Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты «Қосшағыл» мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты  «Қосшағыл» мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

 

«Қосшағыл» мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі

 

Лауазымдық міндеттері:

-шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырады және клуб мүлкінің сақталуын жүзеге асырады;

- елді мекен (ықшамаудан), сондай-ақ жақын маңдағы елді мекен (ауыл, кент) тұрғындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;

-клуб жұмысының жоспарын жасайды, бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді; -көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады;

-демалыс кештерін, тақырыптық концерттер, кештер және көпшілік шараларды өткізеді;

-қоғамдық клуб белсенділеріне мәдени-көпшілік шаралар жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді.

 

Білугеміндетті:

Қазақстан Республикасының Конституцияны;Бюджет кодексін;Еңбек кодексін;"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;клуб жұмыстарының ұйымдастырылуын.

 

Қойылатын талаптар:

Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет және/немесе білім және/немесе ғылым және/немесе архив ісі және/немесе экономика және/немесе құқық саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін 2 жылдан кем емес.

 

Конкурска қатысу үшін құжаттар тізбесі:

1)Конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсету мен қоса өтініш;

2)Нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

3)Нотариалды куәландырылған білімі туралы құжат көшірмесі, қосымшасымен бірге;

4)Нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

5)Бұрыңғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадры есепке алу жөнінде жеке парақ;

6)Бар жазалар мен көтермелеуді көрсете отырып бұрыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7)Медициналық куәландырудан өту туралы құжат;

8)Сотты болмағандығы туралы анықтама;

9)Мекен жайы анықтамасы;

Біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушылар мен үш жұмыс күні ішінде кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жергілікті ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 жұмыс күн ішінде мына мекен жайға тапсыру тиіс.

 

 

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ,ҚОСШАҒЫЛ АУЫЛЫ, АБЫЛАЙХАН КӨШЕСІ, №12 ҮЙ

«ҚОСШАҒЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫ» ММ

АНЫҚТАМАЛАР ҮШІН ТЕЛЕФОН: 8 (71237)2 83 38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты «Қосшағыл» мәдениет үйі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Дата публикации
29 мая 2023