Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5-бабы, 9 тармағына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті әкімдігіне кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Құлсары қаласы бойынша Адинов Қадыржан Аманкелдіұлы 1991 жылы туған, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, Құлсары қаласы, тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Жаңа Қаратон кенті бойынша, Баймуратов Сансызбай Кенесович, 1979 жылы туған, Жаңа Қаратон кенті әкімі, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы