Жылыой ауданы Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

Жылыой ауданы Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

2023 жылғы 22 қаңтарда Жылыой ауданы Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті әкімдерінің сайлауы өтті.

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық   Заңының   14   бабы   9   тармақшасы,    44  бабының  2  тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Жылыой  ауданы  Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті әкімдерінің сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлау нәтижелерін белгіледі:

Құлсары қаласы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 37771 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 17928. Жарамсыз бюллетеньдер саны 422, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  527.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Адинов Қ.А. - 12094

Әбіләкім Ә.Т. - 1628

Қабиденов М.А. - 3257

Құлсары қаласының  әкімі болып Адинов Кадиржан Аманкелдиевич, 1991 жылы туған, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, Құлсары қаласы тұрғыны, «AMANAT»  партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.

Жаңа Қаратон кенті сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3 975 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 2 833. Жарамсыз бюллетеньдер саны 13, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  12.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Баймұратов С.К. -  2 012

Сауытов Н.С. -  796

Жаңа Қаратон кенті әкімі болып Баймуратов Сансызбай Кенесович, 1979 жылы туған, Жаңа Қаратон кенті әкімі, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті тұрғыны, «AMANAT»  партиясынан ұсынылған кандидат сайланды.

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Жылыой ауданы Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
24 января 2023