Жылыой ауданы Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

Жылыой ауданы Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды

хабары

            2023 жылғы 21 мамырда  Жылыой ауданы Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

          Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық   Заңының   14   бабы   9   тармақшасы,    44  бабының  2  тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Жылыой  ауданы  Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлау нәтижелерін белгіледі:

 

Ақкиізтоғай ауылдық сайлау округі бойынша

          Ақкиізтоғай ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 818 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 553. Жарамсыз бюллетеньдер саны 8, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  26.

          Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Дюсенова Г.Д. - 160

Қабиденов М.А. - 359

          Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі болып Кабиденов Марат Алимжанович, 1988 жылы туған, Майкөмген ауылдық округінің әкімі, Майкөмген ауылы тұрғыны, «AMANAT»  партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.

 

Майкөмген ауылдық сайлау округі бойынша

Майкөмген ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 696 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 469. Жарамсыз бюллетеньдер саны 6, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  22.

          Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Атшыбаев Е.Е. - 131

Сауытов Н.С. -  310

          Майкөмген ауылдық округінің әкімі болып  Сауытов Нуржарык Сагиевич, 1971 жылы туған, Жылыой ауданы жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы,Майкөмгенауылы тұрғыны, «AMANAT»  партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылыой ауданы Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
22 мая 2023