Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабының 1 тармағы 1,2 тармақшалары, 2 және 3 тармақтарын басшылыққа ала отырып, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 желтоқсанындағы  қаулысы негізінде, Жылыой ауданы Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті әкімдерінің сайлауы 2023 жылдың 22 қаңтарына тағайындалды.Осыған орай, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкіміне ұсынылған кандидаттар  жөнінде хабарлайды:

  • Баймуратов Сансызбай Кенесович, 1979 жылы туған, Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкім аппараты, Жаңа Қаратон кенті әкімі, Жаңа Қаратон кенті тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясымен ұсынған
  • Сапарбеков Беркін Нұрсайынұлы, 1992 жылы туған, Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкім аппараты, Жаңа Қаратон кенті әкімінің орынбасары, Құлсары қаласы тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну.
  • Сауытов Нуржарык Сагиевич, 1971 жылы туған, Жылыой ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы, Майкөмген ауылдық округінің тұрғыны. «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсыну

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ
Дата публикации
06 января 2023