Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кентінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11 бабының, 1 тармағына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жылыой ауданы Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті әкімдерін тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Құлсары қаласы әкімі болып Адинов Қадыржан Аманкелдіұлы, 1991 жылы туған, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, Құлсары қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі тіркелді.
Жаңа Қаратон кенті әкімі болып Баймұратов Сансызбай Кеңесұлы, 1979 жылы туған, Жаңа Қаратон кенті әкімі, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кенті тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі тіркелді.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы