Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5-бабы, 9 тармағына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жылыой ауданы Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті әкімдіктеріне кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Құлсары қаласы бойынша:
Адинов Кадиржан Аманкелдиевич, 1991 жылы туған, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы әкімінің міндетін атқарушы, Құлсары қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
Әбіләкім Әуез Талғатұлы, 1989 жылы туған, «БатысТехИнвест» ЖШС-нің директоры, Құлсары қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Кабиденов Марат Алимжанович, 1988 жылы туған, Жылыой ауданы, Майкөмген ауылдық округінің әкімі, Майкөмген ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Жаңа Қаратон кенті бойынша:
Баймуратов Сансызбай Кенесович, 1979 жылы туған, Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон кентінің әкімі, Жаңа Қаратон кентінің тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
Сауытов Нуржарык Сагиевич, 1971 жылы туған, Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы, Майкөмген ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы