 

175

Тұрғызба дәрігерлік амбулаториясына
жаңа жедел жәрдем көлігін алу

 

Аудандық орталық аурухана                                  (келісім бойынша)

Орындалды: Демеушілік арқылы 6 ауылдық округке 6 санитарлық автокөлік табысталды.

 

176

Майра Тумарова - Тұрғызба ауылының тұрғыны

Тұрғызба ауылына  асфальт жол салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Тұрғызба ауылына 2,8 км асфальт жол салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өтті. Құрылыс жұмыстарына қаражат бөлініп, тамыз айында басталды. қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
 Осыған қосымша 20,3 км асфальт жол салуға қосымша түзетулер енгізіліп, ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті.

177

 

Тұрғызба ауылына көше жарығын жүргізу

 


Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі
Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Тұрғызба ауылына 12 км көше жарығы құрылысына ЖСҚ-сы жасақталып,  сараптамадан өткізілді. Құрылыс жұмыстарына қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесімен «Қазақстанэлектропроект» ЖШС-гі жеңімпаз атанды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында жұмыс басталады деп күтілуде.                                                                                                                                                                                                                                                                                     

178

 

Тұрғызба ауылының Мәші, Айранкөл, Желтоқсан, Х.Досмұхамбетов көшелеріне   интернет желісін тарту

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Интернет байланысы үшін ауылдық округ бойынша тізім шығарылып, техникалық шарт жасақталды. Қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Өтінімдер бойынша құжаттарды толықтыруға қайта жолданды.

179

Асқар Төремұрат – Тұрғызба ауылының тұрғыны

 

Жүн-теріні пайдаға асыруды шешу,  алғашқы тазарту үшін цех салуды қарастыру

 

Аудандық кәсіпкерлік
және АШ бөлімі
Жем ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Үкімет тарапынан қолданыстағы Заң шеңберінде жүн-тері цехты ашып, жүргізуге негіз жоқ. Есесіне шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай және қаржылай емес қолдау бағытында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба шеңберінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидия, шағын несие, ішінара кепілдеме, мемлекеттік гранттар алу мүмкіндіктері бар. Округте 2022 жылы 13 қазанда шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облысы филиалы мен Жылыой аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімімен, 2022 жылы 15 және 16 қарашада Жылыой ауданы кәсіпкерлер палатасы және  Жылыой ауданы іскер әйелдер қауымдастығының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы 06 желтоқсанда Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде Жем ауылдық округінен 5 шаруа қожалық жетекшілері қатыстырылып,  «жүн-теріні пайдаға асыру,  алғашқы тазарту үшін цех салу» жөнінде, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша сауалдарына жауап алды.

180

Ғалымжан Нұржанов - Тұрғызба ауылының тұрғыны

 

Тұрғызба ауылының батыс бетінде Айтжан ата қорымы (зират)  тұрғын үйлермен ара қашықтығы 15 метр шамасында болады. Зираттың ауыл жақ бетін тез арада қоршау

 

Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: «Тәжі», «Бағыт», «А.Жұбанов көшесіндегі» зираттарды қоршауға жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамаға қорытындысы алынды. Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. «Салемконстракшн» ЖШС-гі жеңімпаз атанды. Келісім- шарт жасақталды. Техникалық бақылаушылары мемлекеттік сатып алудың веб-порталында шағым түсіруі себепті камералдық аудит бақылауында тұр.                                                                               

181

Қуандық Даукеев – Тұрғызба ауылының тұрғыны

 

Ауыл жиегіндегі жаптарды биіктетіп, реттеу.
Ауылға кірме жол жиегіндегі карьерге  қоқыс төгуге тиым салу, жабу

 

Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: 1.Ауыл айналасындағы судан қорғаныс бөгеттері 4 км шамасында демеушілік көмекпен "Сичим" ЖШС-нің 2 самосвал, 1 погрузчик 2023 жылғы 15-18 наурыз аралығында, "Базисойл" ЖШС-нің 1 погрузчигімен 2023 жылғы 30 наурыз-01 сәуір аралығында топырақпен нығайтылып, биіктетілді.                                                                          2.Құлсары-Тұрғызба тас жолының бойында ауылға кірме жол жиегіндегі карьерге  қоқыс төгуге тыйым салынды, 2022 жылғы 13-18 қыркүйек аралығында тазарту жұмыстары жүргізілді, ескерту белгісі қойылды.

182

Cүйесінов Ізімғали  -
Тұрғызба ауылының тұрғыны

Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді суландыру. Таймұхан тұсына салынған шлюздің биік орналасуы

Аудандық кәсіпкерлік және  АШ бөлімі,                                                 Жем ауылдық округінің әкімі

Объективті жауап: Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Жем, Қара-Арна ауылдық округі тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізіліп, тұрғындардың ұсынысы бойынша Тұрғызба ауылындағы  ескі  мектеп аталған  тұстан (Таймұхан көпір) шлюз салыну туралы келісім алынды. 2022 жылы 26 қазанда астына 4 дана трубалар орнатып шлюз салынып, аяқталды. Алайда 2023 жылғы көктемдегі су тасқыны кезінде шлюзды бұзып кетуіне байланысты қайта қалпына келтіру жұмыстары су арнасы кепкеннен кейін 6 дана трубаға көбейтіліп, деңгейі төмен түсіріліп жүргізілетін болады. Сонымен қатар ҚұрЖем өзегінің бойында Тұрғызба ауылына кіреберісте тұрған екі трубалы шлюздің қасына қосымша тағы бір дана 720 диаметрлік тұрба салынып, кеңейтіліп, барлығы 3 дана етіп, бұрынғы деңгейінен төмен түсіріліп қайта салынды. «Сенімді құрылыс»  мекемесінің демеушілігімен орнатылды. Биылғы жылы көктемгі тасқын судың мол келуі салдарынан ауылшаруашылығы бағытындағы жерлерге тегіс су жеткізілді.

 

183

Нармағанбетов Жұмасат -Тұрғызба  ауылының тұрғыны

Бимырза көшесінен жағынан  салынатын саябақты жаңадан салынып жатырған мәдениет үйінің қатарына салу

 

Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: Саябақтың жерін нақтылау мақсатында жергілікті қоғамдастық мүшелерімен және ауыл тұрғындарымен 2022 жылы 02 қарашада, 2023 жылғы 13 және 18 қаңтарда 3 мәрте кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша саябақтың жері нақтыланып, ескерілді. Нақтыланған жері Тұрғызба ауылының кіреберісі  мәдениет үйінің маңы.

 

184

Жекенов Бисен-             Тұрғызба ауылының тұрғыны

 

Момышұлы, Өтемісұлы, Жастар, Қанжыға көшелеріндегі электр желінің бағаналары ескірген. Бағаналарды ауыстыру

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: Ескірген электр желінің бағаналары ауыстырылды.

 

185

Төлепов Еркін- Тұрғызба ауылының тұрғыны         

 

Мақаш би, Әбілхайыр хан көшелеріндегі үйлердің электр тоқ қуатының күші аз.Тоқ қуатын көтеру

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: «Атырау Жарық» АҚ Жылыой ауданы электр жүйесі мекемесі мамандары  23.12.2022ж зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Е.Төлеповке Әбілхайыр хан,  көшесінде орналасқан КТП-дан тікелей өз есебінен кабель жүргізіп,  бағаналар тарту жөнінде кеңес берілген.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

 

186

Женсекбаев Мақат –Тұрғызба ауылының тұрғыны

 

Шабындық жерлер суда қалып қопа болып қалған. Бұрынғы кезде жер шабылып болған соң қалдықтар жаз мезгілінде барлық сақтық шаралары алынып өртеліп реттеледі. Енді жерді қалыптастыруға қандай мүмкіндік бар

 

Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі,                                                           Жем ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап:  «Құрылыс» шаруа қожалығының басшысы М.Женсекбаевқа шаруа қожалығына тиесілі Қылышкөл шабындығындағы 50,44 га жеріне басқа меншіктегі жер учаскелеріне зиянын тигізбес үшін төрт жағынан өз күшімен кемінде 3 метр минералды жолақ сала отырып,  жерін жыртып қопадан және ескі шөптерден тазарту туралы Жылыой ауданы төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан заң жүзінде кеңес берілді.

 

187

Елеусінов Абылай – Тұрғызба ауылының тұрғыны

 

Ауылға кіре беріс жерге жол белгілерін және жол кедергісін орнату

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Аудандық полиция бөлімі (келісім бойынша),                        Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалды: Қажетті ауыл ішілік жол белгілерінің тізімі жасақталып, мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланып, ДК "Амангелдиев" жеңімпаз болып анықталды. Орнату жұмыстары 2023 .шілде  айында аяқталды.

 

188

Бекболатова Гүлфайрус – Тұрғызба   ауылының тұрғыны

 

Момышұлы, Өтемісұлы, Жастар,  Қанжыға көшелеріне асфальт жол және жаяу жүргіншілер жолын салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Тұрғызба ауылына 2,8 км асфальт жол салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамадан өтті. Құрылыс жұмыстарына қаражат бөлініп, тамыз айында басталды. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.
 Осыған қосымша 20,3 км асфальт жол салуға қосымша түзетулер енгізіліп, ЖСҚ жасақталып, сараптамадан өтті.

 

189

Әлеуметтік желіге түскен сұрақ:      

№4 мектептің ұжымы

Бір жолғы отын сатып алу бойынша қаражаттың мөлшерін көтеру 

 

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі,
Жем ауылдық округінің әкімі

 

Объективті жауап: Бір жолғы отын сатып алу бойынша қаражат көлемі  ҚР-ның 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнер кәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, 2023 жылдан бастап 5 АЕК (айлық есептік көрсеткішке) мөлшерінде жүзеге асырылады.
 *** 2022 жылы бір жолғы отын сатып алу 5 мың теңге болған. 2023 жылдан бастап 17250 теңгеге өсті.

 

190

Ауылға жаңа мектеп салу

 

Аудандық білім бөлімі,
Жем ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Жаңа мектеп құрылысын салу мақсатында «Жылыой  ауданын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына»  енгізіліп, Тұрғызба елді мекеніне  600 орындық  жаңа мектеп  құрылысы 2024-2025 жылдарға  жоспарланды. Округ әкімінің 3,1348 га жер учаскесіне 01.02.2023ж №6 шешімі шығарылып берілді. Қазіргі таңда демеушілікпен ЖСҚ жасақталуда. Геологиялық қорытындыны қажет етеді.                                                                            ***(Жобалаушы мекеме "ММ -Проект" ЖШС-гі)

 

Қара Арна ауылдық округі

191

Бөкенов Дүйсенбек – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны 

Шоқпартоғай елді мекеніндегі құрылысы аяқталмаған электр желісі, трансформаторлар құрылысын аяқтау

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Қара Арна ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда: Жұмысы аяқталмай қалған ауылішілік электр желілері құрылысын аяқтау бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысына қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. 

192

Ж.Молдағалиев көшесінің үстімен жүріп жатырған 10 кВттық ток желісін алу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

Орындалды: Ағымдағы жылдың 14 қазан күні  Шоқпартоғай ауылындағы тұрғын үйлердің үстінен өтіп жатқан 10 кВТ-тық ток желісі  ауыстырылып, көше бетке шығарылды.

193

Жем өзенінің  бойына 2 жерден (1254 км темір Темір жол көпірі астынан және Алмағашы тұсынан) шлюз салу

 

Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі, Қара Арна ауылдық округінің әкімі

 

Орындалуда. Жалпы Шоқпартоғай елді мекені маңынан екі жерден Жем өзені бойына шлюз салу  мәселесі ауданның  2022-2026 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына енгізілді.

Бірақ оның бәрі уақыт талап етеді.  Шлюз салу мәселесі шешілгенге дейін Жем өзені суын тиімді пайдалану үшін тұрба төсеу арқылы екі жерден ашылмалы су реттегіш орнатуға мекемелерден тұрба сұратылып алынып жинақталуда. 

194

Жол апатының алдын алу үшін Шоқпартоғай тас жолына (10,8 км) ақ жолақ сызу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі,
Қара Арна ауылдық округінің әкімі

Орындалуда: Құлсары-Шоқпартоғай автомобиль тас жолына ақ жолақ сызу жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталына  конкурс жарияланған болатын. Камералдық тексеруге байланысты шағым қаралуда.

 

195

Бұралқы ит-мысықтарды аулау туралы

 

Қара Арна ауылдық
 округінің  әкімі

 

Орындалды:Иттерді аулау бойынша  2022 жылы жеке кәсіпкер "Сагинов" жеңімпаз атанып, қазан айынан бастап бұралқы иттерді аулау жұмысы жүргізіліп, округ бойынша 50 ит ауланып, ота жасалып, сырғаланды. 2022 жылдың жоспары толығымен орындалды.

196

Шоқпартоғай елді мекенінде  тұратын жолаушылар пойызына мініп-түсу үшін - «перрон» салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалған жоқ: Шоқпартоғай ауылының  үстінен өтетін теміржол пойызына  халықтың мініп-түсуіне ыңғайлы болу үшін    перрон салу жұмыстары бойынша  Құлсары Жол Дистанциясына («Қазақстан Темір Жолы» АҚ – «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалы «Құлсары жол дистанциясы» мекемесі)   хат жолданған болатын.
Алайда Құлсары Жол Дистанциясы басшысы Р.Көрпебаевтің  2023 ж.12 сәуіріндегі №238 хаты сәйкес бір ғана пойыздың қозғалысына байланысты перрон салуға рұқсат қаралмаған деген жауап беріліп отыр.

197

Тұрғындарға  газет-журналдар уақытында  жеткізу

 

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

Орындалды: Шоқпартоғай ауылына «ҚазПошта» АҚ-на бір қоғамдық қызметкер бөлініп (Жылыой аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы) газет-журналдарға жазылған тұрғындарға мекен жайлары бойынша уақытылы таратылуда. Бұл мәселе ауыл әкімінің үнемі бақылауында.         

198

«Ардагерлер кеңесінің» жұмысын жандандыру  (жалғызбастыларды, аз қамтылған, отбасыларды демеушілікпен  баспасөзге жазуды ұйымдастыру).

 

Аудандық ішкі саясат бөлімі

 

Орындалды: Жылыой аудандық Ардагерлер Кеңесі төрағасының  міндетін  ү.ж. 27 шілдесіне дейін ауданымыздың мемлекеттік қызмет саласының ардагері Бектілеуов Сағымбай ағамыз атқарып келген. Денсаулығына байланысты, өзінің өтініші негізінде төраға міндетінен босатылды.
2022 жылы 27 шілдеде Жылыой  аудандық Ардагерлер Кеңесінің 2-ші Пленумы  өтіп, Пленум отырысына Ардагерлер Кеңесінің (21 адам) дауыс беру нәтижесінде Арыстанов Гайдар Зейноллаұлының кандидатурасы кеңес мүшелерінің басым көпшілігі дауыс беруіне байланысты мақұлданды.
2022 жылдың 5-8 қыркүйек аралығында  Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Гайдар Зейнолаұлы кеңес жұмысын жандандыру мақсатында кент және ауылдық округтерде құрылған Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, ұсыныс пікірлерін жинақтады. Соған байланысты, іс-шаралар жоспары жасақталып, тиісті жұмыстарын атқаруда.    
Жалғыз бастыларды,  аз қамтылған,  отбасыларды демеушілікпен  баспасөзге жазуды ұйымдастыру бойынша  аудан аумағындағы кәсіпкерлердің қолдауымен 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында 250 ардагерді (жалғыз бастыларды,  аз қамтылған, отбасыларды) газет-журналдарға жаздыру жүргізілді. 
2023 жылға да аудан демеушілеріне ардагерлерді газет – журналдарға жаздыру бойынша ұсынымдар енгізілді.                                                                                                                                                                                                                                                                

199

Сақтағанов Теміржан – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны 

І топ мүгедек апасы Қ.Сақтағанованың «Мүгедектік анықтама» мерзімін ұзарту үшін нотариусты ауылға әкеліп «Сенім хат»  алып беру туралы

Қара Арна ауылдық
 округінің  әкімі

 

Орындалды: Теміржан айғайдың I топ мүгедек апасы  Қ.Сақтағанованың «Мүгедектік анықтама» мерзімін  ұзарту үшін нотариусты ауылға әкеліп, сенімхат алынып берілді.

 

200

Жұмабергенова Айсана – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны 

Отын сатып алу бойынша қаражат (5000тг) мөлшерін көбейту туралы

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі

 

Орындалды: Бір жолғы отын сатып алу бойынша қаражат көлемі  ҚР-ның 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнер кәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес, 2023 жылдан бастап 5 АЕК (айлық есептік көрсеткішке) мөлшерінде жүзеге асырылады.
 *** 2022 жылы бір жолғы отын сатып алу 5 мың теңге болған. 2023 жылдан бастап 17250 теңгеге өсті.

201

Нұғымов Төлеген – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны 

 

«Ала сиыр» деген жайылымдық жерден  егін шаруашылығына жер берілген,  кімнің жері анықтау

 

Аудандық жер қатынастары, сәулет жәна қала құрылыс бөлімі

Орындалды: Бұл мәселе жер қатынастары бөлімімен зерделеніп, анықталды, жеке меншікке берілмеген, бос жайылымдық жер.

 

202

Құлымжан Жұмағалиұлы – Шоқпартоғай ауылының тұрғыны 

МРТ аппаратына аудан орталығынан түсу жұмыстарын ұйымдастыру

 

Аудандық орталық аурухана (келісім бойынша)

 

Орындалуда: «Игілік» бағдарламасы бойынша құрылысы жүргізіліп жатырған 75 орындық жаңа ауруханада құрылыс аяқталғаннан кейін магнитті резонансты томография (МРТ) құрылғысы қамтамасыз етіледі.

203

Ауыл тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз ету

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Жыл бойына ауыз суды үздіксіз беру мақсатында су мұнарасын сатып алу, орнату бойынша конкурс жарияланып, жеңімпаз мердігер "Nurlife" ЖШС болып анықталды. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтамауына байланысты сотқа талап арыз жолданды. Қазіргі таңда сот процестері толығымен аяқталып, мердігер мекемемен құрылыс жұмыстарын аяқтау мақсатында келіссөздер жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айының 15 де бастау жоспарлануда.

204

Ауылдың кіре берісіне үнемі жол патрульдық полиция қызметкерін қоюды ұйымдастыру

Аудандық Полиция бөлімі                   (келісім бойынша)

Объективті жауап: Жылыой ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің жеке құрамына жеткізіліп, қаперге алынды.

205

Жұмыссыздық мәселесі, жұмыссыздықты азайту шараларын қолдану туралы

 

Аудандық ЖҚ, ӘБ және АХАТ бөлімі

 

Объективті жауап: Аудан әкімінің төрағалығымен жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында "Теңізшевройл" ЖШС-не қарасты мердігер және қосалқы мердігер мекемелермен жиын үнемі өткізілуде.
 Сонымен қатар, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі "Ұлттық жоба" бағдарламалар шеңберінде күні бүгінге жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 4177 жұмыссыз тіркеліп, 1572-і жұмыспен қамтылып, оның  942-і тұрақты жұмысқа орналасты.
 Ұлттық жоба шеңберінде 14 жоба бойынша 288 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, күні бүгінге орталық арқылы 184 адам жұмыспен қамтылды.

