Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабының 1 тармағы 1,2 тармақшалары, 2 және 3 тармақтарын басшылыққа ала отырып, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 желтоқсанындағы  қаулысы негізінде, Жылыой ауданы Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон кенті әкімдерінің сайлауы 2023 жылдың 22 қаңтарына тағайындалды. Осыған орай, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкіміне ұсынылған кандидаттар  жөнінде хабарлайды:

  • Адинов Кадиржан Аманкелдиевич, 1991 жылы туған, Жылыой ауданы  Құлсары қаласы әкімінің міндетін атқарушы,   Құлсары қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясымен ұсынған.
  • Әбіләкім Әуез Талғатұлы, 1989 жылы туған, «БатысТехИнвест» ЖШС-ның директоры, Құлсары қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
  • Кабиденов Марат Алимжанович, 1988 жылы туған, Жылыой ауданы Майкөмген ауылдық округі әкім аппараты, Майкөмген ауылдық округі әкімі, Майкөмген ауылдық округінің тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі; өзін-өзі ұсынған

  Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ
Дата публикации
06 января 2023