VII шақырылған Жылыой аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама
2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Жылыой аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 55324 азамат енгізілді, оның ішінде сайлау бюллетендерін 34617 адам алды немесе 62,57%.
Дауыс беруге 34112 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 5 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 3261 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 3 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін келесі санда дауыс берілді:
«Nur Otan» партиясы» - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 26730 дауысы немесе 79,76 %;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 4600 дауысы немесе 13,73 %.
«АDAL» саяси партиясы - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 2181 дауысы немесе 6,51 %.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар былай бөлінді:
«Nur Otan» партиясы – 13 мандат;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 2 мандат.