2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Жылыой ауданының Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Жылыой ауданының Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1.  Жылыой ауданы бойынша Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округтері әкімдерінің (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауын тағайындау.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

2023 жылғы 12 сәуірге округ әкімінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап бір ай  ішінде.

(113-1-б. 1т, 1, 3-тармақшасы,2, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы 22 сәуірден кешіктірмей.

(22-б.)

3. Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2023 жылғы               22 сәуірден кешіктірмей.

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.  

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2023 жылғы 27 сәуірден кешіктірмей.

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.         

 

Жылыой ауданының әкімі.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік 2023 жылғы 27 сәуіріне дейінгі мерзімде.

 (23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну.

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен 2023 жылғы 13 сәуірде басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда              2023 жылдың  25 сәуіріне жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады.

 (113-3 б. 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

(4-б., 113-5 б., 11-т.2-тармақшасы.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап.

 (14-б. 8-1 т., 31-б.)

9. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

  Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

  Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан     

  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға  сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып.

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде.

(113-4-б. 8-т.)

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін).

Кандидат тіркелгенге дейін.

(113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну.

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Мемлекеттік кірістер органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

(113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2023 жылғы  30 сәуірде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

(113-5-б. 1,10,14-т.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жылыой  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

Жылыой ауданының әкімдігі және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Үгіт басталғанға дейін.

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2023 жылғы 30 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 18:00 ден кейін басталып, 20 мамырда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін          үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жылыой ауданының әкімдігі және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.                                              

 

Жылыой ауданының әкімі.

2023 жылғы 30 сәуірде дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын.

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

2023 жылғы 5 мамырда  дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

                                                                              (26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету.                                                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2023 жылғы 10 мамырдан  кешіктірмей.

(18-б. 5 т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын   2023 жылғы 17-19 мамыр аралығы.

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2023 жылғы 21 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де.

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

2023 жылғы 21 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары .

2023 жылғы 21 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары.

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу. 

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жеткізу.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін -дереу.

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу.

 

Жылыой  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2023 жылғы           24 мамырдан кешіктірмей.

(113-10-б.)

29. Әкімді сайлау қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

2023 жылғы 26 мамырда сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей.

(44-б.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

сайлау өткізілген күннен бастап 2023 жылғы 26 мамырға дейін жеті күн мерзімде.

Сайланған әкімнен 2023 жылғы 26 мамырға дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін.

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

 

2023 жылғы 21 мамырға тағайындалған Жылыой ауданының Ақкиізтоғай және Майкөмген ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
12 апреля 2023