ҚҰРМЕТТІ ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
2022 жылғы 11 шілде күні сағат 15.00-де Құлсары қаласында «Кең Жылыой» мәдениет үйінде аудан әкімі Ж.Қаражановтың Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесуі және жеке қабылдауы өтетінін хабарлаймыз!
Кездесу Facebook (Құлсары қаласы әкімі аппараты) және Instagram (qulsary_qalasy_akimdigi) әлеуметтік желілердегі парақшаларда тікелей арқылы көрсетіледі.
Сонымен қатар, тұрғындардың аудан әкіміне қоятын сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін жинақтау үшін «Беркад», «Ақтан», «Лидер», «Технодом» сауда үйлері, Теміржол вокзалы және Жылыой ауданы әкімі аппараты ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.