Жылыой аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №5 «Жылыой аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жылыой аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бір мандатық аумақтық сайлау округтерінде 15 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
3.Жылыой аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін осы қаулы Жылыой аудандық мәслихатына жіберілсін.
4.Осы қаулы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
5.Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жылыой аудандық аумақтық сайлаукомиссиясының төрағасы З.Т.Калмуханова
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Г.К.Станова
2022 жылғы 29 желтоқсан
№6