2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚОСШАҒЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЕСЕБІ

2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША Қосшағыл АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНда КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЕСЕБі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттері әкімшілік ғимаратының қол жетімді жеріне орналастырылған.

2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» туралы е-лицензия порталы арқылы 4 өтініш қаралды.

Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратындағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы  340 тұрғын ЭЦҚ алса, мекен-жай туралы анықтама мен соттылығының болу-болмауы, жылжымайтын мүліктің болмауы(болуы), жер учаскесінің тиесілігі туралы, зейнетақы аударымдары туралы, психоневрологиялық ұйымынан анықтама беру, наркологиялық ұйымынан анықтама алу,электронды өтініш(мүгедекке қажетті құралдар алу),қайтыс болу туралы куәлікке тапсыру,жұмыссыз ретінде азаматтарды тіркеу,бала тууды тіркеу т.б. қызметтер 567, жалпы барлығы 907 қызмет  көрсетілді.   

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін халықты ақпараттандыру мақсатында Кең Жылыой газетінің  25.03.2022 жылғы  №12 (8008) санды бетінде "Ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ", 28.06.2022 жылғы  №27 (8023) санды бетінде "Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы" тақырыбында  2 мақала, әлеуметтік желі арқылы "Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы" туралы 2 хабарлама жарияланды және тоқсан сайын бейнеролик жүктелді.   

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  жәрмеңкелер өткізу жөніндегі бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес округте 2  жәрмеңке өткізілді.

Округ әкімі аппараты арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге  қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Алдағы уақытта да халыққа мемлекеттік қызметті көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету  басты назарда болады.

 

«Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

 

2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ҚОСШАҒЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЕСЕБІ
Дата публикации
11 мая 2023