206

Ерғалиев Бағытжан  -

Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

Ауыз судың лайлығын тексеру, арнайы суды тазалайтын құрылғы қондыру 

 

Қара Арна ауылдық округінің әкімі,
«Жылыой су» КМК-ны
(келісім бойынша)

 

Орындалды: Шоқпартоғай ауылындағы ауыз су айдау станциясынан "Жылыойсу" МКК және аудандық санитарлық эпидемиологоиялық қадағалау басқармасы үнемі су сынамасын алып "Ұлттық сараптау орталығының" Атырау облысы бойынша филиалының Құлсары қалалық бөлімшесіне (зертхана)  тексеруге тапсырып отыр, тапсырылған су сапасы нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келеді, сонымен қатар 2022 жылы қараша айында су сақтау қазандары жуылып, тазаланды.                                                                                                                                                                                        Ауылға келіп тұрған ауыз су құдығын (резервуарын) жылына екі рет санэпидемиологиялық зертханасы арқылы диз.ертітінді арқылы тазалау, тексеру жұмыстары жүргізіледі. 2022 жылы қараша айында тексеруден өтті. Ауыз су ішуге жарамды, құрамы таза, қорытындысы алдынды.

 

207

Бала бақша ғимаратының жарамсыздығына байланысты құрылыс жұмыстарын бастап, іске қосу

 

Қара Арна ауылдық округінің әкімі,
Аудандық білім бөлімі

 

Орындалуда: Бала бақша ғимаратының жарамсыздығына байланысты, бас мердігер "ТШО" ЖШС-гі  ғимаратқа техникалық зерттеу қорытындысын жүргізді. Техникалық зерттеу нәтижесімен ғимарат жарамсыз деп танылғаны мәлім.
Қазіргі таңда «ТШО» ЖШС-гі тарапынан жаңа 280 орындық бала бақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Бала бақша ғимаратын салатын жер телімі нақтыланды.

 

208

Ток жиі сөнеді. Ауылішілік  ағаш электр бағаналарына 60 жыл болған. Т.Дешенов және Аралбай батыр көшелеріндегі 10 КВТтық желіні өзгерту, ескі электр бағаналарды ауыстыру

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалды: 10 кВТ тоқ Аралбай батыр көшесіндегі электр желісімен  - Б.Жұмақұлов көшесіндегі (2017 жылдан бері) қосылмай электр желілер жаңа линияға ауыстырылды.
Т.Дешенов көшесіндегі ескі 10 кВт/тық бағаналар "Атырау Жарық" АҚ-ның теңгерімінде. Бағаналарды ауыстыру жұмыстары мамыр айында жасақталды.

 

209

Құлсары қаласында ауыстырып жатырған жаяу жүргіншілер жолынан түскен төсем тасты ауылға  жаяу жүргіншілер жолын салуға беру 

 

Құлсары қаласының әкімі,
Қара Арна ауылдық округінің  әкімі  

 

Орындалуда: Ауыл ішілік орталық Б.Нұрмағанбетов және Ж.Таскарин көшелеріне 3 км 600 м жаяу жүргіншілер (тротуар) жолын салу жұмыстарына қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, мердігер анықталды. Жеңімпаз мекеме "Жайықсити" ЖШС-гі мен келісім шарт жасақталуда.  

 

210

Жайлымға су шығару үшін ала сиыр деген жерге «Дүйсеке Ата» тұсына салынған шлюзды көшіру

 

Қара Арна ауылдық округінің әкімі,  
Аудандық кәсіпкерлік және АШ бөлімі

 

Объективті жауап: Дүйсеке Ата тұсындағы Құр Жем бойында салынған шлюзді көшіру негізсіз.

 

211

«ТШО» ЖШС-гі арқылы ауылдың шығыс жағынан тас жолдың жиегінен  талдар егу

 

Қара Арна ауылдық округінің  әкімі  

 

Орындалуда: «ТШО» ЖШС-гі арқылы кірме жол жиегіне талдар егу жұмыстары әзірге шешімін таппады.
Сонымен қатар жер телімі қоршалған "Жеңіс" және "Достар" саябағына тал егу және оны күтіп ұстауға Оңтүстік Қамыскөл кең орнында орналасқан "Эмбаведойл"- мұнай компаниясымен ауылдық әкімдік арасында 5 жылға меморандум жасақталды. Қазіргі таңда аталған мекеме  пластикалық тұрба қондыру және су желісін  тарту жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы ауылды көгалдандыру, аббаттандыру бағытында бұрынғы атқарылып жатырған жұмыстар жалғасын табады.
Көшеттерді отырғызуға және күтіп ұстауға қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу порталына 20 маусымда конкурсқа жарияланды. 2 мердігер мекеме өтінім білдірді. Қазіргі таңда құжаттары қаралу сатысында.

