Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы

Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы

««Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1)  тармақшасына, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының  2022  жылғы 11 наурыздағы қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ  және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»

  1. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
  • жобалық атауы №55 көшеге – Отар Рахимов есімі;
  • жобалық атауы №61 көшеге – Әлен Бисенқұлов есімі;
  • жобалық атауы №60 көшеге – Смадияр Шахаров есімі;
  • жобалық атауы №242 көшеге – Жұмалы Кенжин есімі;
  • жобалық атауы №123 көшеге – Дүйсенғали Жұмалиев есімі;
  • жобалық атауы №101 көшеге – Ермекбай Сабиров есімі;
  • жобалық атауы №33 көшеге – Қарағұл Құрманов есімі;
  • жобалық атауы №163 көшеге – Идеят Изимов есімі;
  • жобалық атауы №229 көшеге – Жәңкей Сисенбердиев есімі;
  • жобалық атауы №161 көшеге – Құбаш Ермишев есімі;
  • жобалық атауы №151 көшеге – Хамидолла Хабдешев есімі.
  1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары (Ә.Шәкіровке) және Жылыой аудандық мәслихатының экология, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Майлыбаевқа ) жүктелсін.
  2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы
Дата публикации
06 апреля 2022