Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Жылыой аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар бірмандаттық аумақтық №4, 7, 13 сайлау округтері бойынша тіркелді:
№4 сайлау округі
Кулбаев Бекет Багитжанович, 1991 жылы туған, жеке кәсіпкер, Құлсары қаласының тұрғыны.
№7 сайлау округі
Мамбетова Сауле Турдыгалиевна, 1968 жылы туған, Жылыой аудандық орталық аурухана, перзентхана бөлімінің меңгерушісі, Құлсары қаласының тұрғыны.
№13 сайлау округі
Мыңбаев Қанат Қалдығұлұлы, 1982 жылы туған, Жылыой ауданы Ақкиізтоғай округінің әкімі, Құлсары қаласының тұрғыны.
Утегенов Ануарбек Жумабергенович, 1983 жылы туған, АҚ «КазТрансОйл», экономист, Құлсары қаласының тұрғыны.
Тиісті округтік сайлау комиссиялары