Жылыой ауданы мәслихатының депутаттығына №10 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Т.К.Есеналиевты тіркеудің күшін жою туралы округтік сайлау комиссиясының хабары
2023 жылғы 4 наурыз Құлсары қаласы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан республикасы Конституциялық заңының 104 бабы 6-тармағының 4-ші тармақшасына сәйкес (Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының кандидаттың және оның жұбайының декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерінің дұрыс еместігін анықталуы туралы хаты негізінде) Жылыой ауданы мәслихатының депутаттығына №10 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Есеналиев Талгат Кабиевичты кандидат ретінде тіркеу туралы 2023 жылғы 15 ақпанындағы шешімінің күші жойылсын.
Жылыой ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №10 бірмандатты округтік сайлау комиссиясы