2022 ЖЫЛЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРIН КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2022 ЖЫЛЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРIН КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Жергiлiктi атқарушы органдар ҚР Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi    №983 Қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң реестрiне сәйкес мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетедi. Қызмет көрсету облыстық басқармалар, қалалар мен аудандар, кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер әкiмдiктерi деңгейiнде жүзеге асырылады.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша 29205 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

  1. Қағаз түрінде -36,
  2. Баламалы түрде -283,

3.Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -11317;

  1. Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –17569.

Барынша сұранысқа ие қызмет көрсетулер: «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу»-6239; «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»-5018 қызмет көрсетiлген.

Аудан бойынша 2022 жылы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң жоғары көлемi «Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi» мемлекеттiк мекемелерi арқылы көрсетiлдi.

Жылыой ауданы бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын жақсарту мақсатында 2022 жылы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша iс-шаралар жоспарлары әзiрлендi және бекiтiлдi.

Жылыой ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысының         2021 жылғы 15 желтоқсандағы  №36 н/қ «2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардық сақталуы бойынша бақылау іс-шаралары жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелерге тексеріс жүргізілді.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуде 4 мерзімнен кешіктіру фактісі тіркелді, нақтырақ аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен және Жылыой аудандық полиция бөлімімен, қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

2022 жылы «Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн сақтау» және «Мемлекеттiк қызмет көрсетуге арыздану» өлшемдерi бойынша көрсеткiштердi жақсарту жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi.

Жоспарларға сәйкес 2022 жылы келесi iс-шаралар өткiзiлдi:

2022 жылға арналған мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзудiң кестесiне сәйкес жұмыс тобы ХҚКО-мен бiрлесе отырып, қала, кент және ауылдық округтерде түсiндiру жұмысын жүргiздi және консультативтiк көмек көрсеттi.

Сол сияқты қала, кент және ауылдық округ әкiмi аппараттары мемлекеттiк қызмет көрсетудi жақсарту және ведомствоға бағынышты бөлiмшелердегi iшкi бақылау бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзедi.

Тоқсан сайын аудан әкiмдiгiнiң отырыстарында аудан әкiмiнiң төрағалығымен және бiрiншi басшылардың қатысуымен мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы жөнiнде мәселе қарастырылады.

Аудан әкімі аппаратымен ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру және бірыңғай есепті сапасыз жүргізу фактілерін анықтау мақсатында мемлекеттік органдардың мониторингі жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен дайындалған «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады» атты брошюралар қоғамдық көліктерге ілінді және 700 данасы халыққа таратылды.

2022 жылда  аудандық «Кең Жылой», «Құлсары» газеттерінде 43 мақалалар және 26 хабарландыру жарық көрді, әлеуметтік желі арқылы 92 мақала, 8 мақала интернет ресурсқа, 178 рет бейне роликтер жарияланды. Сонымен қатар, аудандық ХҚКО өз тарапынан аудандық бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы аудан тұрғындарына әр көрсетiлетiн қызмет жөнiнде материалдар жариялап тұрады.

Жылыой ауданының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша 2022 жыл ішінде  арыз шағымдар түскен жоқ.

Жылыой ауданы аумағында ХҚКО-ның 1 бөлiмi жұмыс iстейдi. Сол сияқты бiр ұтқыр топ ұйымдастырылып, олар шалғайда орналасқан бiр ауылдық округте қызмет көрсетедi. Аудан аумағында «Ұтқыр ХҚКО» жұмысын ұйымдастыру үшiн 1 автомашина жұмыс iстейдi.

«Ұтқыр ХҚКО» жұмысын жетiлдiру мақсатында аудан әкiмiнiң өкiмiмен аудан әкiмiнiң орынбасары жауапты болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес қоғаммен тығыз байланысты күшейту мақсатында ағымдағы жыл басынан бері Жылыой ауданы әкімдігімен 4 (төрт) мәрте «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» онлайн режимде әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир Jylyoi Audany Akimdigi (Жылыой ауданы әкімдігінің) Facebook парақшасында өткізілді. Тұрғындар әлеуметтік желіде өткен тікелей эфирге қатысып, сауалдарын қойып, сұрақтарына әр салаға қатысты дербес бөлімдер жауап берді.

2022 жыл басында қала, кент және ауылдық округ әкімдерімен «Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер бойынша жәрмеңкелер өткізу жөніндегі бірлескен іс-шара жоспары» бекітіліп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 13 (он үш) мәрте жәрмеңкесі өткізілді. Аталған жәрмеңкеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсететін дербес бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандары және Жылыой аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қатысты. Жәрмеңкеге қатысқан мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға «электрондық цифрлық қолтаңба» және  электронды  нысанда  мемлекеттік  қызмет  алудың  ерекшеліктері  туралы  түсінік  жұмыстары жүргізілді.

