Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11 бабының, 1 тармағына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округінің әкімдерін тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімі болып Қабиденов Марат Әлімжанұлы, 1988 жылы туған, Майкөмген ауылдық округінің әкімі, Майкөмген ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі тіркелді.
Майкөмген ауылдық округі әкімі болып Сауытов Нұржарық Сағиұлы, 1971 жылы туған, Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі тіркелді.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы