Жылыой ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 21 мамырына тағайындалған Жылыой ауданы Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
БАСПА-РЕЛИЗІ
18 мамыр 2023 жыл Жылыой ауданы
Жылыой ауданы Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылғы 30 сәуір сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Жылыой ауданы Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округі бойынша 2023 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша Ақкиізтоғай ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат және Майкөмген ауылдық округі бойынша 3 кандидат ұсынылды және тіркелді.
Тіркеу қорытындысы бойынша Ақкиізтоғай ауылдық округі әкіміне 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібінде тіркелді және 1 кандидат "АМАNАТ" партиясынан ұсынылды.
Тіркеу қорытындысы бойынша Майкөмген ауылдық округі әкіміне 2 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібінде тіркелді және 1 кандидат "АМАNАТ" партиясынан ұсынылды.
Оның ішінде 2023 жылдың 18 мамырында Ақкиізтоғай ауылдық округінен (Тоғаев А.С.) және Майкөмген ауылдық округінен (Сағынов А.Б.) 2 кандидаттар өз қалауы бойынша тіркеуден шығарылды.
Тіркелген үміткерлердің ішінде Ақкиізтоғай ауылдық округі әкіміне 1 ер адам, 1 әйел және
Майкөмген ауылдық округі әкіміне 2 ер адам.
Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та жарияланды және сайлау комиссияларының atyrau.gov.kz интернет ресурсында орналастырылды
Барлық іс-шаралар сайлау туралы Конституциялық заңға және Күнтізбелік жоспарға сәйкес өтуде.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
тел. 5-11-99