2022 жылдың қазан айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша халыққа кеңес беру мақсатында Жылыой ауданы әкімдігімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Жылыой ауданының бөлімімен бірлесіп «Ашық есік» күні  өткізілді.

Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы, әдеп жөніндегі уәкілімен кент, ауылдық округ әкімі аппараттарына барып, ондағы мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп жиналыс өткізілді. Казақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөнінде, кент, ауылдық округ әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар сол жиналыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша да айтып өтті.

Аудандағы мемлекеттік  қызмет көрсететін  мемлекеттік  органдардың  ғимараттарында қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасалған. Олар ақпараттық  стендтермен, күту орындарымен, пандустармен  жабдықталған, сонымен қатар мүмкіндігі  шектеулі  адамдарға  қызмет  көрсету  жағдайлары  қарастырылған.

Қазақстан   Республикасы   Мемлекеттік   қызмет  істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен  ұсынылған қызмет алушыларды мемлекеттік қызметті алудың процедураларымен ақпараттандыру үшін жасалған инфографика қала, кент, ауылдық округтер әкімі аппараттары және дербес бөлімдердің ғимараттарында ілінді.

Ауданымызда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы ету үшін халыққа қызмет көрсету  ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. Бұрыштар қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының және «Ашық әкімдік» ғимараттарында орналасқан. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау барысында жасалған бұрыштарда интернет желісі орнатылған және арнайы компьютерлік техникалармен қамтылған.

Жергілікті атқарушы органдармен сала бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде портал арқылы алудың тәсілдерін үйрететін бейне роликтерді смартфон арқылы түсіріліп және әлеуметтік желілерде (Фейсбук, Инстаграм, Ватсап) жарияланды.

 «Цифрлық Агент» мобильдік қосымшасы туралы видеоролик мемлекеттік қызмет көрсететін дербес бөлімдерінде, аудан әкімдігінің парақшаларында және кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Facebook, Instargram әлеуметтік желілерінде 72 рет жарияланды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын насихаттау бойынша 67 рет түсіндірме жұмыстары, 12 жиналыс, 7-дөңгелек үстел, 2-«Ашық есік күні», 52-хабарландыру, «Ашық әкімдік» кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдермен 242 мәрте тұрғын қабылдап, жалпы 6944 адам мемлекеттік қызметпен қамтылды. «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдері туралы кент, ауылдық округ тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстары әрі қарай жүргізілуде.

2022 жылы өткізілген 9 (тоғыз) қоғамдық кеңестің отырыстарында мемлекеттік көрсететін қызметтер бойынша дербес бөлімдердің төрт мәрте мәліметтері тындалды.

2022 жылы Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті және ауылдық округерде өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары арқылы барлығы 11940 қызмет көрсетілді. Оның ішінде электрондық санды қолтаңбалар алғандардың саны 4596, электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны 7344.

Газеттердiң беттерiнде e.gov.kz порталы арқылы қызмет көрсетудiң әртүрлi түрлерiн алу мүмкiндiгi туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жариялануда.

Мемлекеттiк органдардың жеке және заңды тұлғаларды қолжетiмдi және сапалы мемлекеттiк қызмет түрлерiмен, соның iшiнде электронды форматта одан әрi қамтамасыз етуi мақсатында: Қала, кент және ауылдық округ әкiмдерiне, дербес бөлiмдерге:

  1. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерi бойынша есеп жүргiзу және статистикалық мәлiметтер жасақтау жөнiнде бөлiмдерге iшкi бақылауды ай сайын жүргiзу;
  2. Қызмет көрсету мерзiмiн бұзған жауапты тұлғаларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тартумен мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетудiң сапасын арттыру мәселесiн ай сайын аппарат мәжiлiстерiнде қарастыру;
  3. Қала, кент және ауылдық округтерге, дербес бөлiмдер көрсететiн мемлекеттiк қызмет көрсетулердi бағалау шеңберiнде ұсынылатын есептi мәлiметтердi жинақтаудың, дәлдiгiнiң, толықтығының сапасы бойынша әдiстемелiк ұсынымдар жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
  4. Қала, кент және ауылдық округ әкiмдерi, дербес бөлiм басшылары мемлекеттiк қызмет көрсету қызметi бойынша тұрғындардың сауаттылығын арттыру мақсатында түсiндiру жұмыстарын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына тоқсан сайын материал шығарылуын қамтамасыз ету ұсынылуда.

 

Аудан әкiмi аппаратының ұйымдастыру және

мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау бөлiмі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2022 ЖЫЛЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРIН КӨРСЕТУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Дата публикации
10 марта 2023