 

212

Сеңгірбай Серік  -
Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

 

Ұзартылған  21 км тас жолының ЖСҚ аяқталғанға дейін жобасы  аяқталып тұрған  3 км тас жолды  салу жұмыстарын бастау 

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: 3 км 022м ауыл ішілік тас жол салу жұмыстары тамыз айында басталады деп жоспарлануда. Мердігер мекеме "Казкомсервис" ЖШС-гі.

 

213

Сақтағанов Теміржан-Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

 

«Жылыой су» мекемесінде жұмыс жасайтын баласы Д.Таңсабаев екі айдан бері жалақысын алмаған. Жалақысын уақытында беру. 

 

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі,
«Жылыой су» КМК-ны
(келісім бойынша)

 

Орындалды: Мекеме қызметкері Д.Таңсабаевқа жалақысы 2022 жылдың желтоқсанымен қоса толықтай аударылды.

 

214

Сисенғалиев  Құрманғали-Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

Сарқырауыққа дейінгі теміржолдың екі жақ бетін қоқыстан тазалау

 

Қара Арна ауылдық округінің  әкімі  

 

Орындалды: Мердігер Қызылорда қаласынан "ТОО-Интегро-ДРП" мекемесі темір жол бойына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сол мекеме тарапынан ауыстырылған ағаш шпалдар, т.б. түскен қоқыстар өз қызметкерлері күшімен тазартылды.

 

215

Бөлтеков Сәндібек-Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

Шоқпартоғай ауылына «Атырау-Маңғыстау», «Ақтөбе-Маңғыстау» пойыздарын тоқтату

 

Қара Арна ауылдық округінің  әкімі  

 

Орындалған жоқ: Шоқпартоғай ауылына «Атырау-Маңғыстау», «Ақтөбе-Маңғыстау» пойыздарын тоқтату мәселесі бойынша екі мәрте «КТЖ» АҚ-на хат жолданды. Әзірге мәселе шешімін таппады.

 

216

Шоқпартоғай–Құлсары 10,8 км тас жолының айналасының шөбін шабу және  ақ жолақ сызу жұмыстарын жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Құлсары-Шоқпартоғай автомобиль тас жолына ақ жолақ сызу жұмыстары мемлекеттік сатып алу порталына  конкурс жарияланған болатын. Камералдық тексеруге байланысты шағым қаралуда.                                                                                                      

Аудандық маңызы бар жолдардың күтіп ұстаушы мердігерді анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталуда.

 

217

Жиенқұлов Бақтығали-Шоқпартоғай ауылының тұрғыны

№469-470 разъезд аралығындағы  темір жолды қоршау

 

Қара Арна ауылдық округінің  әкімі  

 

Орындалған жоқ: Құлсары Жол Дистанциясы басшысы Р.Көрпебаевтің  Р.Курпебаевтың мәлімдеуінше 2023 жылға жоспарланған. Арнайы техникалары жөндеуден келмеуіне байланысты жұмыстар әзірге басталған жоқ. Бұл мәселе мекеме басшысының бақылауында.

 

218

 

Темір жол бойына адам өтетін пешеход  салу

 

Қара Арна ауылдық округінің  әкімі  

 

Орындалды: Күрделі жөндеу жұмысын жүргізген мердігер мекеме шпалдан темір жолға өткел жасап берді. Негізі бағдаршам тұсынан заңды өткел салу қарастырылмаған.

 

219

Жәшіктерге және әлеуметтік желіге түскен сұрақтар

Көшедегі бұралқы иттерді және мысықтарды аулау

 

Қара Арна ауылдық округінің  әкімі  

 

Орындалды: Ит, мысықтарды аулау бойынша  2022 жылы жеке кәсіпкер "Сагинов" жеңімпаз атанып, қазан айынан бастап бұралқы иттерді аулау жұмысы жүргізіліп, округ бойынша 50 ит ауланып, ота жасалып, сырғаланды. 2022 жылдың жоспары толығымен орындалды.

 

220

Ауыл арасында мотоциклистер жол ережесін сақтамайды. Шарасын алу. Жол белгілерін орнату

 

Қара Арна ауылдық              округінің  әкімі,                                        Аудандық Полиция бөлімі
(келісім бойынша)

 

Орындалуда: Жол ережесін қадағалауды ауылдық учаскелік полиция инспекторының бақылауында ұстау тапрсырылды. 
Ал жол белгілерін орнату бойынша қаражат бөлініп, мердігер мекеме 20 маусымнан бастап жол белгілерін қою жұмыстарын бастады.

 

221

Қабас учаскесіне тас жол салу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Қабас учаскесіне тас жол салу мәселесі бойынша аталған учаске ауылішілік 3 км 022 метр тас жол салғанда қарастырылған. 

 

222

Қабас учаскесіне көше жарығын жүргізу

 

Аудандық ТҰКШ,ЖК,АЖ және ТИ бөлімі

 

Орындалуда: Қабас учаскесіне көше жарығын жүргізу бойынша  12 км 600 метр ауыл көшелерін жарықтандыру тізіміне Қабас учаскесі енгізілді. Құрылыс жұмыстарына қаражат бөлініп, 2023 ж. 15 мамырдан бастап мердігер мекеме өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда 328 опора қондырлып, СИП кабельдері тарту жұмыстарын жүргізуде.

                                                                                                                           

223

Қабас учаскесіне балалар ойын алаңын салу

 

Қара Арна ауылдық округінің  әкімі   

 

Орындалуда: Қабас учаскесіне балалар ойын алаңын салу мәселесі Қабас ауылынан әмбебап балалар ойын алаңын салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Сараптамаға жолданып, оң қорытындысы алынды. Қаражатқа алдағы болатын мәслихат сессиянына ұсыныс берілді. 

 

224

Ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жедел-жәрдем автокөлігі ескі. Жаңа жедел-жәрдем автокөлігін алып беру

 

Қара Арна ауылдық
 округінің  әкімі,                   Аудандық орталық аурухана

 

Орындалды: Демеушілік арқылы 6 ауылдық округке 6 санитарлық автокөлік табысталды.

 

225

Аралбай батыр көшесіне интернет жүргізу

 

Қара Арна ауылдық
 округінің  әкімі  

 

Орындалуда: Интернет байланысы үшін ауылдық округ бойынша тізім шығарылып, техникалық шарт жасақталды.Қазіргі таңда  мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланды. Конкурс нәтижесі 2023 ж. 19 қыркүйегінде белгілі болады.  

 

Майкөмген ауылдық округі

226

Әкен Мүтайыр-Майкөмген ауылының тұрғыны

Мәдениет үйі құрылысының уақытылы аяқталуын қадағалау

 

Аудандық құрылыс бөлімі,
Майкөмген ауылдық округі әкімі

Орындалуда: 200 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр.  Құрылыс жұмыстарының  ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Жалпы құрылыс жұмыстарының барысы бақылауда.

227

Ауылдың тазалық мәселесі

 

 «Экоқала ХХІ» ЖШС,
Майкөмген ауылдық округі әкімі

Орындалды: «Промэкология» ЖШС-гі округ тұрғындарының қатты тұрмыстық қалдықтарын аптасына 1 рет алу жұмыстарын атқарып жатыр. Бұл жұмыстар үнемі ауыл әкімінің бақылауында болады.

228

Жаумадин Демесінов  - Майкөмген ауылының тұрғыны

 

Ауыл тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз ету

 

Аудандық ТҰКШ, ЖК,АЖ жәнеТИ бөлімі

 

Жылыой ауданы әкімі Ж.Б.Қаражановтың 2022 жылы қала, кент және ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесуінде түскен ұсыныстар мен пікірлерді іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР жоспарының орындалысы
Дата публикации
07 сентября 2023