Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты «Қосшағыл» мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты  «Қосшағыл» мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

 

Лауазымдық міндеттері:

-шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырады және клуб мүлкінің сақталуын жүзеге асырады;

- елді мекен (ықшамаудан), сондай-ақ жақын маңдағы елді мекен (ауыл, кент) тұрғындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;

-клуб жұмысының жоспарын жасайды, бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді; -көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады;

-демалыс кештерін, тақырыптық концерттер, кештер және көпшілік шараларды өткізеді;

-қоғамдық клуб белсенділеріне мәдени-көпшілік шаралар жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді.

 

 Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституцияны; Бюджет кодексін; Еңбек кодексін;"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; клуб жұмыстарының ұйымдастырылуын.

 

Қойылатын талаптар:

Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет және/немесе білім және/немесе ғылым және/немесе архив ісі және/немесе экономика және/немесе құқық саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін 2 жылдан кем емес.

 

Конкурска қатысу үшін құжаттар тізбесі:

1)Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсету мен қоса өтініш;

2)Нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

3)Нотариалды куәландырылған білімі туралы құжат көшірмесі, қосымшасымен бірге;

4)Нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

5) Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

7) Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

8) Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама;

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе  алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдауды аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

 

 

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ,ҚОСШАҒЫЛ АУЫЛЫ, АБЫЛАЙХАН КӨШЕСІ, №12 ҮЙ

«ҚОСШАҒЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫ» ММ

АНЫҚТАМАЛАР ҮШІН ТЕЛЕФОН: 8 (71237)2 83 38

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА: Koschagil_so@mail.ru

 

 

 

 

Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты «Қосшағыл» мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Дата публикации
12 июля 2023