Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының
көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 мамырдағы қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Аудандық маңызы бар Құлсары қаласындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
- №57 көшеге – Күлара Досмұхамбетова көшесі;
- №41 көшеге – Дәулеталы батыр көшесі;
- №23 көшеге – Халел Ғаббасұлы көшесі;
- №24 көшеге – Бақтыкерей Құлманұлы көшесі;
- №25 көшеге – Базарбай Мәметұлы көшесі;
- №26 көшеге – Уәлитхан Танашев көшесі;
- №27көшеге – Айдархан Тұрлыбайұлы көшесі;
- №28 көшеге – Елдес Омарұлы көшесі;
- Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.