Хабарландыру Қосшағыл ауылдық округі бойынша медиатор сайлау туралы

Хабарландыру

Қосшағыл ауылдық округі бойынша медиатор  сайлау туралы

Қазақстан  Республикасының  «Медиация    туралы»  Заңына  сәйкес

қоғамдық медиатор болуға қойылатын талаптар: Жоғары білімі бар, жиырма беске толған, ҚР Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткенін растайтын құжаты(сертификаты) бар, кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар медиатор бола алады.

Қосшағыл  ауылдық округі бойынша қоғамдық медиаторды сайлауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер қоғамдық медиаторды сайлау туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні мерзімде Қосшағыл ауылы Абылайхан көшесі №12а мекен-жайы бойынша ауылдық округі әкімінің аппаратына қолма-қол немесе koschagil_so@mail.ru электронды пошта арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш (бұдан әрі – өтініш);

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

3) заңды мекенжайы туралы мәлімет;

4) байланыс деректері (пошта немесе электрондық мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі);

5) медиатордың маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер;

6) медиатордың медиацияны жүзеге асыра алатын тілі туралы мәліметтер;

7) үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардан және психоневрологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалар;

8) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 11.07.2022-22.07.2022 жж

Хабарландыру Қосшағыл ауылдық округі бойынша медиатор сайлау туралы
Дата публикации
08 июля 2022