Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5-бабы, 9 тармағына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Ақкиізтоғай ауылдық округі бойынша:
Кабиденов Марат Алимжанович, 1988 жылы туған, Майкөмген ауылдық округінің әкімі, Майкөмген ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған
Тогаев Аскар Сырымович, 1983 жылы туған, Жылыой аудандық №4 ЖБСМ директоры, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Майкөмген ауылдық округі бойынша:
Сауытов Нуржарык Сагиевич, 1971 жылы туған, Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімінің басшысы, Майкөмген ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы